Ұлы ережелер жинағы — «Жасақ»

«Жасақ»

Дала өмірінің барлық қыр-сырларын реттейтін заңдарының келесі кезеңі – ұлы қолбасшы, түркі халықтарының басын қосқан Шыңғыс ханның «Ұлы ережелер жинағы» — «Жасақ» (Яса) болды. Ол 1206 жылы жарияланған еді. «Әлемді дүр сілкіндіруші» Шыңғыс ханның жарлығы бойынша және оның басшылығымен «Жасақты» ханның әскери қолбасшысы әрі кеңесшісі Майқыби жазды. Ол – қарапайым әмірдің қағидалары мен заңдары – Білікті, билік пен мемлекет соты – Төрелікті, әскери тактика мен стратегия – Жасақты қамтыды.

«Ұлы Жасақта» мемлекетті нығайтуға, соғыс жүргізуге басты назар аударылды. Бұл жерде қатаң тәртіп қажет еді. Сол себепті өзін-өзі хан деп жариялау, әдейі алдау, үш рет барынан айырылу, қашқын тұтқынды немесе құлды жасыру, соғыста жәрдем бермеу, майданнан қашу, сатқындық, ұрлық жасау, жалған куәлік беру, үлкендерге құрмет көрсетпеу секілді қылмыстар өлім жазасына тартылды. (22)

Ұлы Далада 400 жылға тыныштық орнады. Қолөнер мен сауда-саттық қатынас өркендеді. Халық әр түрлі діни нанымдарына қарамай, бір-бірімен тату-тәтті өмір сүрді. Мұсылмандардың мешіттері мен христиандардың шіркеулері Тәңірге табынушылардың, буддашылар мен зороастрийлердің қасиетті мекендері қатар тұрды. Алып елдің ұлан-ғайыр жерінде байланыс (пошта) қызметі жақсы жолға қойылды. Хат жүргізушілер мен жиһанкездердің белгіленген орынға хабар не хат жеткізу жылдамдығы ХХ ғасырдың басындағы теміржол қызметімен бірдей боды.

Өкінішке орай, ішкі келіспеушіліктер біртіндеп Шыңғыс хан империясының тамырына балта шапты. Империя бірнеше рет шағын мемлекеттерге ыдырап, олардан да өз кезегінде шағын мемлекеттер бөлініп шықты.