Топографиялық сызулардың элементтері

Сабақтың тақырыбы: Топографиялық сызулардың элементтері

Мақсаты. Оқушыларды топографиялық сызулардың элементтеріментаныстыра отырып, жергілікті жерлер туралы мәлімет беру, инженерлік бағдар беру,кеңістік ойларын, еңбектені іс-әрекеті дағдыларын дамыту, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:  топографиялық сызулармен танысады және жергілікті жерлер туралы мәлімет алады.

Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі:  баяндау, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі:оқулық, сызбаға қажетті құралдар.

Сабақтың барысы

   І. Ұйымдастыру кезеңі

  ІІ.  Жаңа тақырып меңгеру. Топографиялық сызулардың техникалық және құрылыс сызуларынан айырмашылығы міндеттерімен, шартты белгілерімен және сызуынан өзгешеленеді. Топографиялық сызулар оқу пәні сияқты, топографиялық карталардың түпнұсқасының сызылуы тәсілдерін және әдістерін оқытады.

Картада нысандардың орналасқан жерін анықтау мақсатында километр деп аталатын тік бұрышты координаталық тор сызылады.

Жердің горизонтальдарын оның физикалық беті мен деңгейлік бетінің қиылысуынан пайда болған із деп қарастыруға болады. Мысалы, ақпайтын су қоршап тұрған төбенің горизонталі оның жағалық сызығы болып табылады.

  Шартты белгілері

Отқа төзімді                            Зауыттар мен               Электр станциясы               Электр желісі

құрылымдары бар квартал              фабрикалар

Темір жолдар                               Тас жол                           Төсеме жолдар

Ауыл аралық жолдар                      Көпірлер                          Биіктік белгілері

Топографиялық масштабтар: 1: 10000, 1: 25000, 1: 100000

ІІІ. Өзіндік жұмыс. Топографиялық элементтерін қайталау.

ІҮ. Бағалау