Күрделі тіліктер. Эскиз

Тақырыбы: “Күрделі тіліктер. Эскиз”

Мақсаты: күрделі тіліктердің орындау ережелерін меңгеру, ережелерді сақтай отырып, сызбаларды орындау. Тақырып арқылы оқушыларды сызба сауаттылығына үйрету, адам өміріндегі сызбаның маңыздылығына көз жеткізу, түсіндіру

Түрі: жаңа тақырып

Әдісі:  баяндау, сұрақ-жауап, тест

Көрнекілігі:  тақта, оқулық, сызбаға қажетті құралдар.

                                    Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлігі

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау. Сұрақ-жауап

  1. Қандай тіліктер қарапайым тіліктерге жатады?
  2. Қандай жағдайларда тіліктер белгіленеді?
  3. Тіліктің қимадан айырмашылығы неде?

ІІІ. Жаңа тақырып меңгеру.

Екі және одан да көп қиюшы жазықтардың көмегімен алынатын тіліктер күрделі тіліктер деп аталады. Кейде тетік элементтерінің санын, олардың пішіндерін және орналасуларын қарапайым тілікте бір қиюшы жазықтықпен кескіндеу мүмкін болмайды, бұл бірнеше қиюшы жазықтарды қолданудың қажеттігін тудырады. Осындай жағдайларда күрделі тіліктер пайдаланады.

Күрделі тіліктер сатылы және сынық  тіліктер болып екіге бөлінеді. Бірнеше параллелель қиюшы жазықтармен орындалған тіліктер сатылы тіліктер деп аталады. Тілік үш қиюшы фронталь жазықтармен жүзеге асырылады. Барлық қиюшы жазықтықтар бір фронталь жазықтықта біріктірілген және күрделі тілік қарапайым тілік сияқты орындалады.

Нәрсені параллель емес, қиылысатын жазықтықтармен қиюдан алынатын тіліктер  сынық тіліктер деп аталады. Қиюшы жазықтықтарды шартты түрде өзара қиылысу сызығынан негізгі проекция жазықтарының қандай да біреуіне параллель жазықтықпен беттескенше айналдырады. Сондықтан сынық тіліктер фронталь, горизонталь және профиль тіліктер бола алады.

ІҮ. Бекіту

  1. Күрделі тіліктің қарапайым тіліктен айырмашылығы неде?
  2. Қандай тілік сатылы тілік деп аталады?
  3. Ол қандай жағдайларда пайдаланады?

Ү. Өзіндік жұмыс.

Оқулықтың 78-беті,  162-сурет. Үстіңгі көріністі белгілей отырып, сатылы тілікті бас көріністің орнына орындау. Сол жақ көріністі тетіктің көрінбейтін контурының жетіспейтін сызықтарымен толықтырып, сызу.

ҮІ. Үй жұмысы.

Оқулықтың 78-беті,  163-сурет.