Біріктірулер туралы жалпы мәлімет

Тақырыбы: “Біріктірулер туралы жалпы мәлімет”

Мақсаты. Біріктірулер туралы жалпы мағлұмат беру, ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер түрлерімен таныстыру, логикалық және кеңістік ойын дамыту, өздігінен білім алуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: ажырайтын және ажырамайтын біріктірулерді айыра алады.

Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі:  баяндау, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: компьютер,оқулық, сызбаға қажетті құралдар.

 

                                    Сабақтың барысы

 

       І. Сынып оқушыларын ұйымдастыру

ІІ.  Жаңа тақырып меңгеру.

Бірнеше тетіктерден тұратын бұйымдардың кескіндері және оның сызбалары құрастыру сызбалар деп аталады. Тетікбөлшектердің ажырайтын және ажырамайтын қосылыстары болады.   Техникада тетіктердің мынадай қосылыстары қолданады: болттық, шпильдік, шпондық, тойтарып шегелеу, штифтік, пісіру, винттік.

Тетіктерді, олардың құрамына енетін және біріктірілетін элементтерді бүлдіріп алмай, бірнеше рет бөлшектеу мен қайта жинау мүмкін болатын біріктіру ажырайтын біріктіру  деп аталады.Бұрандалы біріктіру ( болттық, винттік, бұрамасұқпалы) шлицтік, кілтектік (шпондық), штифтік біріктірулер ажырайтын біріктірулерге жатады.

Шпондық қосылыс
Штифтік қосылыс

Болттық қосылыс          Бұрамасұқпалы қосылыс

 

Бөлшектеуге мүмкін болмайтын және біріктірілген тетіктерді немесе оларды біріктіріп тұрған элементтерді бүлдіріп алу нәтижесінде ғана ажырату мүмкін болатын біріктіру ажырамайтын біріктіру деп аталады. Оған жататындар: тойтарып, дәнекерлеп, пісіріп. желімдеп және тігіп біріктіру 180-суретІІІ. Бекіту. Сұрақ жауаптар

  1. Қандай біріктіру ажырайтын біріктіруге, қандай ажырамайтынға жатады?
  2. Бұранда деген не?
  3. Бұранданың негізгі параметрлері қандай?
  4. Метрлік бұранда қалай белгіленеді?

ІҮ. Өзіндік жұмыс. Біріктірулердің техникалық суретін салу.

Ү. Бағалау

ҮІ. Үй жұмысы. Техникалық суретін аяқтау.