№ 4 графикалық жұмыс. Геометриялық денелер

Тақырыбы: «№ 4 графикалық жұмыс. Геометриялық денелер»

Мақсаты: оқушыларды айналу геометриялық денелер проекциясы туралы біліктіліктерін сызба арқылы тексеру, оқушылардың кеңістік туралы ұғымын кеңейтіп, ойша талдау жасау және шапшаңдық қабілетін дамыту, оқушыларды тиянақтылыққа, ойларын қолдана білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: берілгенгеометриялық денелердің екі проекциясының үшінші проекцияларын орындау және сұрақтарға жауап беру арқылы білімдері бекітіледі.

Сабақтың түрі: графикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар:  сызба құралдары, формат А4

Сабақ барысы 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сарамандық жұмыс. Үлестірмелі карточкалармен жұмыс істейді.

І тапсырма: Сұраққа жауап беру

  1. Қандай геометриялық денелердің проекциялары орындалған?
  2. Айналу денелер бар ма? Болса, аттарын атаңдар.

ІІ тапсырма: Жетіспейтін сызықтармен толықтырып, үшінші проекциясын орындау.

ІІІ. Бағалау.