Кескіннің аксонометриялық прокциялары

Тақырыбы: «Кескіннің аксонометриялык прокциялары»

Мақсаты: аксонометриялық проекцияның осьтерін шығарып алып, нәрселердің аксонометриялық проекцияларын сызып үйрену; сызу аспаптары мен құралдарын тиімді пайдалануға дағдыландыру; оқушыларды тиянақтылыққа, ынталыққажәне дербестікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: қиғашбұрышты фронталь диметрия осьтерін сызып, орналастыруға үйреніп, нәрселердің аксонометриялық проекцияларын сызып үйренеді, өзіндік практикалық әрекет ортасы қалыптасады, ойлау қабілеттері дамиды.

Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс

Әдістері:  ақпараттық технология-интерактивті тақтаны қолдану

Құрал-жабдықтар:  компьютер, сызба құралдары, жұмыс дәптері.

Сабақ барысы   

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Екі көрінісі берілген нәрсенің аксонометриялық проекциясын салудың тәсілін қарастырайық.

Төмендегі кестеге қарағанда, изометриялық проекция мен фронталь диметриялық проекцияны салу ережесі жалпы алғанда бірдей екендігін көреміз. Олардың айырмашылығы – тек осьтердің орналасуында және У осінің бойына салынатын кесінділердің ұзындығында ғана.

Нәрсенің өлшемдерін аксонометрияға түсіргенде шығарма сызықтар аксонометриялық осьтерге параллель, ал өлшем сызықтары өлшенетін кесіндіге параллель жүргізілетіндігіне назар аудару керек.

Аксонометриялық проекцияларды салу тәсілдері

  1. Осьтерді жүргізеді. Нәрсенің алдыңғы жағын салады да, оның нақты өлшемдерін: биіктігін

Z осінің бойына, енін Х осінің бойына түсіреді.

  1. Әр төбесінен қырларды У осіне параллель жүргізеді. Оның бойына қалыңдығының өлшемдерін: диметрия проекциясына екі есе қысқартылады, ал изометрияда нақты өлшемі түсіріледі.
  2. Осыдан шыққан нүктелер арқылы нәрсенің алдыңғы жағының қырларына параллель түзулер жүргізіледі.
  3. Артық сызықтарды өшіріп, көрінетін контурды бастыра жүргізеді. Өлшемдері түсіріледі.

 ІІІ  Өзіндік жұмыс           Аксонометриялық проекцияны  салу реті

 

ІҮ   Бағалау

Ү Үй жұмысы. Нәрсенің фронталь диметриялық және изометриялық проекцияларын салу.