Таза бұлақ. Ы.Алтынсарин

Сабақтың тақырыбы: Таза бұлақ. Ы.Алтынсарин
Мақсаты: а) Ы.Алтынсарин туралы толық мағлұмат бере отырып, оның шығармасымен таныстыру. Көл, оның бейнесі жөнінде әңгімелеу.

б) Оқушылардың тіл байлығын дамыту, өзіндік ой-пікірін аша білуге үйрету;

в) Әдептілікке, адамгершілікке, халықтық педагогикамен байланыстыра отырып, шығармашылыққа   тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер: Мәтіннің тақырыбы мен тдеясын ашуға жағдай туғызу. Топпен жұмыс істей білуге дағдыландыру. Оқушыларды ептілікке, шапшаң ойлауға, көркем сөйлеуге дағдыландыру. Табиғатты аялауға, қорғауға үйрету.
Сабақтың түрі, әдіс- тәсілдері: көрнекілік,  түсіндірмелі-иллюстративті, ішінара зерттеу.
Тапсырмалар: Мәртебесі жоғары сұрақтар дайындау.
Керекті жабдықтар: компьютер, оқулық, қосымша материалдар.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдер Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру бөлімі Хормен айту (психологиялық дайындық)

Табиғатым тамаша,                           Көз тоймайды қараса.              Табиғатты аялап,                    Жүрейікші жараса.

Шаттық шеңберін құрып топқа бөлу:

-Табиғат тіршілігін мекен ететіңдер не?

топ басшысын орындыққа алдын-ала жабыстырып қойған стикер арқылы таңдайды, бағалау парақтары таратылады.

Амандасады, танысады, кезекшілік міндеттерін атқарады, назарларын аударады. Сабаққа дайындалады.

 

 

1-жануарлар

2-құстар

3-өсімдіктер

4-балықтар

 

Үй тапсырмасын тексеру «Самал» мысалын сахналап беру. Әр топтан мысал кейіпкерін шығару:Автор, самал, сәуле, шық. Оқушылар самал мысалын сахналап береді.
Өткенді қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық Қызығушылығын ояту:

Мына жұмбақтың шешуін табайық

Бірде былдыр-былдыр,

Сәбилердің тіліндей.

Бірде сыңғыр-сыңғыр,

Қоңыраудың үніндей,

Ән сап жатқан ерінбей.

Бұл не?

Бұлақ дегеніміз не?

Үнтаспадан бұлақтың сылдыраған даусын тыңдату.

-Ненің даусы естілді?

-Бұлақтың суы қандай деп ойлайсыңдар?

 

Оқушылар берілген жұмбақтардың жауабын табады.

(бұлақ)

 

 

Берілген сұрақтарға жауап береді.

Жаңа материалды меңгерту

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс:

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздік жұмыс

 

 

 

 

Сергіту сәті:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс.

 

 

 

 

 

 

Бүгінгі күннің жадын дәптерімізге жазайық.

Он алтыншы ақпан

Ы.Алтынсариннің

 «Таза бұлақ»

«Топтастыру» әдісі бойынша топтық жұмыс, жұмыс.

-Ыбырай Алтынсарин кім? Топ ішінен ортаға салып оқып шығады.

Әр топқа хатқалта беріледі. «Араласып кеткен оқиғалар» әдісі бойынша мәтінмен таныстыру. Мәтін абзац бойынша төрт бөлікке бөлінген. Топ ішінде оқып, дұрыс орналастырады.

-Үш жолаушының қайсысының пікірі дұрыс деп ойлайсың?

-Қолдарыңдағы мәтін бөліктерін реттеу кезінде неге бөліктерді осылай орналастырдыңдар? Мәтін бөліктерін тізбектеп оқыту (оқу жылдамыдығын пысықтау). Әңгімелеу.

 

Ғибрат алу-үлгі алу (мәтіннен тауып оқу)

Тасқа жазылған сөзді тауып көшіріп жазу.

-Ей, жолаушы, болсаң, осы таза бұлақтай бол!

Шығармашылық жұмыс:

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Халыққа жолдаған «Қазақстан – 2030» жолдауы болашағымыздың бағдары. Жолдаудың сегіз бағытының бірі экологияға арналып отыр. Қоршаған ортаны ластауға, бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінген.

1 топ – «Сусыз тіршілік жоқ» шағын шығарма жазу.

2 топ – Суға байланысты тыйым сөздер білесіңдер

3 топ – Бұлақтың қасындағы тастың суретін салу

4 топ – Балықтар атынан сөйлеу «құтқарыңдар біз азайып барамыз!»

Ой толғаныс:

5 жол өлең стратегиясымен оқушылар қорытындылайды.

1 Зат есім-1 Бұлақ

2 Сын есім-2 таза, мөлдір

3 Етістік-3 сылдырлайды, ағады, ішеді

4 Сезімге байланысты 4 сөз Үш жолаушы бұлақта кездесті.

5 Синоним Су

Рефлексия:

-Сабақ ұнады ма?

-Стикерге бүгінгі сабақ бойынша ойларыңды жазып, іліндер.

Оқушылар дәптерге күннің жадын, тақырыпты жазады.

Он алтыншы ақпан

Ы.Алтынсариннің

«Таза бұлақ»

Оқушылар тақтаға ілінген      Ы. Алтынсариннің портретіне назар аударып жаңа сабақты меңгереді.

 

 

Оқушылар ақын туралы шағын мәліметпен танысады.

 

 

 

Ақынның өмірбаяның қысқаша жазып алады.

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының — белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды. Ақынның шығармалары көп мыс: Сәтемір хан,Таза бұлақ,Талаптың пайдасы,Тышқанның өсиеті,Түлкі мен ешкі,Тәкәпәршілік,Шеше мен бала,Қанағат т.б.

Үйге тапсырма.

Бағалау.

44-45 бет оқу, Әңгіменің жалғасын жазып келу.Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау. Оқушылар Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.Күнделікке баға қойғызады, марапатталады. Сабақ қорытындыланады.