Сипат тізімі

Тақырыбы: «Сипат тізімі»

Мақсаты: бұйымға енетін тетіктер жөнінде мәліметтер кесте түрінде жазылған құжатпен таныстыру, құрастыру сызбалар туралы білімдерін кеңейту, сызба сызу дағдыларын арттыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже: сипаттамалық құжатты толтырып үйренеді.

Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі: түсіндіру

Көрнекіліктер: оқулық, сызбаға қажетті құралдар

                                                  Сабақ барысы

І Ұйымдастыру бөлімі

ІІ Үй жұмысын тексеру. Сызбаларын тексеріп бағалау

ІІІ. Жаңа тақырып меңгеру

Сипаттамалық құжат – кесте түрінде орындалатын негізгі құжат, онда құрастырмалы бірліктің барлық құрамды бөліктерінің атаулары, тұрған орындарының нөмірлері келтіріледі және олардың саны көрсетіледі.

Сипаттамалық құжатты А4 параққа орындайды.

Сипаттамалық құжаттың пішіні мен өлшемдері

 

8                        85                             10                      52                                 30

 

 

 

Орны          Атауы

 

 

Саны  Материалы         Ескерту
1Тіреу1алюминий 
     
                                             Негізгі жазу

 

 

                                                                                185                                                           

 

 

1 графада рет нөмірі, 2 графада тетіктің атауы, 3- бұйымға енетін тетіктердің саны, 4- тетіктердің материалы, 5- қосымша мәліметтер. Сипаттамадағы тетіктерге қойылатын позиция нөмірлері сызбадағы соларға сәйкес кескіндердің жанына жазылады. Жанасатын екі тетікті қимада немесе тілікте кескіндеу кезінде қарама-қарсы бағытта штрихтауды қолданады: бір тетік үшін онға, екінші тетік солға 45° көлбеу жүргізіледі.

ІҮ. Өзіндік жұмыс. «Ажыратқыш» бұйымның сипаттамасын жазу. Бағалау

Ү. Үй жұмысы. «Қозғалмалы айналтұтқаның» құрастыру сызбасын оқу.