Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздері

Сабақтың  тақырыбы:   Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  Рәміздері

Сабақтың  мақсаты: Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер – рәміздерімен

жан – жақты таныстыру.

Сабақтың  тәрбиелік  мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды

екенін, оны ерекеше құрметпен, мақтан тұту керектігін,

оларды жасаған авторлардың халық үшін көп еңбек

сіңіргенін ашып көрсету.

Сабақтың  дамытушылығы:  Оқушылардың бастауыш сыныптарда алған білімдеріне

сүйене отырып, олардың осы мәселе жөніндегі білімдерін

естеріне қайта түсіру, одан әрі дамыту бағытында түрлі

сұрақтар қою.

Көрнекілігі:  Елтанба, Ту, Әнұран. Қазақстан Республикасының картасы.

Баяндау  жоспары:  а) Мемлекеттік беогілер, Рәміздер.

ә) Мемлекеттік  Елтаңба.

б) Мемлекеттік Ту.

в) Мемлекеттік Әнұран.

а) Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел, мемлекет екенін білдіретін ең басты үш белгісі бар. Олар: Елтаңба, Ту, Әнұран. Өз еліне ған тән бұндай белгілері жоқ мемлекет дербес, тәуелсіз бола алмайды. Елтаңбаның мөрге бедерлеп түсірілген бейнесі мемлекет, үкімет атынан қабылданған ресми құжатқа басылады. Ту Президент Сарайы мен Үкімет орналасқан  үйден бастап, барлық мемлекеттік  мекемелерде ілулі, тұрады. Мектептердің бәрінде мемлекеттік ту бар. Шет елдердегі Қазақстанның  елшіліктерінде Республикамыздың мемлекеттік туы  желбірейді. Бұл кез – келген шет ел азаматына Қазақстан елшілігіне келгендігін білдіреді.

Мемлекеттік әнұранның маңызды да зор. Республикалық, мемлекетаралық ірі бас қосулар мен халықаралық спорт жарыстары ашыларда міндетті түрде қатысушы елдердің әнұраны орындалады. Әнұран сөздері мен әні айтушыны жігерлендіріп, өз Отанына деген мақтанышқа бөлейді. Осы мемлекеттік белгілер Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жарияланысымен  1992 жылы қабылданды. Мемлекеттік белгілерді дайындауға, талқылауға мыңдаған адам қатынасты. Мемлекеттік белгілерге бәйге жарияланып, озып шыққандарға Мемлекеттік Сыйлықтар берілді. Мемлекеттік Елтаңбаға 245 жұмыс түскен екен. Бәйге комиссиясының шешімі бойынша Жандарбек Мәлібекұлы жасаған Елтаңба бірінші орын алды.

ә) Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта «Шаңырағың  биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек – сөз бар. Елтаңба авторы Ж.Мәлібекұлы мен Ш.Ы.Уалихан осы сөздерді басшылыққа алған.

Елтаңбаның  екі жағында қанатты пырақ бейнеленген, жылқы малы жүйрік ат қазақта ерекше бағаланған. Тіпті оның шаруашылықты дамытуда, бостандық жолындағы күресте де маңызы болған. Пырақ – мал шаруашылығының басым болғанын аңғартатын жиынтық бейне. Біздің бейбітшіл Отанымызды қорғау, оның іргесінің берік болуы ойластырылған. Осы мақсатта жеті буыннан тұратын мүйіз таңдалған. Жеті буын бір жағынан іргесі бүтін елдікті, ата дәстүрін қастерлеуі аңғартады. Жалпы, қазақ мүйізді қастерлеген, пырақтың қанаты бір қарағанда бидайдың еске салады. Жоғарыда, дәл ортада бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Қазақтың сан ғасырлық тарихында жұлдыздың маңызы болған. Ел жұлдызды қастерлеп, мақал – мәтелдерде көп айтылған.

б) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы Алматылық Шәкен Оңалсынұлы Ниязбеков. Тудың түсіне келсек, бүкіл дүние көк жүзі, аспан әлемі ортақ жер щары ұлттарға, мемлекеттерге және басқаларға бөлінгенмен, жоғарыдан айқара ашылған аспан ешқашан бөлінбеген, бөлінбейді де. Ал күнге келетін болсақ, ол да баршаға ортақ.Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік аталуыға ортақ.

Қазақ  халқы ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын дегені.

Тудағы қазақтың  ою – өрнегін байқаймыз. Бұл Тудың ерекшелігін – қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді. Туға қыран, көк жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі, аспанда қияға қанат қаққан Қыран – тыныштықтың, баянды өмірдің белгісі, ал ою – өрнек тудың қай елдікті екенін аңғартады.

в) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны – Елұраны, бәйгіге түскен көп өлеңнің ішінен белгілі ақындар Ж.Нәжмиденов пен Н.Назарбаев, музыкасын жазған Ш.Қалдаяқов. Екі шумақ өлеңде қазақ халқының талай қиындықты бастан кешіргенін, осы жолда ерлікпен, намысшылдықпен күресіп, тәуелсіздігін сақтап қалғаны айтылды. Қазақ даласының кеңдігі, халқының дархандығы, татулық пен достықты ұран еткені, келешектегі бақытты өмірге сенетіндігі айтылып тұр

Мемлекеттік белгілерді, нышандарды құрметтеу әрбір қазақстандық азаматтың міндеті.

 

Қашан

қабылданды?

1992 жылғы

4 маусым

1992 жыл

маусым

1992 жыл

маусым

Авторлары

Кімдер?

Ж.Нәжмиденов

Н.Назарбаев

Ш.Қалдаяқов

Шәкен  Оңалсынұлы

Ниязбеков

Жандарбек  Мәмбекұлы,

Шот – Аман Ыдырысұлы Уалихан

Нелер

бейнеленген?

Қазақтың ерлігі,

намысшылдығы,

халқықтың дархан

татулығы, достық,

келешекке сенім

Күн  бейнесі,

Қыран  бейнесі,

Ою – өрнек, түсі көк

Шаңырақ, қанатты пырақ, жылқының басы, жеті буынды мүйіз, жұлдыз,

Қазақстан  деген  жазу.

Бұл аса маңызды сабақ жақсы нәтиже берді. Сабақтың ойдағыдай өтуіне белсене қатысқан оқушылар ерекше аталып, жария түрде баға қойылды.

Оқу материалын оқыту мақсатына жетті.