Құрастыру бірлігі тетікбөлшектерінің эскизін орындау

Тақырыбы: Құрастыру бірлігі тетікбөлшектерінің эскизін орындау

Мақсаты. Оқушылардың бөлшектеу туралы түсінігін қалыптастыра отырып графикалық білімдерін толықтыру. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту, адамгершілікке, ұқыптылыққа, еңбекке баулу.

Күтілетін нәтиже:  бөлшектеу арқылы тетікбөлшектердің эскизін орындай алады.

Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі:  баяндау, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта,оқулық, сызбаға қажетті құралдар.

                                    Сабақтың барысы

   І. Ұйымдастыру кезеңі

   ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Тік бұрышты изометриялық проекцияда шеңбер қалай кескінделеді?

Бұйым деп нені айтады және оларды қандай топтарға бөледі?

Тетікбөлшек және құрастырылған бұйымдарға аңықтама беріп, мысалдар келтір.

Қандай сызбаларды оригиналдар, түпұнұсқалар немесе көшірмелер деп атайды?

Эскиз деп қандай конструкторлық құжатты айтады? Эскизде кескіндер қалай салынады? Оның масштабы болама? Көз мөлшерінің масштабын қалай түсіндіресің?

Бұрандалардың ішінде көп тарағаны қайсысы? Алдымен бұрандалардың қарастырылған типтерін атап шық.

 ІІІ.  Жаңа тақырып меңгеру.   «Қысқыш» бұйымы сызбасының мысалында құрастыру сызбасын бөлшектеу ретін қарастырайық:

  1. «Қысқыш» құрылғының жұмысымен танысады.
  2. Бұйымның көрнекі кескіні, құрастыру сызбасы және сипаттізімі бойынша әр тетігінің құрылымы мен құрамы және пішіні туралы түсінік алғаннан кейін тетікбөлшектердің эскизін орындайды. Әр тетікбөлшектің ең аз, сонымен бірге жеткілікті кескіндер саны болу тиіс.

«Жолақ»       Корпус»    « «Бастырғыш»

 

ІҮ. Өзіндік жұмыс. 6.10 және 6.11-суреттерде берілген құрастыру сызбалары негізінде мұғалімнің ұсынысы бойынша 2-3 тетікбөлшектің эскиздерін, өлшемдерін түсіріп, орындау.

Ү. Бағалау.

ҮІ. Үй жұмысы. Бітіру