Геометриялық денелер, көпжақтар. Нәрсенің геометриялық пішініне талдау жасау

Тақырыбы «Геометриялық денелер, көпжақтар. Нәрсенің геометриялық пішініне талдау жасау»

Мақсаты: оқушыларға геометриялық денелер проекциясы туралы мәлімет беру, біліктілітерін арттыру, оқушылардың кеңістік туралы ұғымын кеңейтіп, ойша талдау жасау және шапшаңдық қабілетін дамыту, оқушыларды тиянақтылыққа, ойларын қолдана білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: оқушылар нәрсенің геометриялық пішініне талдау жасау арқылы геометриялық денелер проекциялары туралы білім алады, өз ойларын ортаға сала алады.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып меңгеру, сарамандық жұмыс

Әдістері:  ақпараттық технология-интерактивті тақтаны қолдану

Құрал-жабдықтар:  компьютер, сызба құралдары, үлестірмелі карточкалар, жұмыс дәптері.

Сабақ барысы   

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды сабаққа даярлау

ІІ Өткенді еске түсіру: Қандай геометриялық денелердің білесіңдер?   Геометриялық денелердің проекциялары қандай фигуралардан тұрады?

ІІІ Жаңа сабақ  Геометриялық денелердің проекцияларының орындалу жолдарын түсіндіру.

Техникалық тетіктің кез келген қарапайым пішіні геометриялық дененің пішіні ретінде қаралады. Мысалы, 3.1-суретке назар аударайық, ось және төлке цилиндр тәрізді. Нәрсенің геометриялық пішініне талдау жасау дегеніміз нәрсені ойша ол құралатын геометриялық денелерге бөлшектеу. Слайдта геометриялық денелердің суреттері және проекциялары көрсетіліп, түсіндіріледі.

 

ІҮ. Бекіту  Слайдтар арқылы сұрақтарға жауап береді

Ү. Өзіндік жұмыс.   Үлестірмелі карточкамен жұмыс

  1. Геометриялық дененің үш проекциясын орында
  1. Проекция арқылы геометриялық денені орында

ҮІ  Бағалау. Үлестірмелі карточкамен жұмыс арқылы бағаланады.

ҮІІ Үйге жұмыс   §3.2, 4-қосымшаның 1 нұсқасын орындау