Жаратылыстану әлеміне саяхат

Тақырыбы: Жаратылыстану  әлеміне  саяхат

Мақсаты: Оқушылардың  Химия-Биология-География  пәндері  бойынша  алған  білімдерін  бақылау, пәнге

қызығушылығын, танымдық   қабілеттерін  арттыру;

ұйымшылдыққа,  топпен  жұмыстануға  тәрбиелеу;

оқушылардың   шапшаңдығын, ой  ұшқырлығын  дамыту.

Түрі:  Сайыс.

Әдісі: Топтық  әдіс.

Көрнекілігі: түрлі  суреттер, нақыл  сөздер, т.б.

Кештің  жоспары:

1.Сәлемдесу (Үш  тілде).

2.Бәйге.

3.Керемет  үштік.

4.Сандар  сыр  шертеді.

5.Терминдер  әлемінде.

6.Ойлан,  тап.

Кештің  барысы:

 

«Сәлем-сөздің  анасы», дейтін  қазақ  данасы, ендеше:  сайысымызды  сәлемдесуден  бастаймыз.

І.Сәлемдесу. Шарты: сәлемдесу  химия, биология, география  пәндерімен  байланысты  болу  керек. Мысалы: Армысыздар, алтыннан  ардақты, күмістен  салмақты  анод  пен  катодтай  болған  қарсыластар! Бүгінгі  кешке  инертті  газдардай  салғырт  қарамай, амфотерлі  заттардай  бейтарап  қалмай, сілтілік  металдардай  белсене  қатысып, судай  терең  білімдеріңізбен  әділ  қазылар  атты  индикаторлар  алдында  алтындай  жарқырап  көрінулеріңе  тілектеспіз.

Немесе  армысыздар, қызғалдақтай  құлпырған  қарсыластар! Бүгінгі  кеште Бір-бірімізге  иммунитеттей  қарсы  тұра  білейік, адреналиндеріңіз  мол  болып, мидың  бүкіл  нейрондары  іске  қосылып, белсенді  қатысыңыздар  дегіміз  келеді.

 

ІІ.Бәйге.

 

І топқа:

1.Жасушаның  энергетикалық  орталығы  (митохондрия)

  1. Қазақстанның ең ірі  су  қоймасы  (Бұқтырма)
  2. Қанықпаған көмірсутектердің гомологты  қатары  (Алкендер)
  3. Ең үлкен түбек  (Аравия)
  4. Қан құрамында болатын  элемент  (темір)
  5. Индикаторларды атаңыз (лакмус, метилоранж, фенолфталеин)
  6. Жұтқыншақтың ұзындығы (11-13 см)
  7. Периодтық кестедегі VI топ  элементтерінің  атаулары  (халькогендер)

9.Қазақстанның  климатын  қалыптастырушы  факторлар (күн  радиациясы, атмосфераның  алмасуы, жердің  төсеніш  беті)

10.Тек  генотипі  гомозиготалы  болғанда  ғана  көрінетін  белгі (рецессивті)

11.Электрондардың  соңғы  энергетикалық  деңгейі  нені көрсетеді (валенттігін)

12.Ең  ұзын  өзен  (ніл)

13.Онтогенез  кезеңдерінің  негізгі  сатылары (бластула, гаструла, нейрула)

14.Көмір  қышқылының  тұздары  қалай  аталады (карбонаттар)

15.Қазақстанның  тұңғыш  металлогендік  картасын  жасаған  ғалым (Қ.Сәтпаев)

 

ІІ топқа:

1.Сутек  пен  гелийден тұратын  қызған  алып шар  (күн)

2.Қан  қандай  ұлпадан  құралған (дәнекер)

  1. Алтай тауының ең  биік  нүктесі  (белуха)
  2. Қаныққан көмірсутектердің гомологты қатары (алкандар)

5.Генотипі  доминантты  және  рецессивті  белгілерден  тұратын  гендердің  жиынтығы  (гетерозиготалы)

6.Ең  үлкен  арал  (гренландия)

7.Оң  зарядталған  ион (катион)

  1. Адам қанында қуанғанда  не  қорыққанда  лимфа  түйіндерінен  көптеп  бөлінетін  активті  гормон (адреналин)

9.Салқын  және  жылы  ағыстардың  қосылуынан  болатын  құбылыс (тұман)

10.Алғашқы  көмекке  пайдаланылатын  бейметалл  (йод)

11.Саңырауқұлақтардан  алынатын  дәрілер  (асперин, тетрациклин, пенициллин)

12.Период  бойынша  оттекті  және  сутекті  қосылыстардың  валенттігі  қалай  өзгереді (1-ден  7-ге  дейін артып, 4-тен  1-ге  дейін  кемиді)

  1. Кремний қышқылының тұздары  (силикаттар)

14.Аутосомалық  хромосоманың  21-ші  жұбында  біреуі  артық  болуынан  туатын  ауру  (даун)

15.Қазақстанның  климатына  әсер  ететін  ауа  массалары (арктикалық, қоңыржай, тропиктік)

 

 ІІІ. Керемет  үштік.

 

География

 

БиологияХимия
10

Магеллан

10

Мечников

10

Берцелиус

20

Ауа-райы  құбылыстары

20

Фотосинтез

20

Бейорг. қосыл-ң кластары

30

Пайдалы  қазбалардың  жіктелуі

30

Генетика  заңдары

30

Ковалентті  байланыс

40

Ең  кіші  мұхит

 

40

Ең  алып  сүтқоректі

40

Ең қиын балқитын металл

 

ІІ топқа:

1. 6,02∙1023

2. 130 млн, 7 млн

3.11 022 метр

4. 1869 жыл

5.6 995 метр

 

IV.Сандар  сыр  шертеді.

І топқа:

  1. 22,4 литр
  2. 40 000 км
  3. 17,6 кДж
  4. -132 метр
  5. 4,5 -5 млн

 

ІІ топқа:

Антропология

Стенобионт

АТФ

Орнитология

Цитология

Аллотропия

Гастарбайтер

Катализатор

Анион

Барометр

Амфотерлі

Атмосфера

 

  1. Терминдер әлемінде.

І топқа:

Гельминтология

Бриология

ДНҚ

Сурфактант

Регенерация

Изотоп

Миграция

Катион

Амплитуда

Гигрометр

Геосинклиналь

Литосфера

 

  1. Ойлан, тап.

Жұмбақтың  шешімін  тауып, биологиялық, химиялық  және  географиялық  тұрғыда  сипаттама  беру.

І топқа:

Құрғақ  жерде  сақтайсың

Онсыз  тағам  татпайсың (тұз)

ІІ топқа:

Өзі  мөлдір  сұйық

Онсыз  өмір  қиын  (су