Сызу пәні. Сызбаның даму тарихы

Тақырыбы: «Сызу пәні. Сызбаның даму тарихы»

  Мақсаты: Өндіргіш күштер мен ғылыми техникалық прогрестің өсуі техникалық мамандарды дайындауға жоғары талаптар қояды.Техникалық білімдерді жемісті игерудің мақсаты, графикалық сауаттылық екендігін түсіндіру. Сызбаның даму тарихымен таныстыру.

Күтілетін нәтиже:  Сызбаның даму тарихымен танысады және техникалық білімдерінің қажеттілігін түсінеді.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдістері:              түсіндіру, сұрақ- жауап

Құрал-жабдықтар: сызу аспаптары, жұмыс дәптері

                                                   Сабақтың барысы

  Мұғалім: Қазіргі өндірісте сызбаның маңызы зор. Күн сайын заводтарда әр түрлі бұйымдар, ұшақтар, тұрмыстық бұйымдар, т.б. нәрселер жасалып жатыр. Бұлардың бәрін сызбасыз жасап шығару мүмкін емес. Сызбалар бойынша машиналардың тетікбөлшектерін дайындап, дайын бөлшектерден күрделі машина механизмдарын құрастырады.

Сонау ерте замандарда адамдар жер бетіне, тастарға жабайы аңдардың, болашақ құрылыстардың суреттерін бейнелеген. Кейінірек осы сияқты кескіндерді күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттардың сыртына бейнелеу орын алатын болған. Алғашқыда сызбалар көз мөлшерімен қолмен салынды. Тұрғын үйлерді, бекіністерді және басқа да нысандарды салу барысында «план» деп аталатын алғашқы сызбалар пайда болды.

Нәрселерді міндетті түрде масштабты сызбаларда кескіндеу де жүзеге аса бастады.

ХҮІІІ ғасырда сызбалар аса ұқыптылықпен, түрлі түсті бояуларды пайдалану арқылы орындалды. Бұл сызбаларда нәрселердің шартты тіліктері жасалды және оларда нәрсенің материалының түріне байланысты тіліктердің орындары әр алуан түстермен бояу арқылы берілді. И. И. Ползунов пен И. П. Кулибиннің сызбалары бұл өнертапқыштардың нәрсенің дәл проекциялық сызбасын салу саласындағы танымдық қабілеттерінің жоғары болғандығын көрсетеді. (5-6 сурет, И. Кулибиннің арқалы көпірінің жобасы және И. Ползуновтың бу машинасы құрылысының схемасыныуң суреттері көрсетіледі).

Сызбаларды орындау тәжірибесі ХХ ғасырдың басында жетілдіре түсті. Елдерді индустрияландыру, машина жасау мен басқа да өнеркәсіптің пайда болуы, жаңа зауыт фабрикаларды салу ісінің жандануы сызбаларды кеңінен қолдану мәселесін алға қойды (7-сурет, жеңіл автомобильдің сызбасын көрсету).

Сызу дегеніміз сызбаларды орындау мен оның оқу ережелерін баяндайтын пән. Сызуды тек қана мектепте емес, сонымен қатар училищелерде де, колледждерде де, университеттерде де оқып үйренеді. Сызбаны, көбіне, информация беретін графикалық құрал деп айтады. Сызу математика, геометрия пәндермен байланысты.

Сызба дегеніміз  — нәрсенің немесе ол жасалатын, бақыланатын, орнатылатын және жөнделетін бөліктердің графикалық кескінін қамтитын құжат. Сызбалар бойынша құрасшылар тұрғын үйлер, фабрикалар, зауыттар, жолдар және тағы басқа инженерлік нысандарды салады; машина жасаушылар машиналар, станоктар, турбиналар жасайды және т. Б.

Оқушыларға сұрақ қойылады:

Сызу нені зерттейді?     Сызба деген не?      Сызбалар адам өмірінде қандай орын алады?

Өзіндік жұмыс: Сұрақтарға жауап жазу.

Бағалау. Сұрақ-жауап арқылы