Нан-тамақтың атасы

Сугралиева Гулбагида Таубаевна,

ІІІ деңгей бойынша сертификатталған,

І санатты бастауыш сынып мұғалімі

БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Мұратсай ауылы

А.Құсайынов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы

Пәннің атыУақыты:Кабинет:Мұғалім
Сабақтың атауыНан-тамақтың атасы
МақсатыНанның дастарханға  келетін жолы мен оған деген еңбегі туралы білулеріңе әрекет  жасау.Еңбек адамдарын сыйлай білуге,қасиетті тағамымыз-нанды қастерлеуге үйрету.

Міндеттер:

1. «Нан» туралы мақал-мәтел,нақыл сөздердің мағыналарын түсінуге көмектесу.

Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуалПсихологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту-Нан-тіршілік нәрі,нан дастарханға оңайлықпен келмейді.

-Бүгінгі сабақта нан туралы,оның біздің дастарханға келетіні туралы әңгімелесеміз.Нансыз біздің таңғы асымыз да,күнделікті тамақтануымызда,қонаққа арналған мерекелік дастарханымыз да жасалмайды.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тануНан дастарханға қалай келеді?  

Тракторшы жер жыртады, бидай тұқымын себеді. Диқаншы оны суарады. Комбайншы піскен егінді жинайды. Жүргізуші бидайды диірменге тасиды. Диірменші ұн тартады. Ұнды нан зауытына апарады. Наубайшы ұннан нан пісіреді. Нан дүкенге түседі. Сатушы нанды халыққа сатады.

-Балалар, сендер нанның қандай еңбекпен келетінін көрдіңдер.

-«Нан дүкенінде» қандай нан түрлері сатылады?

-Қара нан, ақ нан, батон, тоқаш, құймақ.

-Балалар, қандай қазақтың ұлттық нан өнімдерін білесіңдер?

-Бауырсақ, шелпек, ши бауырсақ, таба нан.

-Үйде жаттап келген нан туралы мақал-мәтел, өлеңдерді айтыңдар.

Ас атасы-нан.

Нан болса, ән де болады.

Нан тамақтың атасы,

Ынтымақ-көптің батасы.

Оқулықтағы мәтінді талдау.

Сергіту сәтіОрманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғанысШығармашылық тапсырма:

Сөзжұмбақ.

Сөзжұмбақта нанды біздің дастарханға қою үшін еңбек ететін адамдардың мамандықтары жасырылған.

-Нанды біздің дастарханға әкелу үшін кімдер еңбек етеді? Оны біз ұлттық тағамымыз бауырсақтан табайық.

 

   б    
  а      
      у  
        ы
   р     
с     
   а   
қ      
Үйге тапсырмаМазмұндауКүнделіктеріне жазып беремін
БағалауОқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады