М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Пән: Әдебиеттік оқу.

Тақырыбы: М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Мақсаты:

М.Әуезов туралы мағлұмат беру, «Көксерек» әңгімесінің мазмұнын меңгерту, оқушыларды сын тұрғысынан ойлап, талқылауға үйрету, өз- өздерін бағалауға және өз ойларын тұжырымдауға баулу;

 

Күтілетін нәтиже:

  • М.Әуезов туралы біледі.
  • «Көксерек» әңгімесін мазмұнын аша біледі.
  • Тақырып бойынша талдау жасай біледі.
  • Өз ойларын ашық айта біледі.

 

Түрі: Жұптық жұмыс.

 

Әдісі: Венн диограммасы, қызығушылығын ояту, сұрақ жауап, «Кубизм» әдісі.

Тапсырмалар:«Сәттілік шеңбер»,Симантикалық кесте,кесте толтыру,«Бес жолды өлең»,Кубизм әдісі,ВЕНН диограмма

Көрнекілігі: М.Әуезов  портреті, «Көксерек» фильмінен үзінді, интерактивті тақта, карточкалар.

Барысы:

 

Сабақ кезеңдеріМұғалім әрекетіОқушы әрекеті 
І.Кіріспе.

Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.

«Сәттілік шеңберін құру»

— Балалар, шеңбер болып тұрып, мына әдемі гүл шоғын бір- бірлерімізге жақсы тілек тілеп берейік.

— бүгінгі сабақтарыңыз сәтті өтсін;

— сабақта 5 деген баға ал;

— жақылық тілеймін;

— денсаулық тілеймін;

— Әдепті бала бол; т.б.

 
Үй тапсырмасын тексеру«Болашақ сақшы» өлеңін мәнерлеп оқу.

-Өлеңде кім туралы айтылған?

— Өлеңде жас ұланның мақсаты, арманы қандай?

 

 

-Еліміз қандай мемлекеттермен көршілес?

 

 

 

—         жас ұлан

—         Елімізді қорғау;

—         Халқытың амандығы;

—         Табиғатты қорғау;

—         Ресей,Қытай,Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан

 
Тұсаукесер

Қызығушылығын ояту

·        Бүгінгі сабқта жұппен жұмасытанасыңдар.

·        Семантикалық кесте толтыру.

·        Жабайы аңдардың балаларын тауып,белгі қой.

 

 

 

 
Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

·        Күннің жадын жаздыру.

·        Сабақтың тақырыбын, мақсатын, нәтижесін айту.

·        Бағалау кретирийлермен таныстыру

—         Мәнерлі, дұрыс оқуы

—         Сұраққа толық жауап беру

—         Берілген тапсырмалардың нәтижелігі

—         Мәтіннің мазмұнын ашу

—         Сабаққа белсенділігі

—         Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға мынадай фишкалар беріп отырамын.

(Сабақтың соңында фишкалар бойынша  бағалаймын)

  
Оқулықпен жұмыс—         Мұхтар Әуезов туралы 137 бетті оқып, мына анықтама кестені жеке толтырасыңдар.

Мадақтау, ынталандыру, дұрыс орындаған оқушыға фишка беру)

 

 

 

 
Мәтінмен жұмыс—         Балалар, М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесін өз беттерінізбен 3 минут уақыт ішінде оқып шығасыңдар.

«Көсерек» фильмінен жарнама көрсету.

—         Фильммен мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығы бар ма?

 

 

 

 

— айырмашылығы фильмде басынан бастап аяғына дейін қысқаша көрсетілді, ал мәтінде үзінді ғана берілген.

 
Сөзік жұмысҚырыс- қырсық мінезді.

Тағы- жабайы

  
Кубизм әдісі·        Кубизм әдісі бойынша жұмыстанамыз.

1. Салыстырыңыз.

Дала қасқыры мен Көксеректі

 

 

2. Суреттеп беріңіз.

Көксерекке сипаттама

3. Елестетіңіз.

Егер адамдар қасқыр апанын бұзып, бөлтіріктерді өлтіріп, Көксеректі алып кетпегенде, оқиға әрі қарай дамуы мүмкін еді? Көз алдыңызға елестетіңіз.

 

4. Қолданыңыз.

Көксерек сөзін қолданып «бес жолды өлең» құраңыз

Не?   ————-

Қандай? ———,———-

Не істеді? ———, ————

Сөйлем: ———-

Мәндес сөз: —

 

5. Талдаңыз

Көксеректің қатігездігін қай тұстан байқадыңдар?

 

Дала қасқыры емін-еркін өмір сүреді, азығын өзі табады, малға шабады. Көксерек 2 мезгіл асын ішеді, әрдайым Құрмаштың қасында, ауыл иттері оған өш.

Сұр, иттей шамалас, кекшіл, төзімді, жыртқыш, ашқарақ, арам.

 

Егер адамдар бөлтіріктің барлығын қырып жойғанда Құрмаш және отбасы бұндай қайғылы оқиаға тапболмас еді. Көршілерімен ұрпас еді. Ауыл балаларымен Құрмаш бөлімбес еді.

 

 

 

Көксерек

Сұр, төзімді

Ұлыды, шапты, тістеді

Көксерек малға шапты.

Қасқыр (Көкжал)

соңғы бөлімінен.

Жота жүні үрпиіп, көздері жалындап, бар тісін көрсетіп, аузын аңқитып ашып жіберіп тап бергенде талай бұралғы төбет, быжыл қаншық қыңсылай, шәуілдей қашатын болды. Мұндай кезде Құрмаштың өзі де қорқақтай барып, қой- қойлайты еді.

 

 
Сергіту сәті«Айна»

Жәй музыка қосылады. Балалар бір- бірлеріне қарап тұрады. Біріншісі мектепке әзірленеді. Шашын тарайды, киімін түзетеді, артына қарайды, жанана тұрады, бетін уқалайды, Орындыққа отырады. Ал қарама- қарсы тұрға оқушы оның істегені қайталайды.

  
 Венн диограммасы арқылы  жұптасып толтырасыңыз. Әуелі жеке қасиеттерін жазады, ал ортасына ортақ қасиеттерін жазасыңдар.

Адам

Қасқыр

 

 

 

 

 

 

 

 

Венн диограммасы арқылы  жұптасып толтырасыңыз. Әуелі жеке қасиеттерін жазады, ал ортасына ортақ қасиеттерін жазасыңдар.

Адам

Қасқыр

 

 

 

 

 

Сөйлейді,

еңбектенеді,

ойлайды,

оқиды,

түсінеді,

қоректенеді,

сезім мүшелері

 дамыған

Қорытынды—         Фильмді көргенде  қандай әсер алыңыз?

—         Көксерек туралы ауыл адамдарының пікірі не болды?

—         Ауыл иттерінің үйренбеуінің себебі неде?

 

—         Ауылға келген күшіктің жағдайы не болды?

 

 

—         Әңгімеден қандай ой түйдің?

 

—         аянышты әсерде болдым.

—         Кәпір, қырыс, тағы емес пе! Кеудесін бермейді, қорықпайды.

—         Ол қасқырдың баласы болғандықтан ауылдың иттері оған өш болды.

—         Кішкентай күшік кезінде оған Ұүрмаш жқсы қарады. Өскенде ол тамақтары ұрлап жеді. Оны ұра бастады.

—         Қасқырды қанша бақсаң далаға қарайды деген мақал бар емес пе? Қасқырды қолға ұстауға болмайды.

 
Бағалау—         Балалар барлығымыз тақтаға қараймыз.

—         Мынау бағалау шкаласы, айтылған критерийлер бойынша фишка жинаған оқушылар бағаланады.

 Өз- өздерін фишка жинау арқылы бағалап отырады. 
Үйге тапсырма—         Оқулықтың 137-140 беттерін оқу, мазмұндау  
Сабақтың өзіндік талдауыКіріспе.

Сабақты «Сәттілік шеңберін құру» психологиялық дайындықтан бастадым. Оқушылар барлығы дөңгелек болып тұрып, бір- бірлеріне  жақсы тілектер тіледі. Сәттілік шеңбер сәтті өтті.

Үй тапсырмасын «Болашақ сақшы» атты өлеңін мәнерлеп оқуларын тексердім. Сұрақтар қою арқылы үй жұмысын бекітіп алдым. Оқушылар сұрақтарға толық жауап берді. Үй тапсырмасының мақсаты орындалды.

Тұсаукесер

Бұл сабақта жұппен жұмыстанатындарын айттым.  Әр оқушыға жеке семантикалық карточкалар үлестіріп бердім. Бұнда жабайы аңдардың балалары

вн тауып белгілеу керек болатын. Айтылған уақыт ішінде толтырып берді. Барлығымыз дұрыстығын, бұрыстығын тексердік. Оқушылар барлығы белсенді қатысты.

Негізгі бөлім.

Күннің жазын жаздырдым. Сабақтың тақарыбын, мақсатын, нәтижесін айттым. Бағалау критерийлерімен таныстырдым. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға фишка берілетіндігі туралы айттым.

Оқулықпен жұмыс кезінде автор туралы өздеріне оқулықтан оқып, таблица толтыру тапсырмасын бердім. Осы кезде оқушыларға ынталандыру әдісін, дұрыс орындаған оқушыларға фишка беріп жүрдім.

Мәтінмен жұмыс кезінде оқушылар 3 минут ішінде «Көксерек» мәтінін оқып шықты. Осы  мәтінге қосымша интерактивті тақтаны пайдаланып «Көксерек» фильмінен үзінді көрсеттім. Осы тұста мәтін мен фильмнің айырмашылығы мен ұқсастықтарын сұрады. Осы бөлімде Сын тұрғысының «Кубизм» әдісін пайдаландым. Бұл әдісті бірінші рет қолданған соң үлкен қорқыныш болды.  Бұл тапсырмада бес тапсырманы орындадық.

Оқушылар барлығы белсенді қатысты. Қолдану кезінде бес жолды өлең құрастырды.

«Кубизм» әдісін толық белмесем де, сабаққа қолдандым. Сол кезде алты тапсырмасын оқшылар толық жауап берді. Уақытты ұтымды пайдаланды.

Жұппен  жұмыстану арқылы ВЕНН диаграммасын толтырды. Бұнда адам мен қасқырдың ұқсастықтар мен айырмашылығын белгіледі.

Қорытынды

Блум таксаномиясы арқылы сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындыладым. Осы бөлімде білу, түсіну, қолдану сұрақтарына деңгейлері орташа және төмен оқушылар жауап берді. Ал, талдау,жинақтау,бағалау кезеңіндегі сұрақтарға қабілеті жоғары оқушылар толық жауап берді. Өйткені, оқушылардың деңгеіне берілген сұрақтар болатын.

Бағалау

Әр оқушылардың алдындағы фишкаларды санау арқылы бағалау шкаласын пайдаланып өз- өздерін бағалады. Бағалау бөлімі сәтті өтті деуге болады. Өйткені, оқушылар өз- өздерін фишка арқылы шынайы бағалады.

 
Тәжірибелік сабақты бағалауБұл сабағым жоспарлаған түрде өтті. Мақсатына жеттім.  Сабақта білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау, білім берудегі басқару мен көшбасшылық, білім беруде ақпатараттық- камуникативті технологияларды пайдалану атты модульдердің кейбір элементтерін сабағымда пайдаландым. Сыни ойлауын дамытудағы  «Кубизм» әдіс-тәсілін пайдаланғаным сәтті өтті.

 

 
Сабақ бойынша өзгертулер«Кубизм» әдісін болашақта қолданатын боламын. Қатыспай отырған оқушыларды сөйлетуім керек.  Уақытты есептеуді қадағалайтын боламын.