Электр өрісінің потенциалы

Сыныбы: 10б

Күні: 03.02.15

Сабақ тақырыбы Электр өрісінің потенциалы.

  1. Оқушыларға потенциалдық өріс, электр өрісінің потенциалы туралы түсінік беру.
  2. Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру
  3. Жауапкершілікке, ұжымщылдыққа, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққатәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, стикерлер, карточкалар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

  1. Оқушылармен амандасу.(Сәлеметсіздерме окушылар!!!)
  2. Сыныптағы оқушыларды түгелдеу.
  3. Психологиялық дайындық. “Шаттық шеңбері”арқылы оқушыларға күн бейнесі салынған стикерді ұсыну арқылы тілек айтқызу. Оқушыларға 1,2 деп санатқызу арқылы 2 топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Серпілген сауаләдісі арқылы үй тапсырмасын тексеремін.

Сұрақтар: 1. Электр өрісінің кернеулігі қандай шама?

  1. Электр өрісінің кернеулігінің формуласын жазып бер.
  2. Күш сызықтарының қандай қасиеттерін білесің?
  3. Суперпозиция принципінің формуласын жаз.
  4. СИ жүйесінде кернеуліктің өлшем бірлігі.

Үйге берілген есептерін тексеру.

Бейнеролик көрсету арқылы оқушыларға сұрақ қою.

  • Осы бейнероликтен қандай ой түйдіңіз?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Электр өрісінде q зарядқа әсер ететін күш q зарядтың өзіне тура пропорционал, сондықтан заряд орын ауыстырған кездегі атқаратын өріс күштерінің жұмысы да q зарядқа тура пропорционал. Демек, электр өрісінің кез келген бір В нүктесіндегі потенциалдық энергиясы да осы зарядқа тура пропорционал, Яғни

WBBq

Электр  өрісінің берілген нүктедегі энергетикалық сипаттамасы φ өрістің осы нүктедегі потенциалы. Потенциал өрістің берілген нүктесіндегі бірлік оң зарядтың потенциалдық энергиясымен өлшенеді:

Жұмыстың жоғарыда келтірілген анықтамасынан электр өрісі нүктесінің потенциалы сан мәні жағынан бірлік оң зарядты осы нүктеден шексіздікке алып өткенде электр өрісі күштерінің атқаратын жұмысына тең болатынын шығады.

Егер өрісті туғызатын q зарядтан потенциалы ізделініп отырған 1-нүктеге дейінгі қашықтықты r1 деп белгілесек, онда бұл нүктедегі потенциал

болады.

 

 

Потенциал скаляр шама, сондықтан егер өрісті көп заряд тудырса , онда өрістің кез келегн нүктесіндегі потенциалы осы нүктеде әрбір жеке зарядтартудыратын потенциалдарының алгебралық қосындысына тең.

  1. Есептер шығару.

Өздік жұмыс.10 сыныпқа арналған деңгейлік есептер, №224,225,226,227.

№224. 1*10-6 Кл заряд өрістің бір нүктесінен екінші нүктесіне көшірілген. Егер зарядты көшіргенде істелген жұмыс 6*10-6 Дж-ға тең болса, бұл нүктелердің потенциалдар айырымы қандай болғаны? (0,6кВ)

№225. Заряд бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстырған кезде потенциалдар айырмасы 1кВ өрісте 40 мкДж жұмыс атқарды. Заряд неге тең? (40нКл)

№226. Біртекті өрістің кернеуліктің бір сызығы бойында жатқан екі нүктесінің арасындағы кернеу 2кВ- қа тең. Осы нүктелердің арақашықтығы 10см. Өрістің кернеулігі қандай? (20кВ/м)

№227. Кернеулігі 1кВ/м біртекті электр өрісінде күш сызықтарының бағытымен – 25 нКл зарядты 2 см- ге жылжытқан. Өрістің жұмысын, заряд пен өрістің өзара әсерінің потенциалдық энергиясының өзгерісін, орын ауыстырудың бастапқы және соңғы нүктелерінің арасындағы кернеуді табыңдар? (-0,5мкДж, 20В)

  1. Үйге тапсырма:§8.7. 16-жаттығу. №1, №3

Есептерді аяқтау.

  1. Рефлексия.
 

Мен нені білемін?

Мен нені білгімкеледі? 

Мен нені білдім?

   

 

Бағалау. Белсене қатысқан оқушыларды бағалау

Қорытынды.