Тетік бөлшектердің сызбалары және оларға қойылатын талаптар

Тақырыбы: Тетік бөлшектердің сызбалары және оларға қойылатын талаптар

Мақсаты: құрастыру сызбалары бойынша құрастыру бірлігінің тетікбөлшектері сызбаларын орындап үйрету, тетікбөлшек сызбалары жөнінде мәлімет беру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.         

Күтілетін нәтиже: тетікбөлшек сызбалары жөнінде мәлімет алады

Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі:  баяндау, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі:  оқулық, сызбаға қажетті құралдар.

                                    Сабақтың барысы

   І. Ұйымдастыру кезеңі

   ІІ. Үй жұмысын тексеру. бөлшектеу деген не?    бөлшектеу процесінің мән-мағынасы неде?

ІІІ. Жаңа тақырып меңгеру.

       Тетікбөлшек сызбасы – тетікбөлшек кескіндерінен тұратын және оны жасауға, бақылауға қажетті басқа да мәліметтер бар құрылымдық құжат. Тетікбөлшек сызбасы артық кескіндер мен жазусыз, мейлінше анық, айқын орындалған болуы тиіс. Сызбаны орындауда басты көріністі таңдауға ерекше мән беріледі. Оның таңдалуы тетікбөлшекті жасаудағы негізгі технологиялық операцияның жағдайына байланысты болады, ал тетікбөлшектің құрастыру бірлігінің сызбасында орналасуына тәуелді болмайды.

Мысалы, айналу беттерімен шектелген тетікбөлшектерді, олардың осьтері негізгі жазуға қатысты көлденең орналасатындай етіп кескіндейді.

Стандартты тетікбөлшектердің сызбаларын орындамайды. Олардың өлшемдерін анықтамадан алады.

Тетікбөлшектердің оқу сызбаларынорындау тәртібін қарастыру.

Құрастыру сызбасын оқығаннан кейін эскизін орындайды. Эскиз – тікбұрыштап проекциялау әдісімен қолдан орындалған тетікбөлшек сызбасы. Тетікбөлшек эскизін орындауда  барлық ережелер мен шарттылықтар ұстанылуы тиіс. Сонымен эскиз деген бір ақ рет қолданатын, уақытша сызба.

Эскиз жасау реті:

—   Геометриялық пішініне талдау жасап, тиімді кескіндер анықтау;

—   Масштабын дұрыс таңдау;

—   Егер құрастыру сызбасы нақты өлшемдермен сызылған болса, жетіспейтін өлшемдерді тікелей өлшеп алады.

—  Эскизді орындап, тексергеннен кейін, тетікбөлшекті орындауға болады.

Есте сақтау!

— Бір сызбада бірнеше тетікбөлшектер кескіндерін  орындауға қатаң түрде рұқсат берілмейді. Әр тетікбөлшек бөлек парақта өз негізгі жазуымен атауы жазылып орындалуы тиіс.

— Кескіндер саны мейлінше аз, бірақ сызбаны бір мағынада, дұрыс оқуға болатындай болуы тиіс.

— Таңдалған масштабқа қарамастан  тетікбөлшек сызбасында нақты, яғни тетікбөлшек жасалғаннан кейін болатын өлшемдері қойылуы тиіс.

ІҮ. Өзіндік жқмыс. «Қысқыш» сызбасының эскизін орындау

Ү. Бағалау

ҮІ. Үй жұмысы. Эскизді аяқтау