Жаттығу жұмыстары . Зат есім.

Пәннің аты:

Қазақ тілі

Уақыты:Сыныбы:  2аМұғалім: Заинуллина Е.Ф.
Сабақтың атауыЖаттығу жұмыстары . Зат   есім.
Мақсаты1. Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып, сұрақтар қоя білуге үйрету.
Көрнекі- құралдар: презентация, дидактикалық материалдар, тест, шығармашылық тапсырмалар.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ.
Сабақтың әдісі: топтық әдіс, жұптық әдіс, өз бетімен жұмыс;
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуалАқ киімді, денелі, ақ сақалды

Соқыр мылқау танымас тірі жанды

Үсті басы ақ қырау, түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту — Оқушылар бұл кімнің өлеңі?
— Абай атамыз қай мезгіл туралы айтып тұр?

-Қане қайсыңыз өлеңнің жалғасын айтады?

Өлең жолдарынан кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тап

Абай туралы мағлұмат 1-слайд
Үй жұмысын бекіту:

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, Абай атамыздың өлеңін еске түсіріп, ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тануКүн жадысын жазу.Дидактикалық тапсырма (қосымша).

Мәтіндегі суреттердің орнына атауын қойып, өлеңді көшіріп жазыңдар. Зат есімдерге сұрақ қойыңдар. 2-слайд

Ережені есіңе сақта!

Зат есім дегеніміз — заттың атын білдіретін сөзді айтамыз.
Сұрақтары: Кім?Кімдер?Не?Нелер? (3-слайд)
Оқулықпен жұмыс:
329- жаттығу. Топтық жұмыс.Көп нүктенің орнына сұрағына жауап беретін сөздер тауып жаз.

….лар (3 сөз)         ….. дер (3 сөз)        …. тер (3 сөз)

Қосымша тапсырма. Суретпен жұмыс  Балаларға суреттер беріледі. А)Тапсырма: суретке сөйлем құрау, зат есімді табу;.Ә) Сөйлем құрау, зат есімді табу, өз сөзімен дәлелдеу; Б) Суретке сипаттау мәтінін құрау (3-4 сөйлем), зат есімді табу

Сергіту сәті«Кім  шапшаң ? » ойыны. Шарты: Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді кімдер? сұрағына  жауап беретін сөздерге айналдырып айт
Ой толғанысӨз-өзіңді т ексер! (тест) презентация

1.      Адамға қатысты қойылатын сұрақтарды белгілеңдер

2.      Нелер деген сұраққа жауап беретін сөздер қатарын көрсет

3.      «Алма» сөзіне қойылатын сұрақты көрсетіңдер

4.      «Зергер» сөзіне қойылатын сұрақты көрсетіңдер

«Ауланы қардан тазарту». Ойынның шарты: Берілген сөздерге сұрақ қойып, қар ұлпаларын тиісті шанаға орналастыр.

1-шана Кім?Кімдер?

2-шана Не? Нелер?

Үйге тапсырма    Дәптермен жұмыс. 330-жаттығу.Күнделіктеріне жазып алады
БағалауОқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау  парақшасын  толтырады.
Кері байланысБағдаршам әдісі :

Жасыл – өте жақсы түсіндім

Сары – толықтыруды  қажет    етемін

Қызыл — түсінбедім

 

Оқушылар өздеріне қажет бағдаршам түстерін  бояйды.