Сән, стиль туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды сән, стиль түрлерімен таныстыру, сән туралы түсініктерін қалыптастыру;

Дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін пайдалана білуін, ой-өрісін кеңейтіп, эстетикалық талғамдарын дамыту;

Тәрбиелік: өз жас ерекшеліктеріне сай киінуге, киім мәдениетінің қыр-сырын ұғынуға, әдемілікке, сымбаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер,сөзжұмбақ,мақал-мәтел, нақыл сөздер,түрлі стильдегі киім үлгілері, слайд, геометриялық фигуралар т.б.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,көрнекілік

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, математика, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгелдеу, оқушылар назарын сабаққа аудару.

 

ІІ. Өткенді қайталау. Үй тапсырмасы.

«Ой қозғау» сатысы. Геометриялық фигураларды қолдану арқылы сұрақтар қою.

  1. Киім дегеніміз не, алғашқы киімдер қандай болған?
  2. Тігісті және тігіссіз киім дегенді қалай түсінеміз?
  3. Эскиз дегеніміз не?
  4. Композиция дегеніміз не?
  5. Силуэт дегеніміз не?
  6. Пропорция дегеніміз не?
  7. Түс туралы түсінік.

 

Тақтамен жұмыс. Мақалдың жалғасын табу.

Күміс қайшы пішуге  (сән)

 

Сөзжұмбақ шешу.

 

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,ұзындығы жазулы тұр бойында.
  2. Қоймам көп, құлпы жоқ.
  3. Жүрген сайын жүйрігім, қысқартады құйрығын.
  4. Қимылдаса қос шебер, қыруар-қыруар іс өнер.
  5. Киім тігуге тапсырыс беретін жер.

                   

                       См. лента

                 қалТа

                       Ине

                   қоЛ

                ателЬе

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сән, стиль туралы түсінік»  (слайд арқылы түсіндіру.)

 

Сән (мода) – латын сөзі, өлшем, іс-қимыл, әрекет, тәсіл деген мағынаны білдіреді.. Сән белгілі бір талғамның уақытша үстемдік етуі. Сән әлеуметтік құбылыс. Қоғамның дамуына және жаңа заман ағымына қарай түбегейлі өзгеріп отырады.

Сәнгер — Көркемдеуші сәнгер — Сәннің бағытын, кімге арналғанын, қандай матадан тігілетінін, көркемдік әшекей түрін ескере отырып шығарады
Инженер – конструктор — Сәнді эскиз, сурет, фото бойынша шығарады.

 

Стиль (латын сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік деген мағынаны білдіреді. Әрбір кезеңнің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым-қатынасын сипаттайтын ұғым.

Киімде бірнеше стильдер болады:

  1. Классикалық
  2. Романтикалық
  3. Спорттық
  4. Фольклорлық

 

Классикалық стиль – Қатал, тұрақты,іскер, өзгерістерге онша беріле бермейтін барлық киім түрлері кіреді. Сәнді аксессуарлары мен әшекейлері ұстамды, түстері қатты ашық емес нәзік, тынық болып келеді.

Романтикалық стиль — Ерекше,әшекейлеуді көп қажет етеді, нәзік, өте әдемі, түстері әр алуан. Аксессуарлары мен әшекейлеріне шек қойылмайды
Спорттық стиль – Еркін, жеңіл, өзгермелі. Демалыста, спортпен айналысқанда,саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер.
Фольклорлық стиль — Ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Түстері әр алуан, сәнді, қолөнер түрлерімен безендіріледі. Ұлттық нақышта орындалады.
Сән үдерісі – тек жаңаны көрсету, жаңа дүниелерді паш етумен шектелмейді. Сән үшін оның тарихына үңілу, өткенді жаңғырту маңызды болып есептеледі. Сән туралы өте қызықты фактілер көп. Бірін білсек, бірін білмей жатамыз.

  1. Күннен қорғайтын көзілдіріктер Күннен қорғайтын кәдімгі көзілдіріктер XX  ғасырдан бастап өте өзекті бола бастады. Алғаш рет кино өнерінің жұлдыздары фильмге түсер кездегі тым жарық сәулелерден қорғану үшін кие бастаған. Сол уақыттан бері көзілдіріктің күннен қорғайтын түрлері қарапайым адамдар арасында кеңінен таралып, сәнді аксесуардың біріне айналғалы қашан.

.2. Костюм жеңдеріндегі түймелер Ерлерге және әйелдерге арналған сәнді костюмдердің жеңіне түймелердің неліктен тігілетіні жайлы ойланып көрдіңіз бе? Бұл түймелер алғаш рет Наполеон Бонапарттың бұйрығымен пайда болған екен. Қалай? Француз әскерлеріне суық тигенде, тұмау болғанда жеңдерімен мұрындарын сүртпес үшін, яғни осындай жағымсыз әрекет жасамас үшін тігілген көрінеді. Бүгінгі күні киімнің көптеген түрлері жеңіндегі түймелерімен ерекшеленеді және бұл сәнді әрі заманауи болып есептеледі.

«Ой бөлісу»  сатысы.

Көрнекіліктерді қолдана отырып, (әртүрлі стильдегі киімдер) оқушылар қай киімді таңдайтынын, қандай әшекей бұйымдарды, аксессуарларды қолдануға болатындығын айтып, ой бөліседі.

 

ІҮ. Сабақты бекіту Тест тапсырмалары
1) Сапарға шыққанда, жол жүргенде ыңғайлы болып саналатын стиль түрі.
A)  фольклорлық стиль
B)  классикалық стиль
C)  романтикалық стиль
D)  спорттық стиль
 

 

2) Дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, ерекшелігін сипаттайтын ұғым.
A)  сән
B)  костюм
C)  стиль
D)  дизайн
3) Басты ерекшелігі қатпарлар, желбіршектер, шілтерлер, банттар болатын стиль түрі.
А)  романтикалық стиль
В)  классикалық стиль

С)  спорттық стиль
Д)  фольклорлық стиль

4) Қоғаммен бірге өзгеретін әр дәуірдің эстетикалық талғамын бейнелейтін не?
А)  костюм

В)  сән
С)  стиль
Д)  дизайн

5) Қолөнердің көптеген түрлері кеңінен қолданылатын стиль түрі.
А)  спорттық стиль
В)  фольклорлық стиль
С)  романтикалық стиль
Д)  классикалық стиль
.1. «Сән» мен «Стиль» сөзінің мағыналарында ұқсастық бар ма? Сипаттама бер.
2.  Ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдерге көзқарасың қандай?
3.  Мерекелік отырыстарға өз ойындағы сән үлгісімен киінгенді қалайсың ба?

 

  1. Қорытынды.
  2. Оқушыларды бағалау.
    VII. Үйге тапсырма. Стильдің 4 түрі бойынша сән үлгілерінен буклет дайын