Көпбұрыштардың аксонометриялық проекциясы

Тақырыбы «Көпбұрыштардың  аксонометриялық проекциясы»

Мақсаты: аксонометриялық проекцияның осьтерін шығарып алып, нәрселердің аксонометриялық проекцияларын сызып үйрену; сызу аспаптары мен құралдарын тиімді пайдалануға дағдыландыру; оқушыларды тиянақтылыққа, ынталыққажәне дербестікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: нәрселердің аксонометриялық проекцияларын сызып үйренеді, өзіндік практикалық әрекет ортасы қалыптасады, ойлау қабілеттері дамиды.

Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс

Әдістері:  ақпараттық технология-интерактивті тақтаны қолдану

Құрал-жабдықтар:  компьютер, сызба құралдары, жұмыс дәптері.

Сабақ барысы   

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй жұмысын тексеру. Сұрақтар: 1. Аксонометриялық проекциялау әдісінің мәні неде?

  1. Аксонометриялық проекцияның түрлерін атаңыз. 3. Изометрияда координат осьтері қалай орналасады? 4. Диметрияда координат осьтері қалай орналасады?

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру. Екі көрінісі берілген нәрсенің аксонометриялық проекциясын салудың тәсілін қарастырайық.

Фронталь диметриялық проекцияСалу ретіИзометриялық проекция
 

 

 

 

 

Шаршы.х ось бойына шаршының бір жағы салынады, ал у ось бойына шаршының жарты жағы салынады, бұл диметрия проекциясына, ал изометрия проекциясына түгел жақтары салынады. Параллель сызықтар жүргізіледі.
 

 

Үшбұрыш. х ось бойындағы

О нүктесінің екі жағына үшбұрыштың бір жағының өлшемі салынады, у ось бойына /диметрия проекциясы үшін/ өлшемнің жартысы салынып, шыққан  нүктелер сызықпен қосылады.

Алтыбұрыш. х ось бойына О нүктесінен оңға және солға қарай алтыбұрыштың өлшемін салады. у осіне О нүктесінен алтыбұрыштың жарты өлшемін салады да сызықпен нүктелерді қосады.

                                     Аксонометриялық проекциялар ережелері:

  • z осі қашанда вертикаль;
  • барлық өлшемдер аксонометриялық осьтер немесе оларға параллель түзулер бойынша орындалады;
  • кешендегі сызбадағы барлық түзу сызықтар бір-біріне немесе координат осьтеріне параллель;
  • изометрия осьтеріне бір-біріне 120º бұрыш жасайды;
  • диметриялық проекция: х — горизонталь, z – вертикаль, у – горизонтальға 45 º бұрыш жасайды;
  • у бойына ені екі есе қысқарады.

ІҮ. Өзіндік жұмыс. Кестені сызу.

Ү.Бағалау.

ҮІ.Үй жұмысы. 97 беттегі 5-кестені сызу