Сызбаға өлшем түсіру

Тақырыбы: «Сызбаға өлшем түсіру»

Мақсаты: Оқушы сызба орындау барысында өлшемдерді түсіру туралы білім беру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:  Өлшемдерді түсіру туралы білім алады, оқушының нәрсе өлшемін түсіру арқылы ойлау қабілеті дамиды және өлшем түсіріп үйренеді.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Әдістері:  эвристикалық іздену, СТО бағдарламасының ой қозғау, стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар

Құрал-жабдықтар: сызу аспаптары, жұмыс дәптері

Сабақ барысы

І Қызығушылықты ояту

   Ой қозғау стратегиясы.  Сұрақ: сызықтардың түрлерін атаңыз

Жауабы:  тұтас негізгі жуан, үзілме, тұтас жіңішке, үзілмелі нүктелі.

ІІ Мағынаны тану

Кіріспе сөз. Бұйымның немесе оның бөліктерінің шамасын білу үшін өлшем түсіреміз. Өлшемдер сызықтық және бұрыштық болады.

Сызықтық: ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы, диаметр немесе радиус.

Бұрыштық. өлшем бұрыштың шамасын сипаттайды. Өлшем сандар мм өлшенеді.

Е Р Е Ж Е Л Е Р

  1. Өлшем сандармен және сызықтармен көрсетіледі;
  2. Тұтас жіңішке сызықпен сызылады;
  3. Шығарма сызық өлшем сызыққа перпендикуляр орналасады. Өлшем сызық нұсқамамен шектеледі. Өлшем саны сызықтың ортасына жазылады.
  4. Егер бір-біріне бірнеше параллель сызық болса, онда кіші өлшем контурға жақын болады, ара қашықтары 10 мм.
  5. ø – диаметр 6. R – радиус      7.              — квадрат     8. Өлшем сандарды оңнан солға қарай оқиды.
  6. Егер бірдей элементтер бірнеше болса, сызбада біреуі түсіріледі, бірақ саны көрсетіледі. Мысалы, «3 тес.Ø10», диаметрі 10 мм. 10. l – ұзындығы, s- жуандығы

ІІІ Жаңа білімді бекіту

Жаңа сабақты бекіту мақсатында 1.33-суретті сызып алып, өлшемдерді түсіру.

ІҮ Өзіндік жұмыс

Деңгейлері төмен оқушыларға:

Ұзындықтары 30 мм вертикаль, горизонталь және  45 ˚ бұрышпен көлбейтін үш кесінді салып, олардың өлшемдерін түсір (М1:1)

ІІ Деңгейлері орташа оқушыларға:

1.34- суреттегі конустылықсызбаны орындау

ІІІ Деңгейлері жоғары  оқушыларға:

Қалыңдығы 4 мм шаршы тәрізді пластинканың  центрінде диаметрі 16 мм цилиндр тәрізді тесігі бар. Шаршының бір қабырғасының ұзындығы 30 мм. Пластинканың сызбасын екі рет (нақты шамасында және М2:1 масштабында) салып, оның өлшемдерін түсір.

 

Ү Бағалау.  Сызбаларын тексеріп бағалау

ҮІ Үй жұмысы.1.35 суреттегі тетікбөлшектің берілген өлшемі бойынша сызу.

L – 120;       l- 100;       D – 70;    d – 35; конустылық 1: 10

L1 – 110;     l1- 75;      D1 – 50;   d1 – 25; конустылық 1: 5