Бір- біріне қарама- қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығару.

Бір- біріне қарама- қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Бір-біріне қарама-қарсы қозғалған денелерге байланысты есептер талданады. Балаларға қозғалысқа байланысты ұғымдарды толық түсіндіру, білім деңгейлерін тексеру, бағалау, бекіту.

Дамытушылығы: Алған ақпаратты есептер шығаруда, жаңа білімді бекітуде қолдана білу, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушылардың ойлау, еңбек ету қабілеттерін жетілдіру, оларды шыдамдылыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, бірлікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, машық жұмысы, топпен жұмыс.

Сабақтың типі: жаңа материалды хабарлау, меңгеру.

Көрнекілік: үлестірме материалдар,интерактивті тақта, дидактикалық  материалдар, тағылымы мол сөздер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.                                                                                                         

І. Қызығыушылықты ояту.

Психологиялық дайындық.

 Оқушыларды топқа бөлу.Әр топқа өткен сабақтардан тапсырма беріледі.

І .топ «Жылдамдық»

  1. Шеңбер – дегеніміз не?
  2. 4-тің кубы неге тең? ІІ. топ «Қашықтық»
  3. 4 бірдей қорапта 104 кг кәмпит бар. Осындай 9 қорапта неше кг кәмпит бар?

4.Қашықтықты қалай табамыз ?

ІІІ. топ «Уақыт»

5.Уақытты қалай табамыз?

  1. Жылдамдықты қалай табамыз?

 

                                        ІІ. Мағынаны тану.

Осыған дейін  біздер бір бағыттағы қозғалысқа есептер шығардық. Ал енді мына сызбаға көңіл аударайық бұдан не айтуға болады.

1 – Слайд.

Бір – біріне қарама – қарсы бағыттағы  қозғалу кезінде жақындау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең болады.

60 + 40 = 100 (км/ сағ)

Автокөліктердің неше сағаттан кейін кездескенңн білу үшін, алғашқы арақашықтықты жақындау жылдамдығына бөлу қажет.

Ә) Әр сағат сайын автокөліктердің арақашықтығы қанша уақытқа қысқарады?

2 – Слайд. Кестені толтыру.

Қозғалыс уақыты1 сағ 2 сағ 3 сағ4 сағ
Автокөліктердің арасындағы арақашықтық

 

3 – слайд.

2 – есеп.

4 – слайд.

Сызба бойынша есеп құрастыру. Әртүрлі тәсілмен шығар.

25*3=75 (км)                   25+30 =55(км/САГ)

30*3= 90(км)                   55 * 3 = 165(км)

75 + 90 =165 (км)

ІІІ. Оқулықпен жұмыс.

3 – есепті үш топ бөліп орындайды.

І – А.     ІІ – Ә.     ІІІ —  Б.

5 –слайд.

  1. « Математикалық диктант».

І-топ. 860 және 160 сандарының айырмасын  8 есе арттыр.

ІІ-топ. 90 және 5 сандарының көбейтіндісінен 370- ті азайт.

ІІІ-топ.53 пен 7- нің көбейтіндісін 815 пен 793-тің айырмасын азайт.

550 мен 350 – дің қосындысының 9 бір бөлігін тап.

  1. Логикалық есептер.

І-топ: «Жылдамдық»

«Екі қарға». Екі қарғаның біреуі оңтүстікте, біреуі солтүстікте қарап отыр. Олар біріне – бірі:

Достым, мен сені көріп отырмын, – дейді. Олар бірін – бірі қалай көреді?

ІІ-топ: «Уақыт»

Теңдіктер дұрыс болатындай етіп амалдар таңбасын қой.

  1.  2  2  2  2 =7
  2.    3  3  3  3  3  3    = 1000
  3.      8  8  8  8  8  8  8  8  8   =1000

ІІІ-топ: «Қашықтық»

Шырылдауық ала жаздай ән салып, 1 тәуліктің жартысын ұйықтап, үштен бірінде ән салады, алтыдан бірінде би биледі. Қалған уақытында қысқа дайындық жасаймын деді. Қысқа дайындыққа қанша уақыт кетті?

  1. Ой толғаныс. Сабақты қорытындылау.

Тест жұмысы.

 

Батыс Қазақстан обылысы.

Орал қаласы.

 

Логикалық жаттығулар

Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай)

Асханаға 100 кг пияз  және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді?  (300 кг)

Кітапқа 100 теңге және тағы сол кітаптың жарты бағасы төленді. Кітап қанша тұрады?       (150теңге)

Ұшақ  Алматыдан  Астанаға 85 мин ұшады, ол Астанадан Алматыға 1 сағ 25 мин та жетеді. Қайсысы ұзақ ұшады? (бірдей)

7 май шам жанып тұр. Оның екеуін  сөндірдім.      Қанша май шам қалды?

(2 қалғаны жанып кетті)

  1. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
  2. 1 аяқпен тұрған әтештің салмағы 5 кг, ал 2 аяқпен тұрғанда салмағы қанша? (5 кг)