Крест жорықтары
7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: Крест жорықтары
Сабақтың мақсаты:
Крест жорықтарының себептерін, кресшілердің алдарына қойған мақсаттарын түсіндіре отырып, тарихи маңызын ашу;
Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: Әңгімелеу , сұрақ-жауап. Кестемен жұмыс.
Көрнекілік: карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Христиан діні қайда, қашан қалыптасты?
Христиан шіркеуі неліктен екіге бөлінді? Себебін түсіндіріңдер
Христиан дінбасылары қалай аталды?
Жаңа сабақ. Мәтінмен жұмыс. Оқушылар топқа бөлініп жоба жасайды.
- топ. Крест жорықтарының себептері.
- топ. Крест жорықтарының салдары.
Оқушылар 10 минут ішінде өз ойларын флипчарт бетіне түсіріп , топтан бір оқушы шығып қорғайды.
Жоба мына критерилер арқылы бағаланады.
- Тақырыпты толық ашу.
- Флипчарт бетін толық пайдалану.
- Қорғау кезіндегі сөйлеу мәнері, сұрақтарға толық жауап беруі.
Жоба «Екі жұлдыз, бір ұсыныс » әдісі арқылы бағаланады.
Сабақты бекіту:
Крест жорықтарының басты себебі қандай?
Бірінші крест жорығы қашан болды, оған кімдер қатысты?
Крест жорықтарының салдары қандай?
Бағалау:
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. Кестені толтыру
Крест жорығының жағымды жағы | Крест жорығының жағымсыз жағы |