« Көксерек » М.Әуезов.(Повестен үзінді)

Пәні:әдебиеттік оқу 3 «в» сыныпкүні
Тақырыбы« Көксерек » М.Әуезов.(Повестен үзінді)
МақсатыЖазушы әңгімесінің маңызын, көркемдік идеясын, ашу арқылы табиғатты аялауға, оның заңдылығын бұзуға жол бермеуге, қасқырлар әлемі мен адамдар ісінің қайшылығын ажыратуға үйрету .
Күтілетін нәтиже1. Топтық  жұмыс тапсырмалары арқылы әңгіме идеясын ашады .

2 .Табиғат заңдылығын бұзуға жол бермеу керектігін ұғынады.

3. Іскерлік, танымдық мүмкіндіктерін таныта алады .

Керекті жабдықтар флипчарт,постер,АКТ,М.Әуезов  кітаптары,бейнеролик
Сабақтың модульдері1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.   5.Таланты және дарынды балаларды оқыту.

2.Сыни ойлауға үйрету.                         6.Оқушылардың жас ерекшеліктері.

3.ОүБ және ОБ                                       7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық

4.АКТ

Әдістер

 

 «  Портретті жандандыр  » ,« Радиоға қоңырау шалу »әдістері
Бағалау« Бағдаршам» , «Қолпаштау», «Екі жұлдыз,бір ұсыныс»,Өзін-өзі бағалау,Жұптық бағалау«Смайлик»
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері:Мұғалім   әрекетіОқушы әрекеті
Кіріспе  3 мин

 

І.Психологиялық тренинг« Жылы лебіздер »

ІІ. Топқа бөліну. Өз таңдауы бойынша қоржыннан суретті таңдап алып топтасады.

1-топ :  « Жануар»

2-топ:  « Табиғат »

3-топ : « Адам »

4-топ:  « Қорғаушы »

Топ ережесі:

ü  Бірін-бірі мұқият тыңдау

ü  Ойланып,тиянақты жауап беру

ü  Топта ұйымшыл болу

ü  Тапсырманы тиянақты орындау

ü  Өз ойын ашық айту.

ü  Бірін-бірі әділ бағалау.

 

 КритерийлерҰпайы
АОқушы ойын толық тұжырымдай алады2
ВОқушы ойын анықтап, тұжырымдап шынайы өмірмен байланыстыра алады2
СОқушы теориялық білімін практикада қолданып,сыни сұрақтарға жауап бере алады3

 

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ

Критерий Жетістік

деңгейі

Дескрипторлар
А

 

 

0Оқушы төмендегі критерийлердің біреуін де орындаған жоқ.
1Көксеректі Құрмаш қалай асырағанын біледі
1Өз ойын толық тұжырымдай алды
В2Эпизодты еске түсіре отырып, шығарма мазмұынының идеясын ашады;ойын тұжырымдап шынайы өмірмен байланыстыра

алды

С3Бүгінгі алған білімін практикада қолданып,сыни сұрақтарға жауап берді

 

      

 

         ҰПАЙЛАРДЫ МЕКТЕП БАҒАСЫНА АУЫСТЫРУ:

Жинаған ұпайлар саныБаға
7«5»
5-6«4»
3-4«3»
0-2«2»

Оқушының өзін – өзі бағалау парағы

Оқушының аты-жөні:АВСЖалпы

ұпайы

Бағасы
      

 

 

 

Өз таңдауы бойынша 4 топқа бөліну

 

 

 

 

Топ ережесін құру

 

 

 

 

 

 

Критеримен танысу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын алып,танысады

Тұсау кесу 3минА)       «Портретті жандандыр» әдісі

 

 
Ә) Ғылыми мағлұмат беру

Мұхтар Әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген (1961ж). Абайтанушы  ,жазушы, академик  , ғылым  қайраткері,профессор,әдебиетші-ғалым,драматург.

«Еңлік –Кебек» , «Айман-Шолпан, «Қарақыпшақ» пьесаларын жазған.Ол өзінің «Абай жолы» эпопеясы арқылы ұлы ақын есімін әлем оқырмандарына таныта алған.

 

Жақсы,олай болса бүгінгі сабағымыздың авторы М.Әуезов. екенін білдік.

-Ал тақырыбымыз не туралы екенін мына сұрақтарға жауап бере отырып білеміз. «Орныңды тап! »Суретті жұмбақ

-Қандай жануардың суреті  берілген?

-Бұл жануар туралы не білесіздер?

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы осы жануардың атымен аталады.Бұл  «Көксерек.» повесінен үзінді авторы М.Әуезов.

 

Жазушы туралы

өз ойларын тұжырымдарын айтады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор туралы қосымша мәлімет беру

 

 

 

Жасырын суретті дұрыс құрастыру

Негізгі бөлім  32минІ.Жаңа сабақ

1.Оқулықпен жұмыс.

-Мәтінді өз бетімен оқу;

-Топпен талдау.

-Теріп оқу;

*Ауыл иттерінің көксеректі жек көретіні  туралы  жазылған тұсын;

*Көксеректің ашқарақтығын суреттейтін тұсын.

2 .Жуан,жіңішке сұрақтар

-Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер деп ойлайсың ?

-Көксерек туралы ауыл адамдары қандай пікірлер айтты?

— Көксерек «ұрлық  пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады » дегенді қалай түсінесіңдер?

Топтық талдау

Бөлімге бөліп,ат қою.

1.Ауылға келген күшіктің жағдайы.
2. Ауыл иттерінің үйренбеуі.
3. Көксерек туралы ауыл адамдарының пікірі.
4. Көксеректің тамаққа деген ашқарақтық, жыртқыштығын
байқатуы.
5. Көксеректің портреті.

3.Дәптермен жұмыс

Көксерекке сипаттама бер.

 

Көксеректің күшік кезіКөксеректің көк шолақ қасқыр болған кезі
жүні-

езуі-

бойы-

жота жүні-

көзі-

азуы-

ІІ. Бекіту.

4. « Радиоға қоңырау шалу »әдісі

Бір жүргізуші,4 топтан 4 қонақ шақырылып рөл беріледі.Аудиторияда отырғандар бұларға қоңырау шалады.Сұрақ-жауап.

ІІІ.Сергіту

5.«. Көксерек »фильмінен үзінді

-Бұл фильмді көргендерің бар ма?

-Фильм несімен ұнады ?

(Фильм туралы ғылыми мағлұмат беру)

6.Топпен жұмыс.Постер құру.

-Балалар,бүгін біз топқа қалай бөліндік?

-Адам,жануар,табиғат,апат сөздері бізге нені айтып тұрғандай ?

(Бүгінгі сабағымыздың мазмұны жайында )

1-топ: Көксеректің портретін жасаңдар.  (.Жотасы күдірейген, құйрығы шоп-шолақ, бойы тау басында тайдай көрінеді. Нағыз көкжал, сұсты, көзі жап-жасыл)

2-топ: «Адам» және «Қасқыр» сөздеріне ассоциация жасау.

3-топ: Қасқырдың суретін салыңдар.

4-топ: Салыстырыңыз. Ауыл иттерінен  Көксеректің ерекшелігі қандай?

(Айлакер, ашқарақ, дыбыс шығармайды,сұсты, жасымайды.)

( Қолдан тамақтанады, өз иесіне бауырбасады, еркелейді, тілін алады, иесіне  қызмет етеді)

7.Шығарма құрылысына логикалық талдау.

Шығарма тақырыбы: Табиғаттың өз заңы бар,өзіндік  ерекшелігі бар.Оны адамдар түсіне білу қажет.

Шығарма идеясы: Күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұясы, талбесігі — табиғатты аялау.

Жазушы мақсаты: Табиғатты қорғау, әрбір табиғат перзенті өмір сүруге құқылы

8. Сын тұрғысынан ойлау. Пікірталас«Айтуға оңай ..»

1.Қалай ойлайсыңдар әңгіме тек Көксерек айналасында ғана ма? /Әңгіме тақырыбы «Көксерек» деп аталғанмен, мұнда қасқыр тағдырымен қоса адам мен табиғат арасындағы күрделі проблемалар көтерілген/.

2. Ауыл адамдарының Көксерекке деген көзқарастарын құптауға бола ма?

3.Жалпы табиғатқа шабуыл жасау, оның тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар? /табиғатқа шабуыл жасап, оның тыныштығын бұзу мәселесі-қауіпті мәселе/.

4. Әңгіме арқылы басты ойды ашатын ең негізгі оқиғалар қайсы? /Басты ойды ашатын ең негізгі оқиға –табиғатқа жасалған қиянат/.

 

Өзіндік білім алу

Топтық талдау,тұжырым жасау

 

 

 

Диалогтық әдіс

 

 

 

 

Топтық жұмыс

Әр бөлімге ат қою, дәптерге түртіп отыру

«Қолпаштау»

 

 

 

 

Екі оқушы тақтада орындайды

«Бағдаршаммен бағалау»

 

 

« Радиоға қоңырау шалу»әдісі

Сұрақ-жауап

«Бағдаршаммен»

бағадау

Ойды сергіту

Бейнеролик

«Көксерек»

 

 

 

Постер құру,қорғау,

Топтық бағалау

«Екі жұлдыз,бір ұсыныс,

Бағдаршам,

Бармақ,Смайлик»

Постерлерін қорғау

 

 

Шығармашылық жеке жұмыс

Жұптық бағалау

 

 

 

 

Логикалық

сұрақ-жауап

 

 

 

 

 

Сыни сұрақ

 

 

 

 

 

 

Қорытынды  5мин

ІV.Қорытынды

«Бөлтірікті қанша асырасаң да,орманғат қарап ұлиды».М.Әуезов

Осы арқылы автор бізге не айтқысы келді ?

— Кім өз ойын ашық айтып береді?

Критерий арқылы  өзін-өзі  бағалау

 

 

 

 

Сұрақ-жауап

Кері байланыс:

кесте

 

Үйге тапсырма

2 мин

Үйге тапсырма:177-178бет оқу,мазмұнын түсіну.

Қасқыр туралы мақал жаттау.

 

 

Өзіндік талдау

  Сабақ жоспарланғандай өтті.Оқушылар «портретті жанданыр»әдісі арқылы автор туралы ой қозғап, өздері не білетіндіктерін айтты. Жаңа тақырыппен танысқан соң, жаун,жіңішке сұрақтар қойылды.Топтық талдау диалог түрінде жүрді.Өз ойларын талдап,жеткізді.«Көксерек »фильмін тамашалап, өз пікірлерін айтып жатты.Топтық псотер құрып,қорғады.Әр топ бірін-бірі бағалады.Шығарманың құрылысына логикалық талдай төрт сұрақтан тұрды.Оқущылар сыни ойлана отырып жауап беруге тырысты.Бекіту мақсатында

«Айтуға оңай…»бағдарламасы ретінде алынды.Оқушылар ойларын ашық айтты.Сабақ соңында оқушылар өзін-өзі критерий арқылы бағалады.Сабақ мақсатына жетті.

Сабақ бойынша өзгерістер Алдағы уақытта әдебиеттік оқу пәнінде оқушыларға сыни сұрақ қоюды терең меңгертуім керек. Жуан-жіңішке сұрақтарды кеңінен қолдануды жүзеге асыруды көздеу.