Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу Word құжатына суреттер кірістіру

 

Сабақтың тақырыбы:    Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу Word құжатына суреттер кірістіру

Сабақтың мақсаты:   Оқушылар word мәтіндік редакторына суреттерді кірістірумен танысу.

Білімділік:  Алмасу буфер ісімен жұмыс істеу, мәтінге графикалық объектілері және графикалық суреттерді кірістіруді  үйрету.

Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абсракциясын дамыту.

Дамытушылық: Оқушыларың ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтын қолданылатын көрнекті құралдары : компьютер, инт.тақта, элект.оқулық

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру:

«Жылы жүрек» тренингі.(балалар бір-біріне жылы лебіздер айтады)

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

Өткен тақырыптар бойынша түсініктерін сұрау.

* Word мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?

*  word редакторын қалай іске қосамыз?

* word мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз

* Мәтіннің әріпін, өлшемін әлпетім қалай өзгертеміз?

* Мәтінді тегістеуің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Word  құжатына дайын суреттерді, сондай-ақ Paint  графикалық редакторында немесе басқа графикалық  қолданбаларда жасалған суреттерді кірістіруге болады.

Графикалық обьектіні кірістіру үшін келесі әрекеттерді орындаңдар.

  • Paint редакторын пайдаланып сурет салыңдар немесе дайын суретті суреттер кітапханасынан алыңдар.
  • Суретті белгілеңдер (яғни оларды Paint редакторындағы бөліп алу батырмаларының көмегімен қиып алу керек.)
  • Правка менюінен Копировать немесе Вырезать командаларының бірін таңдаңдар.
  • Суретті кірістіретін мәтінді ашыңдар.
  • Меңзерді құжаттың суретті кірістіретін жеріне орналастырып, Вставить батырмасын шертіңдер немесе Правка-Вставить командасын орындаңдар.
  • Суретті тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып іліп алыңдар да, мәтіннің тиісті жеріне орналастырыңдар.

Мәтінге кескінді 3 тәсілмен кірістіруге болады.

  • Алмастыру буфері арқылы (суретті ашу, қажет фрагментті ерекшелеу, оны алмастыру буферіне көшіру, алмастыру буферінен мәтінге кірістіру);
  • Суретті файлдан кірістіру (кірістіру-кескін);
  • Мәтінмен жұмыс кезінде суретті Paint— те салу (кірістіру – Paint суреті)

ІҮ. Практикалық жұмыс:

№1 деңгейлік тапсырма: Оқулықтағы «Жалау» өлеңін компьютерге енгізу.

Жалғыз жалау желбіреп,                       Ойнақтап түлеп, жел гулеп,

Тұманды теңіз төрінде.                         Майысар діңгек сықырлап.

Жат жерде жүр не тыңдап?                   Ол жүрген жоқ бақ іздеп,

Несі бар бөтен жерінде?                       Қашпайды бақтан бойды ұрлап.

(М.Ю.Лермонтовтан)

№2 деңгейлік тапсырма: Paint графикалық редакторда төмендегі суретті салу.

№3 деңгейлік тапсырма: Салынған суретті мәтіндік редакторында жазылған мәтінге қою.

Вставка – Рисунок – изображения – суретті таңдау

Ү. Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  1. Суретті мәтінге қосудың тәсілдерін ата.
  2. Суретті алмастыру буферінен мәтінге кірістіруді сипаттаңдар.
  3. Кірістіру – кескін және кірістіру – Paint суреті бұйрықтары арасындағы айырмашылық неде?

ҮІ. Үйге  тапсырма: 25-тақырыпты оқып келу. WORD  құжатына «Қыс» тақырыбына шағын мақала жазып, тақырыпқа сай сурет салып кірістіру.

ҮІІ. Оқушыларды бағалау.