Ежелгі сақ тайпасы

Қысқа мерзімдік сабақ жоспар

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі сақ тайпасы

Сабақтың мақсаты: Сақ тайпасының    орналасқан жерін, тұрмыстық жағдайын, басқару  ісін зерттеу,  сақтардың тәуелсіздік  үшін  күресі туралы білу және маңыздылығын   түсіну.

Күтілетін нәтиже:  оқушылар сақ тайпасы   туралы мәлімет алады, тұрмыстық жағдайы мен басқару  ісі  туралы  зерттейді,    тәуелсіздік  үшін күресінің  мәнін түсінеді.

Қолданылатын әдіс-тәсілдері: миға шабуыл, топтастыру стратегиясы, диалог, негізгі идеяны суреттеу стратегиясы,  Рефлексия, Кері байланыс « Білім ағашы», «Өзін-өзі бағалау» әдісі

Енгізілген модуль:           1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 2.Сыни тұрғыдан  ойлауға үйрету. 3.Оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдану. 4.Оқытудағы басқару және көшбасшылық. 5. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Дереккөздер: Оқулық, интерактивті тақта,  суреттер, кескін карта,  кесте , плакат, стикерлер, маркер, BLOB әдісі бейнеленген парақша.

 

 

Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті

 

Оқушының іс-әрекетідереккөздер
 

4 мин

І.Кіріспе

1.  Ұйымдастыру кезең. 

Оқушылармен сәлемдесу, ынтымақтастық ахуал жасау.

 

Ай тәріздес тұрып , ханның бойындағы жақсы мен жаман қасиеттері туралы және  ханға жақсы тілектер айтады.

 
2 минТопқа бөлу.

Топтастыру стратегиясы арқылы оқушыларға «теңіз», «сусын», «қалпақ» сөзі жазылған түрлі-түсті стикерлерді тарқатамын.

Оқушылар таңдаған түсіне  және  сөздерге байланысты  топқа  бөлінеді..

Топ ережесін  құрайды  және  сақтайды.

Міндеттерді өзара бөліседі.

Стикер
4 минут

 

6 мин

 

 

Үй тапсырмасын сұрау:

  «Сұрақ-жауаб» әдісі бойынша оқушыларға  доп лақтырып сұрағымды қоямын және  біргелесіп жауабын интербелсенді тақтадан тексереміз.

 

 

Оқушылар  допты  қағып, берілген сұраққа  жауаб  береді,  интербелсенді тақтадан  дұрыс не  қатесін  тексереді

Доп, интербелсенді тақта

 

Интераті тақтадан көрсету

 

 

 

 

 

 

 

4 минМиға шабуыл стратегиясы:

Неге біз топқа  бөлу  барысында  сусын,  қалпақ және  теңізбен  бөлдік? Бір-біріне  ұқсастығы жоқ.  Алайда  қандай  байланысы  болу  мүмкін? деген  сұрақ  қойып  оқушыларға шабуылдаймын. Бұл  олардың  ойын  жай  емес,  жылдам  ойлануға  алғашқы  жаттығу  болады.

 

 

Оқушылар    топқа  бөліну  барысында  сусын, теңіз, қалпақ сөздері арқылы  топтасуының  себебін айтады, сабақпен байланыстырады.

 

 

 

8 минІІ. Негізгі бөлім. Топтық жұмыс:

Әр  топқа  Сақтарға  байланысты бағыт-бағдар  ретінде тақырыпшалар  беремін.  Сол тақырып  бойынша  топ  ішінде  талқылап,  зерттеп, зерделеп  өз  ойларын,  жауаптарын  ортаға  салады. Мәлімет  жинақтап, түсіндіреді.Дәптерге жазады. Қамтылған тақырыпшалар:

1 топ:  Сақтар. Сақтардың  мекендеген жері.

2 топ: Сақтардың тұрмысы,  өмір сүру  салты.

3 топ: Сақтардың  басқару  ісі.

Әр топқа  әр түрлі  әдіс арқылы  тақырыпшаларды  түсініп,  зерттеуді  ұсынамын.

 

Әр топ лидері  тақырыпшаларды  таңдап алады,  топта  талқылайды. Берілген  әдіс  бойынша  жұмыс  жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

АКТ
1-ші топ   тапсырмасы:  оқушыларға  картамен  жұмыс жасатамын, кескін картада  сақтардың территориясын белгілеуді тапсырамын.  Интербелсенді тақтадан тексеремін.

 

 

1 топ :  оқушылар  оқулық ,кескін картамен жұмыс жасайды, сақтарды   парадарайа, тиграхауда, хаомаваргаларға бөледі, мекендеген жерін белгілейді. Сақтарды  зерттеген  тарихшаларды  айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-ші топ тапсырмасы: «Суреттер  сөйлейді» және «геометриялық кескінділер»әдісі  бойынша қой, жылқы, түйе, киіз үй  тб  суреттерді, төртбұрыш, дөңғалақпен  байланыстырып,  сақтардың  тұрмысы мен  өмірі  туралы   мәлімет  беруін сұраймын. 

 

 

 

3-ші топ тапсырмасы: «сөз-сөйлем» әдісі  бойынша  бұл  топқа  «көсем», «абыз», «жиналыс», «әлеумет» сөзін беремін, осы  сөзге  сөйлем  ретінде, тақырыпен  байланыстырып  айтуын сұраймын.   Оқушыға жан-жақты  бағыт-бағдар беріп, топтық  жұмысты  белсенді етуге,  кітаппен  жұмыс  жасауға бағыттаймын. Басқару  ісі жайында  мәлемет жинақтап,  оқушыларға  жеткізуін сұраймын. Қосымша  мәлімет ретінде  көрнекілік ұсынамын.

2 топ: оқушылар  берілген  суретке  және  геометриялық фигураларға  қарап,  сабақпен  байланыстырып,сақтардың тұрмысы  мен  өмір сүруінің  ерекешеліктерін  зерттеп айтады. Сақтардың  жылқы, түйе, қой бағып өмір сүргені, төрт  дөңгелегі бар  арбада орнатылған  үйде  тұрғанын,  көшіп  қонғанын  айтады.

 

 

 

 

 

3 топ: оқушылар  берілген сөздерге  оқулықтан  мәлімет  іздеп,  байланыстырады. Сақтардың  киімдеріне  қарап,  қоғамда  бөлінетінін,  ақ киімді-абыздар, қызыл киімді- жауынгерлер, көк т.б. түсті киімділер- қарапайым  шаруалар  деп   түсінік  береді. Сақтарда  көсем тайпа  басшысының  рөлін атқаратынын, оған  тайпа  бағынатынын  айтады. Жиналыста  ер кісілер  қоғамдағы  орнына, әлеуметтік жағдайына  қарай  орындары  белгіленетінің оқушыларға  жеткізеді.

10 мин«Ассоцация » әдісі бойынша  интербелсенді  тақтадан суреттер  астындағы  қысқаша  сөйлем  беремін.  Осы  сөйлем  арқылы  оқушылар  кіммен байланысы барын тауып, тарихи оқиғаларды  плакатқа  салып, топтық  жұмыс  жасайды.

 

Әр топ оқушылары таңдаған  суретіне  қарай  Парсы патшасы Кир мен  сақ патшайымы Томиристің  күресі, Абайдың  поэмасын пайдаланып Ескендір Зұлқарнайы бастаған  грек-македондық жорығын сипаттап береді, Парсы патшасы Дарий бастаған жорықтың,  оның  ішінде Шырақтың  ерлігін айтады, салыстырады,мақсатын  ашады,  өз  ойларын  постер  арқылы  жеткізеді.Плакат,

Маркер,

Стикерлер.

Интербел-сенді тақта

 
4 минСабақты қорытындылау:

1.            Сақтарды  парсылар  неше  түрге  бөлген:

А) 3,   Б) 5,    В) 2.

2.  Дарий  бастаған  жорық  нешінші  жылдары  болды?

А) Б.з.б 530;  Б). б.з.б 330-327 ;   В) Б.з б. 519-518.

3. Алтын киімді  адамды  алғаш  ашқан  археолог:

А) К. Ақышев,   Б)  А. Марғулан.  В)  Байпақов

4. Сақтарда  абыздардың  киімі :

А) Ақ  түсті;  Б) қызыл  түсті;  В) Сары  түсті.

5. «басқа пәле тілден» деген  нақыл сөздер кімнінкі:

А) Томирис ;  Б)   Скунха;   В)  Анархарсис.

6. сақ парадарайалар мекендеген:

 А) Жетісуда;  Б) Иранда;  В) Теңіз  бойында

7. Ер  жүрек  Шырақ  ол :

А) Жауынгер;  Б) малшы;  В) Көсем

8.  Ескендір  туралы  поэманы  жазған:

А) Ыбырай;   Б)  Абай ;  В)  Ж. Аймауытов  .

9. Сақ  қоғамы  сенген:

А)  Отқа,  Б)  суға,  В)  Жерге

10. 530 жылы  әскер  бастап келеген патша:

А) Ескендір;   Б) Кир;  В) Дарий.

Оқушылар сабақта алған  мәліметтер ммен  жасаған  жұмыстарына  тест парақшаларға белгілеп,   дұрыс  жауаптарын тексеріп,  қорытынды  жасайды.А4 парақшалар, қалам

 

2 минКері байланыс.

 «Білім ағашына» тақырыпта  нені түсінгенін, қай бөліктері қызық және  есте қалғанын стикерге  жаздырамын.

 

«Өзін-өзі бағалау» әдісі бойынша оқушыларға  стикерге   өздерінің сабақта  қатысқанына  қарай  өзін-өзі  бағалауды  сұраймын. Толық сабақты  түсінген, меңгергендер көк стикерге, орташа түсінгендер сары стикерге,  түсіне алмағандар қызыл стикерге бағаларын және  себептерін  жаздырамын.

 

Осы сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазады.

 

 

 

Топ мүшелері   өзін-өзі бағалау  әдісі   бойынша өздерін стикерге  бағалап  шығады.

 

Стикерлер

 

 

 

 

1 мин Үй тапсырмасы:   

1.       Кестені толтыру. «Теңдесі  жоқ жәдігер» Алтын киімді  адам.

 

 

Табылған жері

 

Қай  ғасырға жатады

 

Қанша  алтын әшекейлермен  безендірілген
1969ж .

Жетісу жеріндегі  Есік қорғаны .

Археолог К. Ақышев тапқан

Б.з.б V- IV ғасыр, ерте  темір дәуіріне жатады.

Алтын киімді адамның  жасы 17-18 жата.

 

4 мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген. Барыс, таутеке, бұлан, Арқар, жылқы, құс бейнелері аң

стилінде бейнеленген.

 

 

§ 6  оқу

оқулық

 

Сабақ  қорытындысы:  Күтілген нәтижемізге толық жете алмадық. Сөздік қорымызбен жұмыс жасау қажет.

Сабақтың жағымды жағы :Оқушылар ұйымшыл, ынтытмақтастықта жұмыс жасай білді.

Сабақта жіберілген кемшіліктер: Өз ойларын ашық жеткізе алмады және өзіне сенімсіз тұстары байқалды. Жаңа тақырыпты аша алмадық уақыт жетіспеуіне қарай.