Сызықтарды және жазық фигураларды проекциялау

Тақырыбы: «Сызықтарды ж/е жазық  фигураларды проекциялау»

Мақсаты:  Әр түрлі геометриялық пішіндердің үйлесімін жазықтыққа бейнелей білуді оқыту. Оқушының кеңістікті көз алдына елестету қабілетін және график мәдениетін қалыптастыру. Оқушыны ұқыптылыққа және дербестікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: жазық фигураларды жаттығу арқылы сызып үйренеді.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру

Әдістері:             практикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар:  компьютер, интерактивті тақта, оқулық, тақта, сызба құралдары жұмыс дәптері

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Сызбалар арқылы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырып меңгеру

Сызбаны сәтті орындау үшін нені білу керек? Жазық беттерден тұратын қандай болмасын зат төбелерімен, жақтарымен, қырларымен шектеледі. ( 2-3-слайд)

Сызбада әртүрлі бұйымдарды кескіндей білуді үйрену үшін, тікбұрышты проекцияларда заттың төбелері (нүктелер), қырлары (түзулер), жақтары (жазықтық бөліктері) қалай кескінделетінін білу керек.

Тікбұрышты проекцияларда қандай кескіндер пішіні мен өлшемі бойынша проекциялар жазықтығына қатысты әртүрлі орналасқан жазық заттар болуы туралы қорытынды жасауға болады:     4-слайд

  1. Проекция жазықтығына параллель жазық фигура, жазықтықта нақты өлшемдерімен кескінделеді

2.Проекция жазықтығына көлбеу жазық фигураның өлшемдері бұрмаланып түседі

3.Проекция жазықтығына перпендикуляр жазық фигура, жазықтықта кесінді түрінде бейнеледі

ІҮ. Бекіту.   5-12 слайд:  нүктенің, кесіндінің және жақтардың проекциясын салу.

Ү. Бағалау

ҮІ. Үй жұмысы. 74-бет. Сұрақтарға жауап беру.