Жол және орын ауыстыру. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.

Жол және орын ауыстыру. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.

Игильманова Салтанат Кайдаровна

№14 жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі

Орал қаласы Батыс Қазақстан облысы

Оқыту технологиясы: сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, түрлі жаттығулар орындау

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: оқушыларға жол, орын ауыстыру ұғымдарын ғылыми тұрғыдан түсіндәре

отырып, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын білуге үйрету.

Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік: сыныпта өзін-өзі ұстай білуге, өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: электрондық оқулық, слайд, үлестірме тапсырмалар.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы элементтері, сұрақ-жауап.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру бөліміПсихологиялық тренинг 2 мин
  2. Үй тапсырмаларын тексеру .15 мин

Физикалық диктант (жазбаша және ауызша)

  1. Қызығушылықты ояту.
  2. Мағынаны ажырату. 15-20мин

а) жаңа тақырыпты меңгерту

ә) демонстрациялық көрсетілім.

  1. Ой толғаныс.

а) бекіту сұрақтары

ә)  деңгейлік тапсырмалар орындау. 15 мин

б) венн диаграммасын толтыру.

  1. Үйге тапсырма беру. §16,17 оқу, 11-тапсырма, Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
  2. Бағалау.Өзін-өзі бағалау парағын толтыру.
  3. Ұйымдастыру бөлімі Психологиялық тренинг  2 мин
  4. Үй тапсырмаларын тексеру . 15 мин

Физикалық диктант (жазбаша және ауызша)

  1. Санақ жүйесі деп санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағатты айтамыз.
  2. Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі қозғалыс траекториясы деп аталады.
  3. Материялық нүкте деп қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.
  4. Планеталар саны тоғыз.
  5. Кез келген механикалық қозғалыс салыстырмалы.
  6. Дененің уақыт өтуіне қарай басқа денелермен салыстырғандағы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады.
  7. Гелиоцентрлік жүйені жасаған ғалым Н.Коперник.
  8. Күн бір жылда аспан сферасының үлкен дөңгелегі бойымен бір айналым жасайды. Бұл үлкен дөңгелекті эклиптика деп атайды.
  9. Траекторияның түріне қарап қозғалысты түзусызықты, қисықсызықты деп бөледі.
  10. Жазғы күн тоқырау немесе ең ұзақ күн 22-маусым.
  11. Қысқы күн тоқырау немесе ең қысқа күн – 22-желтоқсан.
  12. Геоцентрлік жүйені жасаған ғалым К.Птолемей.
  13. Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун қандай планеталар жоғарғы
  14. Меркурий, Шолпан төменгі планеталар
  15. Шоқжұлдыздар жиыны зодиак белдеуі

 

  1. Қызығушылықты ояту.
  2. Санақ жүйесі (санақ денесі)
  3. қозғалыс траекториясы (мысал)
  4. Материялық нүкте (мысал)
  5. тоғыз.(ата)
  6. салыстырмалы.(мысал)
  7. механикалық қозғалыс (мысал)
  8. Н.Коперник (қандай жүйе)
  9. Эклиптика (неше шоқжұлдызға бөлінген)
  10. түзусызықты, қисықсызықты (мысал)
  11. 22-маусым .
  12. 22-желтоқсан.
  13. К.Птолемей (қандай жүйе).
  14. жоғарғы
  15. төменгі планеталар
  16. зодиак белдеуі (күн осыларда қанша уақыт болады?)

4.Мағынаны ажырату. 15-20мин

а) жаңа тақырыпты меңгерту

ә) демонстрациялық көрсетілім.

  1. Ой толғаныс.

а) бекіту сұрақтары

ә)  деңгейлік тапсырмалар орындау. 15 мин

 

1-деңгей.

Жолаушылап қайтқан автомобиль жүргізушісі есептеуіштің көрсетуінің 200км артқанын көрді. Бұл нені білдіреді: автомобильдің жүрген жолын ба, әлде орын ауыстыруын ба?

Мына денелер: метро эскалаторында тұрған адам, төмпешіктен секірген шаңғышы жермен салыстырғанда түзу сызықпен қозғала ма, әлде қисық сызықпен қозғала ма?

Жол мен орын ауыстырудың ХБ жүйесіндегі өлшем бірлігі қандай?

 

2-деңгей.

Мыналарды есептегенде Жерді материалық нүкте деп есептеуге бола ма?

а) Жерден Күнге дейінгі арақашықтықты;

ә) Жердің орбита бойымен Күнді айнала қозғалысын.

  1. Дене 1-секундта 1мм-ге, 2-секундта 1 метрге, үшіншісінде 1мм-ге. Мұндай қозғалысты бірқалыпты деуге бола ма?
  2. Сағаттық тілше 12-ден 6-ға дейін қозғалды. Орын ауыстыру мен жолдың қайсысы үлкен?

 

3-деңгей.

Мектеп пен үйдің арасы 300м. Оқушы мектепке барып, үйге қайта келгенде барлығы қанша жол жүрді? Орын ауыстыру ше?

Спортшы солтүстікке қарай 100м жүріп, шығысқа қарай 50м қашықтыққа жүгірді. Жүрген жолы қанша?

Қағаз таспаларға арнайы белгілеуіш арқылы 3 дененің қозғалысы жазылды. Денелердің орны бірдей уақыттан кейін белгіленді. Қай дене бірқалыпты, қайсысы бірқалыпты емес?

 

б) венн диаграммасын толтыру.

Жол                  Орын ауыстыру

 

Бірқалыпты қозғалыс             Бірқалыпты емес қозғалыс

 

  1. Үйге тапсырма беру. §16,17 оқу, 11-тапсырма, Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
  2. Бағалау.

Өзін-өзі бағалау парағы

Физикалық диктантАуызша

 сұрақтар

Деңгейлік тапсырмалар 

Қорытынды

баға

1-5- «3»

6-10-«4»

11-15-«5»

3 сұрақ –«3»

6 сұрақ – «4»

10-11 сұрақ – «5»

1-деңгей – «3»

2-деңгей – «4»

3-деңгей – «5»