Ғимараттың сызбанұсқасы, қасбеті мен тілігі

Тақырыбы: « Ғимараттың сызбанұсқасы, қасбеті мен тілігі»

Мақсаты. Оқушыларды ғимараттың сызбанұсқасын салу әдістерімен таныстыра отырып, логикалық және кеңістік ойларын, еңбектегі іс-әрекеті дағдыларын дамыту, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:   ғимараттың сызбанұсқасын салу әдістерімен таныса отырып, қасбеті мен жоспарын сыза  алады.

Түрі: жаңа тақырып меңгеру, бекіту

Әдісі:  СТО бағдарламасының элементтері, ақпараттық технология, топпен жұмыс

Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта,оқулық, сызбаға қажетті құралдар.

                                    Сабақтың барысы

   І. ҰЙЫМДАСТЫРУКЕЗЕҢІ

Балалар, бір-бірімізге күліп, қарап, сәттілік пен шығармашылық тілейік!

ІІ. ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ

Сабағымызды зеректеріңізбен кеңістікті көз алдына елестету қабілеттеріңізді дамыту мақсатында сәл ойын ойнайық. Көздеріңді жұмып, елестетіңдер, квадрат, оның центрінде нүкте бар. Сол нүкте қозғалады:

  1. жоғары, оңға, төмен, төмен, солға, солға. Нүкте қай жерде? Сол жақ төменгі бұрыш
  2. Солға, солға, жоғары, оңға, оңға, төмен. Нүкте қай жерде? Оң жақ ортада.

Өте жақсы, енді жұмысқа кірісейік.

Балалар, қандай да болсын ғимаратты салу үшін неден бастау керек? ( жауабы: жоспар жасау және сызбалардан). Ғимараттың жоспары деген не? Қасбет деген не?  Ғимараттің тілігі қай жерден өтеді және қандай түрлері болады?

IIІ.  МАҒЫНАНЫ ТАНУ

1-слайд: Сабақтың тақырыбы: « Ғимараттың сызбанұсқасы, қасбеті мен тілігі»

Әр адам өмірінде біріншіден -үй салу, екіншіден- терек отырғызу, үшіншіден – бала тәрбиелеу керек дейді.  Ал біздердің таңдайтынымыз, әзірше, үй салу. Ол үшін үйдің жоспарын жасаумыз керек, немесе құрылыс сызбасын орындау деген сөз.

2-слайд: Құрылыс сызбада қандай кескіндер бар? ( көріністер, тіліктер, проекциялау, өлшем салу, т.б.). Құрылыс сызбаларындағы өлшемдік сызықтар қысқа штрихтармен аяқталады.

Жоспарда өлшем сызықтар сыртқы қабырғалардың сырт жағынан қойылады:

Бірінші қатарда терезе мен есік ойындылар және аралық қабырғалардың өлшемдері,

Екінші қатарда іргелес екі осьтің арасындағы өлшем,

Үшінші қатарда жалпы өлшем түсіріледі.

Ал, енді сынып 4 топқа бөлінеді, әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі.

3-слайд:

   І топқа: машинақұрылыс сызбамен құралыс сызбаның айырмашылығы мен ұқсастығын тауып алдарыңыздағы кестеге толтырасыңыз. Оқулықты қолдануға болады.

Басты көрініске қарап түйінделген екі геометриялық денеден тұратын көлемді композиция салу.

                      Ұқсастығы           Айырмашылығы
Тікбұрыштап проекциялауКөріністердің атауы (қасбет, жоспар, тілік).
Типтік және тетікбөлшек қосылыстар жиі қолданыладыҚасбетпен тілікте биіктік белгілер көрсетіледі.

 

Сыз    Сызуды орындау ережелері бірдейШартты белгілері
Тіліктер қолданыладыҚолданылатын масштабтар
Сызба сызу үлгісіӨлшем салудағы штрих

 

4-слайд

 

 

 

5-слайд —   ІІ топқа: Болашақ интернаттың қасбетін салу.

6-слайд- ІІІ топқа: Берілген тұрғын үй қасбеті арқылы сызбанұсқасын салу.

7-слайд- ІҮ топқа: Берілген тұрғын үй сызбанұсқасының сыртқы қабырғалары берілген, арақабырғалармен, есіктермен және терезе ойықтарымен толтырып, жиһаздармен сантехникалық жабдықтарды орналастыру. Ол үшін, біріншіден, сызу сабағында дәстүрлі қолданатын құралдарды қолданбаймыз, қолданатынымыз қарындаш, маркер, фломастер, желім;

Екіншіден, тапсырманы дәстүрлі емес әдістермен орындау, жапсырмалау техникасын қолданасыңдар.Ал, барлық шығармашылық және ой ұшқырлы қабілеттеріңізді көрсетіңдер.

Әр топ жұмыстарын қорғайды.

ІҮ. ОЙ ТОЛҒАНЫС. ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Құрылыс сызбалар жөнінде не білгендеріңізді тексерейік.

8-слайд: Дәптерлеріңізге блиц-тест орындайсыңдар. 5 сұраққа «ия» немесе «жоқ» деп жауап

бересіңдер. Бір-біріңізді тексеріңдер. 5 сұраққа дұрыс жауап бергенге «5» баға, төрт сұраққа дұрыс жауап бергенге «4».

«Құрылыс сызбалар» тақырыбы бойынша блиц-тест

Жоспар-ол  вертикаль жазықтықпен ойша қиғандағы ғимарат кескіні. (-)

Қасбет –ол  ғимараттың алдыңғы көрінісі. (+)

Жоспарда ғимараттың пішіні мен өлшемдері, бөлмелердің орналасуы, терезе мен есіктердің тұрған орындарын көрсетеді. (+)

Ғимараттың тілігі -олғимараттың көше жағынан қараған көрінісі (-)

Үйдің сыртқы қабырғалары жіңішке сызық, ал арақабырғалар жуан сызықпен сызылады (-)

 

9-слайд:  Екінші графикалық жұмысқа дайын екеніңізді көріп отырмын ол, бірқабатты үйдің кескіні арқылы жоспарын салу және сантехникалық жабдықтарды орналастыру.

Ү. ҚОРЫТЫНДЫЛАУ. Салған жоспарларын талдау.

Сонымен қандай тақырыпты өттік?

Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?

ҮІ. БАҒАЛАУ. Жетон арқылы

— Жақсы, балалар, бұл сендердің құрылыс жобасындағы алғашқы қадамдарыңыз.

Болашақта, мүмкін, кейбіреулеріңіз құрылысшы болып, осы алған білімдеріңіздің пайдасы тиер деп ойлаймын. Сендердің жылылығы, ауызбіршілігі, достығы мен махабаты бар үйде тұруыңызға тілектеспін.

ҮІ. ҮЙ ЖҰМЫСЫ. 141-бетте, 14-қосымша – нұсқа бойынша ғимараттың  сызбанұсқасын орындап, сызбадағы әріптер мен  цифрлардың орнына ғимарат элементтері мен сантехникалық  жабдықтардың шартты белгілерін қойыңдар.