Қыстырма сөздер

Сыныбы: 4 «б»Бастауыш сынып мұғалімі: Ж.К.Нурашева
Сабақтың тақырыбы:

Қыстырма сөздер

Пәні:Қазақ тілі, ІІ тоқсан,
Мақсаты:

 

 

а)Қыстырма сөздердің сөйлем ішіндегі атқаратын рөлін, жалпы ойға  қосатын әртүрлі мағыналық реңктерін байқату. Сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге үйрету.

ә)Қыстырма сөздерді орынды қолдана білуге дағдыландыру.

б)Дұрыс, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:*Қыстырма сөздерді  таба алады.

*Қыстырма сөздердің  тыныс  белгілерін қоя біледі.

*Қыстырма сөздерге сөйлемдер құрастыра алады

Керекті жабдықтар:Алматык. 2015. 84,85-бет

Қазақ тілі  оқулығы 4  сынып , Әдістемелік нұсқау, жұмыс дәптері, интербелсенді тақтада көрсетілген презентациялар, сөздер жазылған парақшалар, жеке суреттер.

Сабақта қолданылатын өзара байланысты модульдерСТО, оқыту үшін бағалау, көшбасшылықты анықтау.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдеріМұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Ұйымдастыру бөлімі.

-Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

Психологиялық дайындық :

Ішке тартып ауаны,

Деміңді алшы тереңнен.

Денсаулықтың  жауабы,

Қайталасаң менімен.

а)Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу. Бөлшектерден дұрыс сурет жинақтау . Топ басшыларын сайлау.

ә)Топтық жұмыстарды  орындауда басшылыққа алынатын ереже шығару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1-топ: Ереже айту

2-топ: Мысалдар келтіріп, сұрақтар қояды

3-топ: жеке суретпен жұмыс

ІІІ. Үй жұмысын бағалау.

Бағдаршам стратегиясын қолданып, бағалайды.

IҮ. Үй тапсырмасын қорытындылау

«Венн» диограмасы бойынша

 

 

 

Балалар суреттерді алып, топқа қалай бөлінетіндіктерін тауып, 3 топқа бөлінеді.Қимылдайды, сабаққа деген қызығушылықтары артады. Көңілдері көтеріледі.

Оқушы жауаптары тыңдалады.

Шығармашылық тапсырмамен жұмыстанады

Жұппен жұмыс

дәптерлеріне жазады көршілерімен тексереді

Оқушы жауаптары   тыңдалады

Тұсау кесер

 

 

 

 

 

 

 

 

Ү. Жаңа сабақ

Қызығушылығын ояту

Сөзжұмбақпен жұмыс

Мағынана ашу.

!  Сөйлемдегі айтылған ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін сөзді қыстырма сөз деп атайды. Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайдыы.

Мысалы: Осының бәрін,әрине, жалғыз істей алмайсың. Жаңылмасам, сені бір жерден көрдім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

Оқулықпен жұмыс.

Бағанның екі жағын өзара салыстырып, олардың мағынасындағы ерекшеліктеріне талдау жасау.

— Бірінші бағандағы қарамен жазылған сөздер сөйлемде қандай мағына үстеп тұр?

 

Бірінші сөйлемдегі меніңше сөзі арқылы сөйлеуші өзінің сенімін білдіріп тұр.

Екінші сөйлемдегі әрине сөзі сөйлеушінің қолдауын білдіріп тұр.

Үшінші сөйлемдегі бәлкім сөзі сөйлеушінің жорамалын білдіріп тұр.

Төртінші сөйлемдегі әйтеуір сөзі сөйлеушінің пікірін білдіріп тұр.

Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқып, көшіріп жазу. Қыстырма сөздердің астын сызу.

 Жай әншейін; шіркін.

— Қыстырма сөз сөйлемге қандай мағына үстеп тұр?

— Қыстырма сөздердің тыныс белгісіне назар аударыңдар.

1.Сөйлемдерді оқыту.

2.Қыстырма сөздерді теріп жазғызу.

Шығармашылық тапсырма

Мәтінмен жұмыс

Топпен жұмыс

1-топ: Қыстырма сөзге сөйлем ойлап жаз.

2-топ: Мазмұнды суретпен жұмыс

3-топ: Шынын айтсам, мәссаған, ұмытып барады екем, неге екенін кім білсін, бәлкім. Осы сөйлемннен қыстырма сөзді тауып астын сызу.

— Қыстырма сөздер құрамы жағынан неше сөзден жассалып тұр?

-Берілген сөздерді қыстырма сөз ретінде қатыстырып, сөйлем құрап жазу.

-Сірә, сіздіңше, оның пікірінше, шындығында, амал қанша.

— Сөйлемдеріңнің тиісті жеріне тыныс белгісін қойыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтінмен жұмыстанады

 

 

 

 

 

 

Қыстырма сөздерді теріп жазады

 

 

 

 

Шығармашылықпен жұмыс

Топпен жұмыстанады, дәптерлеріне жазады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Жұптық тапсырмалар:

1-тапсырма

Бос орынға тиісті сөзді қойыңыз:

1.           , ертең тоған басындағы суды бұзуға баратыныңызды ескертіп қояйын.

2.Осы жағдай жайлы білмеген шығар,        .

3.       , ол енді осы ауылға оралмай ма?

4. Бүлдіріп қойған соң,         , мен жасадым деп мойындаушы ма еді?

Керекті сөздер: айтпақшы, мүмкін, сіздіңше, әрине.

1.Топшамамен жұмыс.

2-тапсырма

Әр қатардан қыстырма сөзді тауып, бос ұяшыққа салыңыз:

ӘринеТайыншаБіргеШындық
әркімЖеңешеБіреуШын
ӘрекетКөрпешеБірнешеШын сөзі
әрқашанменіңшебіріншіденШынын айтсам

3-тапсырма

Бос орынға қыстырма сөзді қойыңыз:

1.          , мұндай да қызық болады екен – ау!

2.          , маған ортадағы ат қатты ұнады.

3.          , балаларға мақтанайын деген шығар.

4.           , тұлпар атым болса ғой!

 

2.Сұрақ-жауап арқылы бекіту.

 

 

Сұрақтарға жауап береді

БағалауБасбармақ әдісі арқылы бағалауБалалар басбармақ арқылы бағалайды
Үйге тапсырма5-жаттығу, 85 -бет

 

Күнделіктеріне үйге берілген тапсырмаларды жазып алады

 

Рефлексия

 

1.«Не үйрендім?»

2. Бүгінгі сабақтағы ұнаған сәтін жазу.

Рефлексия жазады