Жемістер әлемінде

Кеш  мақсаты: а) 5-7     сыныптар    арасында     сабақтастық    жұмыстарын

жандандыра отырып, жемістер туралы  білімдерін  кеңейту;

ә) топпен  жұмыстануға, өз  пікірін  қорғай  білуге,табиғатты

сүюге   тәрбиелеу;

б) өз  бетімен  іздену,сөйлеу, іскерлік  дағдыларын  дамыту.

Кеш  жоспары:

  1. Таныстыру
  2. Сұрақ-жауап
  3. Жұмбақтар
  4. Қолөнер
  5. Көрініс
  6. Жарнама
  7. Оқушылар шығармашылығы.

Кештің  барысы:

1-бөлім. Таныстыру.

«Жүзім», «Жемістер», «Көкөніс» топтары  өздерін  таныстырады.

2-бөлім. Кім  көп  біледі?

Кел, балалар  ойнайық,

Ойнайық  та, ойлайық

Қандай  сұрақ  болса  да,

Шешпей  оны  қоймайық  дей  отырып,  үш  топқа  сұрақ  қоямыз.

А) 3 топқа  кесте  беріледі:

 

Өсімдік аттары

 

Жемістер Тұқым саны
құрғақ

 

шырынды

түрлері

біреуекеу

 

көп

 

1. Көкнәр      
2. Бидай      
3. Өрік      
4. Алма      
5. Орамжапырақ      
6. Жүзім      

 

Б) Биологиялық  есеп.

1-топқа.1. Бір  алма  жемісі  түзілу  үшін  70  жапырақ  қажет. Балалар, жапырақ  пен  жеміс  түзілуі  арасында  қандай  байланыс  бар?

(Жапырақта  органикалық  зат  түзіледі, ал  органикалық  заттар  жеміс  құрамына  кіреді).

2.Бұл  жемісті  орта  ғасырларда  жауынгерлер  бойтұмар  ретінде  кеуделеріне  іліп  жүрген. Оларша  бұл  көкөніс  қылыштан, оқтан  сақтайды  деп  сенген.(Жуа)

2-топқа. 1.Асқабақтың  дұрыс  өсіп, пісуі  үшін  60 күн  қажет.Егер 1-маусымда  дәнін  ексек, жемісін  қай  уақыттан  бастап  жинауға  болады? (30-шілде)

2.Бұл  өсімдік  ұзақ  уақыт  ботаникалық  бақтарда  егілді  және  дәрі-дәрмектер  бақшасында  егілді.Гүлдерін  король  әйелдері  әдемілік  үшін  шашына  таққан.200 жылдан  кейін  ғана  шаруалар  өздерінің  егіндеріне пайдаланып, тамақ  ретінде  қолданған.(Картоп).

3-топқа.1. Бұл  екі  жылдық  өсімдікті  ең  алғаш  Испандықтар  еккен.Бұл  көкөніс  пісіріліп, түскі  тамақ  соңында  тәтті  тағам  ретінде  берілген. Кейін  орыстың  ұлттық  тағамына  айналды.(Капуста)

  1. Еуропалықтар бұдан 400 жылдай  бұрын  картоптың  дәмін  білген. Ал  Ресейге  картоп  І Петр  кезінде  1700 жылы  әкелінді.Ресейліктер  бұл  өсімдікпен  неше  жылдан  бері  таныс?(310 жыл).

В).Үш топқа  жемістер суреттері  беріледі,жеміс  топтарын ажырату  керек.

3-бөлім.  Жұмбақтар.

Жұмбақ  айтам  жобалап,

Шешуін  айт  балалар.

Тура  тапқан  адамды

Әділ  қазы  бағалар,-  дегендей, келесі  кезекте  жұмбақты  шешіп,  жауабын  үш  тілде  шешу  керек.

1-топқа.

1.Сабағы  садақ  оғындай,

Жер  қайысқан  тобырдай

Жесең  бірақ  жұғымтал

Көзден  жасты  шұбыртар. (Жуа).

2.Атасы  қисық  ағаш, анасы  жайма  шелпек

Бір  сабақта  құж-құж  жентек. (Жүзім)

3.«Ұстама» деген  жеміс. (Алма).

2-топқа.

1.Денесін  жерге  тығатын

Шашы  жерден  шығатын

Қызғылт-сары  қазықты

Кім  бар, қане, ұғатын? (Сәбіз).

2.Қос  құлағы  қалқайып,

Су  ішкен  сайын  марқайып

Күн  ысыса  тон  жинайды,

Доп  болғанда  ел  жинайды. (Орамжапырақ)

3.Жерде  жатып  желіндейді

Күз  түскенше  желінбейді.

Үндеместен  төлдеп  жатыр,

Су беріңдер, шөлдеп  жатыр. (Қарбыз, қауын)

 

3-топқа.

1.Аласа  тал, тамаша  тал,

Самсап  тұрған  алмасы

Ол  ал  қызыл, ол  қан  қызыл,

Қандай  ғажап, қарашы. (Қызанақ)

2.Күшін  ішке  іріккен,

Бес  саусақтай  біріккен,

Тентекті  де  ықтырар,

Ащы  мықты  кәрі  бар. (Сарымсақ)

3.Үстіне  тігіп  көк  шатыр

Астында  қызыл  дәу  жатыр. (Қызылша)

4-бөлім. Қолөнер.

Табиғаттың  өзі  шебер  дегендей

Қарсы  алыңдар  алтын  қолды  шеберді.

Небір  сұлу  бейнелерді  мүсіндеп,

Таң-тамаша  қалдырады  сіздерді, -дегендей, келесі  кезекте  қолөнер  сайысы.

Бұл  бөлімде  әр  топтың  оқушылары  «Аспазшылар», «Мүсіншілер»  деген екі  топшаға  бөлініп, аспазшылар  көкөніс, жемістерден  тағам  дайындайды, ал  мүсіншілер  ермексаздан  жемістер  бейнесін  жасайды.

Көрермендерге  сұрақ.

1.«Помидор» сөзі  қандай  мағына  береді? (Итальяндықтарша  «помо-доро»-

алтын  алма  деген  мағына  береді).

2.Ең  ірі  жеміс? (Асқабақ).

3.Ньютонның  жаңалық  ашуына  түрткі  болған  жеміс. (Алма).

  1. Бұл жемісті бетті  күтуде,  бетке  маска  жасауда, секпілді  кетіруге  пайдаланады. Құрамында  78% су  бар. (Қияр).
  2. Бұл өсімдікпен ежелгі  Египетте  пирамида  салып  жатқан  құлдарды  тамақтандырған, құрамында  фитонцидтер  өте  көп, оны  тұмаумен  ауырғанда  пайдаланады. Жуаның  інісі.(Сарымсақ).

Жауабын  дұрыс  тапқан  көрермендер  бағаланады.

5-бөлім. Көрініс  көрсету.

Үш  топ  жемістерге  байланысты  көрініс  қояды.

Ойын.

Ортаға  көрермендерден  екі  оқушы  шығады  да, жемістерден  тұратын  адам  есімдерін  жазады. Мысалы: Алма, Өрік, Жаңғақ, Қарақат т.б. Кім  көп  жазса, сол  оқушы  жеңімпаз  болып  саналады.

6-бөлім. Жарнама.

Үш  топ  жемістер  туралы  жарнама  жасап, пайдалы  кеңестер  айту.

     7-бөлім. Оқушылар  шығармашылығы.

Оқушылар  сол  бойда    бір  шумақ  өлең  шығарады.