Қасым ханның қасқа жолы

ХІҮ ғасырдың аяғында Шыңғыс хан ұрпақтары Жәнібек пен Керей Қазақ хандығын құрды. Ал 1511 жылы билік басына Жәнібектің ұлы Қасым келді. Әскери қабілеті мен халықты соңынан ерте білу дарынымен танылған Қасым хан мемлекеттің нығайып, кеңеюіне бар күшін жұмсады. Ыдыраушылықты жою үшін қатаң тәртіп пен бағынушылық қажет еді. Қасым хан жаңа мемлекетті басқару аясында «Әдет» пен «Ұлы Жасаққа» негізделген заңдар жинағын жасады. Бұл заң бес бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде жер және жесір дауына орай құн төлеу, салық төлеу мәселелері қарастырылған. Екіншіде – қылмыс пен жаза өлшемдері белгіленген. Үшіншісінде – әскери тәртіп пен оны бұзушыларға қолданылатын жаза түрі, ал төртінші бөлімде – елшілік қарым-қатынастар айқындалған. Бесінші бөлім халықтың ата-дәстүріне арналған

Ата-дәстүр мен салт-санадан алынған бұл заңның негізі қазақтарды тура жолмен жүруге шақырды. Әділдігіне орай «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталған осы заң қазақ тарихындағы алғашқы заң еді.