Қарапайым тіліктерді орындау және белгілеу

Тақырыбы: “Қарапайым тіліктерді орындау және белгілеу”

Мақсаты а/ білімділігі: оқушыларға тіліктер жөнінде мағлұмат бере отырып, сызу пәніне деген қызығушылықтарын арттыру;

б/ дамытушылығы: балаларды жыңы тақырып арқылы  ой-өрісін, білімін дамыту;

в/ тәрбиелігі: сызба мәдениеттілігіне, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже: оқушылар тіліктер туралы мағлұмат алып, жаттығулар арқылы тетікбөлшектің тілігін орындай алады

Түрі: жаңа ақпараттық технологияны пайдалану

Әдісі:  баяндау, сұрақ-жауап, тест

Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, оқулық, сызбаға қажетті құралдар.

                                    Сабақтың барысы

       І. Сынып оқушыларын ұйымдастыру

ІІ. Жаңа тақырып түсіндіру:  компьютермен слайдта суреттер көрсетіледі.

1-слайд:  1 және 2 фигуралардың айрмашылығы қандай? 1 – қиюшы жазықтыққа түскен фигура — қима фигурасы, 2 – қима фигурасы және оның ар жағындағылар көрсетілген. Бұл тілік деген кескін.

 2-слайд:Тілік – бұл затты  /тетікбөлшекті/  бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан кескін.

Тілікте қима фигурасын және оның ар жағындағы жатқан дененің кескінін толық көрсетеді. Тілік кескіні неге керек? Нәрсенің ішкі көрінбейтін беттерін сызбада үзілмелі сызықпен жүргіземіз. Бірақ мұндай үзілмелі сызықтар сызбаны оқуды қиындатып жібереді. Сондықтан қимамен қатар тілік деп аталатын кескін қолданамыз.

 3-слайд:Тілікті орындау негіздері

Тетікбөлшектің ішкі тұрпатын анықтау үшін қиюшы жазықтықпен қиып алдыңғы жағын ойша алып тастаймыз.

4-слайд: Өзіңіз көріп тұрғандай тетікбөлшектің ішкі көрінісін анықталады.

5-слайд: Тетікбөлшектің алдыңғы және үстіңгі көрінісі және алдыңғы көріністе тілік орналасқан. Тетікбөлшектің тұтас жерлері сызықталған.

6-слайд: Тіліктер қандай болады? Тіліктер қарапайым және күрделі болады, қарапайым —фронталь, горизонталь және профиль тіліктер. Бүгінгі сабақта қарапайым тіліктерді сызып үйренеміз.

7-слайд:Суретте көріп тұрғандай, қиюшы жазықтықтар проекция жазықтарына параллель орналасқан – фронталь, горизонталь және профиль.

8-слайд:Тетікбөлшектің тіліктерін орындау тәсілін қарастырайық.

9-слайд:Қиюшы жазықтықтыфронталь жазықтыққа параллель орналастырып ойша қиғандағы көрініс.

10-слайд:Қиюшы жазықтықтыпрофиль жазықтыққа параллель орналастырып ойша қиғандағы көрініс.

11-слайд: Қиюшы жазықтықтыгоризонталь жазықтыққа параллель орналастырып ойша қиғандағы көрініс.

12-слайд:Бекіту мақсатында оқушыларға тетікбөлшектің фронталь, горизонталь, профиль тіліктерін орындау тапсырмасы беріледі. Сызғаннан кейін дұрысы тақтада көрсетіледі.

13-слайд:        Тіліктер орындау ережелері

  1. Көріністегі көрінбейтін үзілмелі сызықтар тілікте көрінетін болғасын тұтас жуан сызықпен бастыра жүргізіледі.
  2. Алдыңғы жақтағы кейбір элементтер, сызықтар алдыңғы алып тастаған жағымен кеткендіктен тілікте сызылмайды.
  3. Тілік негізінде көріністе орналасады.
  4. Тетікбөлшектің /детальдің/ қиюшы жазықтықта жатқан бөлігі ғана сызықталады.

14-слайд:Тіліктер қандай болады?

Қиюшы жазықтық проекциялардың фронталь жазықтығына параллель болғандағы вертикаль тілікті фронталь тілік деп атайды.

15-слайд:  Қиюшы жазықтық проекциялардың горизонталь жазықтығына параллель болғандағы  жағдайда  горизонталь тілік деп атайды.

16-слайд:  Қиюшы жазықтық проекциялардың профиль жазықтығына параллель болғандағы вертикаль тілікті профиль тілік деп атайды.       

17-слайд: 1- суретте беріктік үшін жасалған екі қанатшасы бар тетікбөлшектің екі көрінісі берілген,  2-суретте тілік орындалған, тілікте не жетіспейді? Екі қанатшалары сызықталмаған. Қиюшы жазықтық осындай жұқа қабырғаны тілгенде қанатша кесілгенмен шартты түрде сызықталмайды.

                1-сурет                          2-сурет

18-слайд: Сұрақ: Мына сызбаларға қарап жауап беріңіз, ереже бойынша қай суретте қандай тілік орындау керек?  Жауабы: 1 суретте-фронталь тілік, 2 суретте – профиль тілік, 3 суретте- горизонталь тілік, өйткені осы көріністерде үзілмелі сызықтар тұтас жуан сызықтармен ауыстырылған.

1-сурет     2-сурет    3-сурет

19-слайд: Тілікті орналастыру ережесі бойынша, мына сызбаға қарап, қатесін табыңдар.

Жауабы: Фронталь тілік.

ІҮ. Өзіндік жұмыс.20-слайд:Тетікбөлшектің екі көрінісін және фронталь тілік орындау.

Ү. Бағалау.

ҮІ. Үй жұмысы. 33-бет, 4.39 /ә/-сурет. Ұтымды  тіліктерді орындау.