Әдет қазақ халқының ежелгі әдеттері

Ежелгі Алтай адамзат мәдениетінің даму орталықтарының бірі болғаны туралы тарихшылар зерттеп дәлелдеген. Ол өзінің ұлылығымен Мысыр және Месопотамиядан кем түспеген.

Алтайда әлемге көшпелі өркениет сыйлаған, кейіннен Моңғолия, Шығыс Түркістан, Қазақстан, Орталық Азия және Кавказ жерлерін қамтыған біздің ата-бабаларымыз – түркілер өмір сүріп, қанат жайған. Қазақстанның қазіргі аумағы және қазақ халқы осы өркениетінің тікелей мұрагері болып табылады.

Бізге жеткен ең ежелгі шынайы әділеттілік ілімі Дала заңдары – «Білік», Арыс би дананың өсиеттері. Арыс би үш мыңдай жыл бұрын өмір сүрген. Оның құрметіне Оңтүстік Қазақстандағы Арыс өзенінің атауы берілген. Арыс бидің «Білігімен» немесе Даланың әдет-ғұрып құқығы – «Әдетпен» (Адат) ежелгі түркі мемлекеті – Қағанат өмір сүріп дамыған. Барлық өзге құқықтық қағидалардың қайнар көзі болған «Әдеттің» ең басты ережесі түркілердің жалғыз құдайы Тәңір алдында теңдігін мойындауы болды. Осыдан «қанға-қан, мертіктіруге сондай мертіктіру» деген кек алу заңы шыққан.