Қамқорлық. Әли Ысқабай.

Пәні:                       Әдебиеттік оқуСыныбы: 2Тусупкалиева Алма Сатыбалдиевна

  №25 ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбыҚамқорлық.   Әли Ысқабай.
Сабақтың жалпы мақсаты   Мәтіндегі басты кейіпкерге талдау жасай отырып, мәтіннің тақырыбын, идеясын ашуға жағдай жасау.

Пәндік нәтиже:мәтін мазмұнын түсіне отырып,өз ойларын нақты айта білуге,қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі:шығармашылық жұмыс арқылы ойын сауатты,әдеби тілмен жеткізу дағдысын дамыту.

Тұлғалық нәтиже:кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру; қайырымдылыққа, үлкендерді сыйлауға,адал достыққа тәрбиелеу;халқымыздың нақыл, ақыл сөздеріне мән беруге,жадында сақтауға үйрету.

Әдіс-тәсілдерСұрақ- жауап , түсіндіру.
КөрнекіліктерОқулық, дәптер, сабақтың дәйексөзі жазылған плакат, жаңылтпаш,кесте.
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруЕкі көзің не үшін керек,

Жақсыларды көру үшін

Екі құлақ не үшін керек

Ақыл кеңес беру үшін

Екі қолың не үшін керек

Елге көмек беру үшін

Екі аяғың не үшін керек

Туған жерде жүру үшін.

Топқа бөлуОқушыларды  карточка  мен  сурет  салу  арқылы  топқа  бөлу . I топ- «Әдеп»

II топ –«Мерей»

III топ – «Ақыл»

Үй тапсырмасын сұрауӨткен  сабаққа  байланысты  «Әдеп» әңгімесін  мазмұндау . Әдептілікке байланысты жазған эссе  сұралады. Сөздік жұмысы  «Алтын сандық»
Қызығушылықты ояту«Балапан мен мысық»

Наурыз айы келді.Балалар қараторғайға ұя жасады.Асан да құстарға ұя дайындады.

Бір күні ұяда үш балапан пайда болды.Шешелері тамақ әкелуге кеткенде балапанның біреуі жерге құлап түсті.Оны көріп ала мысық балапанға жақындай түсті.Қараторғайлар балапанын айнала шырылдай ұшып,Асаннан көмек сұрағандай болды.Асан балапанды құтқармақ болып мысыққа ұмтылғанда, мысық қаша жөнелді.Асан жерде жатқан балапанды апарып ұясына салды.Қараторғайлар шат-шадыман әсем әуенге басты

Құстарға ұя жасады

Асан не істеді?

Балапанды құтқармақ болды

Балапанды ұясына салды

-Оның істегенін бір сөзбен қалай атауға болады?

-Қамқорлық.

Қамқорлық сөзіне «топтастыру» жазу

Қамқорлыққа мәндес сөздер. (көмектесу, қол ұшын беру, қол ұшын созу, қайырымдылық, жанашырлық, аяушылық , мейірімділік,жақсылық, көмек жасау)

Мағынаны ашу

Дәптермен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

Мәтінмен  жұмыс .  -Бүгінгі сабағымыз «Қамқорлық» деп аталады.

Жазушы Әли Ысқабай өмірімен таныстыру.

«Қамқорлық»     Әли Әпекұлы Ысқабаев.

Әли Ысқабаев 1939 жылы 6-мамырда Алматы облысы Балқаш ауданы,Күйген ауылында дүниеге келген.Балаларға арналған «Менің інім», «Еңбекқор құмырсқа», «777 жұмбақ» «Бесік жыры» атты өлеңдер жинағы бар.

( картадан көрсету  )

Бөлім-бөлімге бөліп оқыту, жоспар құру.

 Жоспар:

I топ- «Әдеп»

1.Сабақ.

2 Көше қиылысы.

II топ –«Мерей»

3. Жылаған бала.

4. Үйіне апару.

 

III топ – «Ақыл»

5.  Аналық алғыс.

6.  Шешесінің сөзі.

Сөздікпен жұмыс. «Алтын қорға» саламыз.

Көкейінде-ойында.

Жақсы бала құлақ сап

Айтқаныңды ұғады.

Төсегінен тұра сап

Таза ауаға шығады.

Жақсы бала ол анық,

Істемейді шалалық.

Тап-таза боп жуынып,

Алады ол таранып.

Ой  толғанысI топ- «Әдеп» (іс-әрекеттің дұрыстығын дәлелде)

II топ –«Мерей» (қамқорлық туралы мақал-мәтел айт)

III топ – «Ақыл» (Сендер осындай жағдайға тап болсаңдар не істер едіңдер?)

Мақал-мәтелдер.

1.Әдепті бала-арлы бала,әдепсіз бала-сорлы бала.

2.жақсының ісі-береке, жаманның ісі-келеке.

3.Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.

4.Талапты бала талпынған құстай,құмары қанбас аспанға ұшпай.

Ойын – жаттығу
Жоғарыда айтылған ойды бекіте түсу мақсатында «Мейірімді жүрек» атты ойын ұйымдастыру.
Оқушыларға қатты қағаздан әдемі етіп жасалған түрлі кескіндердің ( гүлдің, жүрекшенің, көбелектің ) үлгісі таратылып беріледі. Әр оқушы қасындағы көршісінің жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып, сыйға тартады.

Жаңылтпаш дегеніміз не?

Жаңылтпаш-өзі айтып тұрғандай, тілді дамыту үшін, жылдам, жаңылмай айтуға немесе оқуға берілген сөздер. Жаңылтпаштар ұйқасты, ұқсас сөздермен жазылады. Мысалы, «Сүт, май, балқаймақ.

Бұл қай сүт, май, балқаймақ?»  (Жаңылтпаш айтқызу)

 

 

Берілген сөздерді пайдаланып, жаңылтпаш құрастыр:ұшты, ұшшы,құшшы,ұшшы.

Құс та ……………………….

Сен де ………………………  .

Құсша …………………….. ,

Көкті  ……………………….  .

Қорытындылау. Екі мәтінді шығарма кестесіне салу.

1.      Шығарманың аты.

2.      Басты кейіпкерлер.

3.      Кімге көмек берді.

4.      Оқиға орны.

5.      Негізгі идеясы.

6.      Мәтіндегі түйінді сөз.

Сабақтың түйіні.
Күшті болсаң, әлсіздерге қамқор бол,
Үлкен болсаң, кішілерге қамқор бол.
Азамат боп атқа мінер шағыңда
Ата — анаңдай кісілерге қамқор бол!

Үйге тапсырма беру.«Қамқорлық» тақырыбының мазмұнын айту. Қолымнан келетін қамқорлық» атты шағын әңгіме жаз.
БағалауСабаққа    қатысқан  оқушыларды  бағалап , баға  қою.
Кері байланысҚолдарындаға алманы алма ағашына жапсыру арқылы бүгінгі өткен сабаққа өз ойларын білдіреді. Алманы өзі қалаған жерге жапсырады.