Ас қорытудың маңызы

Cабақтың тақырыбы: Ас қорытудың маңызы.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ас қорыту, тағамдық заттардың құрамы жайлы түсік  қалыптастыру, тістің құрылысы және олардың ас қорыту   маңыздылығымен танысу.

Дамытушылық: Оқушыны өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ізденіске жетелеу.

Тәрбиелік:  ауыз қуысының гигиеналық талабы, тіс күтіміне көңіл бөлуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ізденіс.

Сабақтың әдісі: СТОэлементі, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:          Ұйымдастыру бөлімі.  Үй тапсырмасын тексеру

1.Тыныс алу мүшелерінің аурулары қандай?

  1. Өкпе туберкулезі, Кох таяқшасы қандай аурулар?
  2. Ауа көпіршігінің маңызы неде?
  3. Тыныс алу гигиенасы
  4. Суға кеткен адамның белгісі қандай,ол адамға қалай жасанды тыныс алдыруға болады?
  5. Тыныс алу мүшелеріне темекі тартудың зияны кандай?

Жаңа сабақты түсіндіру.

Халқымыздың «Тән ләззаты-саулығында, жанның ләзаты білімінде» деген нақыл сөзі бар. Денсаулық-адам өмірінің негізі, ал білім ақыл-ойдың дамуы. Адам денесі сау болып қалыптасу үшін салауатты өмір сүруі қажет.

Мағананы ажырату: Адам организмнің қалыпты өсіп, дамуы мен тіршілік әрекеті үшін ең негізгі жағдай-дұрыс тамақтану. Қоректік заттар- клетканың өсіп дамуы үшін, тіршілікке қажетті энегияның көзі.

Мұғалім: Қоректік заттардың құрамына ақуыз, май. Көмірсулар, минералды заттар және витаминдер кіреді.

Тапсырма:1. Әр топ заттар бойынша тапсырма алады да, оқулықтан 2 мин. Ішінде өздеріне берілген бөліктерден өз түсінгенін айтады.Дәптермен жұмыс: Қоректік заттардың сызбасын сызады.

2.Ас қорыту жүйесіне қандай мүшелер жатады?(тақтадағы сызбадан) . Ас қорыту деп қоректік заттардың күрделі түрінен жай түрге, суда еритін, қанның құрамына жеңіл өте алатын күйіне айналуы. Ас қорыту- өте күрделі процесс, ас қорыту жүйесі ас қорыту жолынан және бездерден тұрады. Тағам тіспен тіл арқылы ұнтақталады.

3.Тістің құрылысы. Сызба нұсқа арқылы танысу(дәп. сызу).  4. Адамның денсаулығы оның барлық мүшелерінің бір қалыпты жұмыс істеуіне байналысты.Оқушылар жұмысы тыңдалады.

  1. Сау тіс- денсаулық кепілі. 2. Кариес- тіс жегісі. 3. Тіс ауруларын емдеу. 4. Тіс күтімі.
  2. Қазақ ырымдары.

Бекіту.

Топпен жұмыс «Сөздерді орналастыр» Әр топқөа тістің мүсініне жазылған  үлестірме беріледі.

  1. Тісті қатты заттардан қорғайды——————————(кіреуке)
  2. Тіс түбінде қантамырлар және және——————бар.( жүйке)

3.Тістің ақ бөлігі—————— деп аталады. (кіреуке)

  1. Кіреуке неден бұзылады? а.көп тәті жесе; б.сүйек кеміргенде; в. Ыссыдан салқын ішсе немесе керісінше.
  2. Тістің құрылысы ? ( 1-кіреуке, 2-дентин, 3-мойын, 4-ұлпа, 5-жүйке тамырлар жолы).

б) Сен тісінді калай күтесің? Тісті күту ережелерін окып, өзің орындайтын ереженің тұсына косу белгісін, орындамайтын ереженің жанына алу белгісін қойып шық. Қосу   мен   алудың   санын   салыстыр. Нәтижесінде тісіңді күтуге өзіңе не істеу керегін шеш.

Топ басшысы тапсырманың орындалуына баға береді.

в) Жұмбақтарды шешу. 1. Бір таудын алпыс екі саласы бар, Он екі жанында қаласы бар.

Бау-бақша, түрлі өсімдіктер, Барлығының билеп тұрған анасы бар.

(адамның 62 тамыры, 12 мүшесі)

  1. Жиырма баласы бар төртеуі ана, Біреуі ұзын, бірі — қысқа, дара — дара Қандайық іске қоссаң ерінбейді,Білімпаз мамандығы болған сара.(2 аяқ, 2 қол, саусақтар)
  2. Қызыл түлкі ықпайды, Өз інінен шықпайды.(тіл)
  3. Көсеуім басы ақ күміс Тапшы кәне көрелік.(саусақ пен тырнақ)
  4. Сәуле артында жүз ине десек сөзді жасырдым

Тапқыр болсаң тауып көр, қылығымды асырдым(кірпік)

  1. Күмбір — күмбір қарағым, қартайғанша жарадың.

Осы айтқан жұмбақты, дұрыс тапсаң жарадың.(құлақ)

Үйге §42 оқу