Қазақты әнмен тербеген Қайрат Байбосынов

Сабақтың тақырыбы: Қазақты әнмен тербеген Қайрат Байбосынов

Сабақтың мақсаты: Қайрат Байбосыновтың шығармашылығымен танысу

Білімділік: Қазақ мәдениетінің көрнекті тұлғаларын танып білу

Тәрбиелік: Дәстүрлі әндерді тыңдай білуге, өнерлі түсіне білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Ән айту қабілетін дамыту

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ән айту, ән тыңдау жарыс ұйымдастыру

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру

Пайдаланатын құрал: Музыкалық аспап, кітап, интерактивті тақта

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару, үш топқа бөлу

1 – топ

2-топ

3-топ

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

(тақтадан көрсетілген сұрақтарға үш топтан үш оқушы жауап береді)

1-топқа сұрақ

— Күй өнері туралы айту, Қаршыға Ахмедияров туралы не білесің?

2-топқа сұрақ

— Қаршыға Ахмедияровтың репертуары туралы айту

3- топқа сұрақ

— Арнау күй деген не? Қаршыға Ахмедияровтың кімдерге арнаған күйлері бар?

Өткен сабақты қорытындылау

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Күннің жады

(сабақты музыка тыңдаудан бастау)

Үкілі Ыбырай «Гәкку» әні. Қайрат Байбосыновтың орындауында, суретін көрсету

Кіріспе сөз

І. Қазақты дәстүрлі ән өнері туралы әңгімелеу

ІІ. Қайрат Байбосынов арқа өңірінің ән дәстүрінің майталманы

 

Қазақстанның                            Дәстүрлі әнші                   Арқа өңірінде туған           

  халық әртісі                        

 

 

Қайрат Байбосынов                       Білікті ұстаз

 

 

Ұлттық өнер                                       Жүсіпбек Елебековтың

университетінің                                                шәкірті

ректоры                     

 

ІV. Сергіту сәті Ән айтайық!

Ш. Қалдаяқов «Ана туралы жыр»

 

  1. Жаңа сабақты жалғастыру

Кестемен жұмыс

 

Қайрат Байбосыновтың өмірі, өнер жолы туралыБілімі, марапаттары туралыҰстазы, гастрольдық сапарлары туралы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында туған. Әкесі Әукен-күйші, анасы әнші болған. «Гүлдер» ансамблінің әншісі, Алматы консерваториясының кафедра меңгерушісі болды. Ұмытылып  бара жатқан халық әндерін қалпына келтіріп, халық арасына таратушы.Алматы эстрада цирк студиясын бітірді. Қазақстанның халық әртісі, көптеген өнер сайыстарының жеңімпазы.  «Парасат», «Достық» ордендерінің иегері.Жүсіпбек Елебеков. Концерттік сапарлары: АҚШ , Жапония, Германия, Италия, Қытай, Сингапур, Түркия т.б.

 

VІ. Шығармашылық жұмыс

І топ. Байбосыновтың өмір жолы туралы

ІІ топ. Ұстазары, орындаған әндері туралы

ІІІ топ. Шәкірттері, өнердегі ерекшелігі туралы

 

VІІ. Сабақты қорытындылау, тапсырма.