9-сынып сабақ жоспарлар жинағы сызу

Батыс Қазақстан облыстық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті

 

 

 

9-сынып сабақ жоспарлар жинағы

Тасқала аудандық білім бөлімі ЖББ Шежін орта мектеп-балабақшасының бейнелеу өнері, сызу және технология пәнінің мұғалімі С. Ж. Мухитанованың іс-тәжірибесінен

 

 

 

Орал, 2014

 

 

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті эксперттік кеңесінің шешімімен басылымға және қала, облыс мұғалімдері арасында таратуға ұсынылды.

№ 9 хаттама,  2014 жылғы  12 желтоқсан айы

 

 

 

 

 

Құрастырған:

С. Ж. Мухитанова, ЖББ Шежін орта мектеп-балабақшасының бейнелеу өнері, сызу және технология пәнінің мұғалімі

 

 

 

Рецензенттер:

Б. Ж. Жанекенова,  Тасқала аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі

 

Қ. А. Байдалиев,  «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы БҚО бойынша ПҚБАИ инновациялық технологиялар мен жаратылыстану пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының доцент

9-сынып сабақ жоспарлар жинағы. Бұл әдістемелік құрал Мемлекеттік білім беру стандартына, жалпы орта білім беретін мектептердің 9- сыныптың оқыту бағдарламасына сәйкес жазылған сабақ жоспарлар жинағынан тұрады.

 

 

Түсініктеме хат

 

Сызу дегеніміз – сызбаны орындау, оқу және оларды пайдалану арқылы есеп шешу ережелерін баяндайтын пән.Сызба деп нәрсенің кескіні және оны жасауға қажет басқа да мәліметтер келтірілген құжатты  айтады.

Сызба бойынша ғимараттар, көпірлер, үйлер және техникалар тұрғызылып, жасалады.

Жалпы білім беретін мектептің оқу жоспары бойынша сызуды 9 сыныпта, аптасына

2 сағат, барлығы 68 сағат көлемінде оқу көзделеді.

Теориялық материалды оқып-білу, сызба орындау нәтижесінде ғана жүзеге асады. Орындалатын сызбаға материалдар оқулықтан үлгілерді басшылыққа алынады.

Әдістемелік құрал сызу пәні бойынша Мемлекеттік стандартына сәйкес жазылған. Құралда сызу пәні бойынша сабақты өткізу нұсқаулары және тест тапсырмалары берілген.

Сабақ жоспарларында сабақ мақсаты, күтілетін нәтижесі, оқыту әдістерінің тиімді түрлері көрсетілген. Сонымен қатар өзіндік жұмыстарды мұғалім өз қалауымен қолданып, сабақтың презентацияларын сабақ жоспары ретінде де, қосымша құрал ретінде де пайдалана алады. Оқушылардың зерттеушілік, белсенді іздену, танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруға бағытталған әдістемелік құрал, сонымен қатар оқушылардың сызу пәні бойынша білімдерін жүйелейді.

Сызу пәнін оқытудағы оқыту үрдісінде кездесетін қиыншылықтарды бөлісу мақсатында бұл құрал сызу пәні мұғалімдер үшін арналған.Бұл әдістемелік құрал  жалпы орта білім беретін мектептердің  9- сыныптың оқыту бағдарламасына сәйкес жазылған сабақ жоспарлар жинағынан тұрады