Құрастыру сызбасында пайдаланылатын шарттылықтар мен жеңілдетулер

Тақырыбы: “Құрастыру сызбасында пайдаланылатын шарттылықтар мен жеңілдетулер”

Мақсаты. құрастыру сызбасында пайдаланылатын шарттылықтар мен жеңілдетулермен таныстыру, графикалық сауаттылықтарын дамыту, графикалық мәдениетін тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: құрастыру сызбасында падаланылатын шарттылықтар мен жеңілдетулермен танысады

Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі:  баяндау, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: оқулық, сызбаға қажетті құралдар.

                                    Сабақтың барысы

       І. Сынып оқушыларын ұйымдастыру

 

   ІІ. Үй жұмысын тексеру. 70-беттегі сұрақтарға жауап беру.

 

ІІІ.  Жаңа тақырып меңгеру.

Құрастыру сызбаларын дұрыс оқу үшін, оларды орындау кезінде қолданылатын негізгі шарттылықтар мен жеңілдетулерді білу керек.

Мысалы, тетікбөлшектің шеткі немесе аралық қалпы, 232-суретте итергіштің кескіні екі нүктелі жіңішке штрихпунктир сызықпен жоғары қарай ұзартылған. Бұл нені білдіреді?

Итергіш жоғары қарай қозғалады да, бастапқы қалпына қайта келеді. Құрастыру сызбаларында

тетікбөлшектің шеткі немесе аралық қалпы екі нүктелі жіңішке штрихпунктир сызықпен көрсетіледі. А көріністе тұтқа (2-деталь) көрсетілмеген, соған назар аударыңдар. Бұл тетікбөлшектің пішіні басқа кескіндермен анықталады. Осы берілген көріністе тұтқа саптың бұрандалы тесігі бар бөлігін көлегейлеп тұр. Мұндай жағдайда тетікті көрсетпейді, ал сызбада «Тұтқа көрсетілмеген» деп жазады.

Шекаралық тетікбөлшектерді кескіндеу. Кейде құрастыру сызбасында берілген бұйымның құрамына енбейтін тетікті көрсетуге тура келеді. Осындай тетіктің бөлігі 248-суретте көрсетілген. Оны жіңішке сызықпен айналдыра сызады.

Кескіндердің саны мен өлшемдерін қысқарту. Кескіндердің санын азайту үшін көрініс пен тілікті біріктіріп сызуға болады. Масштабты кішірейтпей, кескіндердің өлшемін кішірейту үшін үзік қолданады.

ІҮ. Бекіту. Сұрақ-жауап

  1. Құрастыру сызбаларында тетіктің шеткі немесе аралық қалпын қандай сызықтармен көрсетеді?
  2. «Тұтқа көрсетілмеген» деген жазуды қалай түсінуге болады?
  3. Жіңішке сызықпен қандай жағдайда айналдырады?
  4. Кескіндердің санын қандай тәсілмен қысқартуға болады?

Ү.  Практикалық жұмыс. 6.9-сурет. Кондуктордың құрастыру сызбасын сызу.

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үй жұмысы. аяқтап келу.