Жұмыртқа салушы ілкіаңдар. Қалталы және ұрықжолдасты сүтқоректілер. Биологиялық ерекшеліктері. Таралу аймақтары және алуантүрлілігі

7 класс.Жұмыртқалаушы ілкі аңдар

Сыныбы  7Күні:   24 сәуір
Сабақтың тақырыбы Жұмыртқа  салушы   ілкіаңдар. Қалталы   және  ұрықжолдасты  сүтқоректілер. Биологиялық  ерекшеліктері. Таралу  аймақтары  және  алуантүрлілігі
  МақсатыОқушыларға қағанақсыз   сүтқоректілер    және олардың  биологиялық  ерекшеліктері  мен таралу  аймақтары туралы  түсінік  беру.
Күтілетін  нәтижеА. Қағанақсыз  сүтқоректілердің  құрылысы мен  мекен ету  ортасын   біледі.

В. Қағанақсыз  сүтқоректілердің  көбеюі  мен  дамуын  қағанақтылардан   ажырата   алады.

С.Олардың   биологиялық  ерекшеліктерін біле  отырып,маңызын  тұжырымдайды.

Қолданылған әдістерЖеке ,топтық жұмыс, «Cерпілген  сауал» әдісі, «тұсаукесер» әдісі,АКТ ны пайдаланып видео ролик көрсету, «Әліпби» әдісін  пайдалану ,деңгейлік  тапсырмалар

 

Тапсырмалар№ 2 ынтымақтастық атмосферасын  құру.Сыни тұрғыдан  ойлауды  бағалау.
Керекті  жабдықтар

 

 

Биология  оқулығы 7 сынып  Қ.Қайым. Р.Сәтімбеков  Алматы  «Атамұра» 2012ж . Деңгейлік   тапсырмалар, доп, маршруттық  карта, бағалау  парағы,интерактивті тақта,флипчарт,сергіту  тренингі т.б
Сабақ барысы:
Сабақ  кезеңдеріМұғалім  әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

 

 

 

Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру: оқушылармен амандасу, түгендеу, топтастыру.Сергіту  сәтін  өткізу .Сабақ мақсатымен, жоспарымен таныстыру, бағалау критерийімен таныстыру, бағалау парағын үлестіру «Қағанақсыз  сүтқоректілер» техникасы арқылы  топқа  бөлу.

 

Мұғаліммен амандасады, кезекші жоқ оқушыларды айтады, топқа бөлінеді, оқу құралдарын дайындайды. Сабақ мақсатымен, жоспарымен, бағалау критерийлерімен танысады.
Тұсаукесер.

 

 

 

 

«Серпілген  сауал» әдісі арқылы  үй тапсырмасын және  АКТ-ның   мүмкіндіктерін  пайдаланып  «Қағанақсыз сүтқоректілер» атты видеоролик  көрсету арқылы  жаңа  сабаққа қызығушылығын ояту.Сұрақтарға жауап  бере  отырып ой жинақтайды.Топ  мүшелері қызметтерін бөліседі,уақытты  жоспарлайды. « серпілген сауал» әдісінің  сұрақтарына  жауап береді, соңынан  қортынды  жасайды.  Жаңа  сабақтың  тақырыбын  ашады.
Негізгі бөлім

 

 

 

 

Тақырыпшаларды  топтарға  бөліп беру.Сабақ мақсатымен таныстыру,сабақ барысына басшылық  жасап отыру.Топтардың  пікірін қортындылап отыру.Жаңа сабақты «Тұсаукесер» әдісімен өткізуді тапсыру.     Соңынан  жауаптарын қадағалап тексеру.Деңгейлік  тапсырмалар  беру.

 

 

Тақырыпты  топ ішінде оқып  шығады,топ ішінде ақпаратты талқылайды,топ мүшелері қызметтерін бөліседі,өз пікірлерін,ескертпелерін топта талқылайды.таймкиперлер уақыт  есептеп отырады,сұрақтар қояды,хатшы ақпрпаттарды жазып отырады.барлығы  қорытқан ойларынан шыққан шешімдерін постерге түсіреді. Оны топпен  қорғайды.қарсы топтың  жұмысына пікір  айтады.Нәтижесін класпен талқылайды.Анықтамалар,термин сөздерді дәптерге түсіреді.Екі жұлдыз,бір ұсыныс арқылы бағалау.
Қорытынды

 

 

«Әліпби» әдісі  арқылы бекіту.    &65 үйге тапсырма беру:

 

Кездескен   жаңа сөздерді дәптерлеріне  түсіру.Мұғаліммен қоштасу