Оксидтердің жіктелуі, аталуы мен алу жолдары

 

Сабақтың тақырыбы: Оксидтердің жіктелуі, аталуы мен алу жолдары

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға оксидтердің құрамы, қасиеттері, оксидтердің бір-бірінен айырмашылығы, қолданылуы туралы түсіндіру, оксидтерді жіктеуге, салыстыруға, химиялық реакция теңдеулерін жазып, теңестіре білуге баулу.

Сабақтың типі: Аралас

 Сабақтың түрі:Ізденіс

 Сабақтың әдісі:деңгейлік тапсырмалар, тірек-сызба, сұрақ-жауап, жеке топтық, ұжымдық жұмыс.

Көрнекі құралдар: : интерактивті тақта, бор, оқулық, жұмыс дәптері деңгейлі тапсырмалар, тірек сызбалар;

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

                                     ІІ. Үй тапсырмасы (10минут)

                                     ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру (21 минут)

                                     ІV. Жаңа сабақты бекіту (10минут)

  1. Бағалау (2минут)

                                    VІ. Үйге тапсырма (1минут)

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг

Ғылымның сырын ұғына,

Шығамыз білім шыңына

Жеткізеді біздерді

Химияның сырына

Топқа бөлу.       Элементтер жазылған парақшалар арқылы топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасы: Сілтілік металдар,галогендер

«Сиқырлы гүл» ойыны

Элементтер белілген бөліп жазамыз

Металдар Бейметалдар  Галогендер

Na,Mg,Ba,Li,Cu       C,S,N,O,Cr,P       F Cl    Br I At

«Кедергілермен көтерілу».

Химиялық сатымен” көтеріле отырып, оксидтер формуласын құрып жаз. Оларды ата

S (VI)- SO3— күкірт оксиді

P (V)-P2O5- Фосфор V оксиді

Al (III)-Al2O3- алюминий оксиді

Cu (II)-СиО-МысII оксиді

N (IV-NO2-Азот оксиді

K (I)-K2O-калий оксиді

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Өткенді еске түсірдік енді жаңа сабағымызға көшеміз. Жалпы бізге «Оттек» ұғымы өте таныс. Қане кім «Оттекке» сипаттама береді.   Екі элементтен тұратын біреуі оттек болып келетін күрделі затты біз – оксидтер деп атаймыз

 

Оксидтер үшке бөлінеді: қышқылдық, негіздік, екідайлы (амфотерлі).

 

ОКСИДТЕР

 

 

Негіздік оксидттер         Екідайлы оксидттер        Қышқылдық оксидттер

 

 

 

 

СаО – калций оксиді     AI2O3-алюминий оксиді   SO3— күкірт оксиді

CиO – мыс оксиді         ZnO – мырыш оксиді     Р2О5— фосфор оксиді

 

 

Оксидтердің жіктелуі:

 

 

           тұз түзбейтіндер                                       түзетіндер

NO, CO CaO, СuO

Оксидтердің алынуы. Оксидтерді алудың бірнеше жолына тоқталайық: жай және күрделі заттар жанғанда, валенттіг төмен оксидтерді тотықтырғанда, ерімейтін негіздерді, оттекті қышқылдардың тұздарын одан әрі қыздырғанда, т.б. тәсілдермен алады.

1.Жай заттардың оттекпен тікелей әрекеттесуінен:

C+O2=CO2

S+O2=SO2

металдарды:2Cu+O2=CuO

2Mg+O2=MgO

күрделі заттарды:CH4+2O2=CO2+2H2O

2H2S+3O2=2H2O+2SO2

  1. Оксидтерді одан әрі тотықтырып алады:

2SO2+O2=2SO3

4FeO+O2=2Fe2O3

  1. Суда ерімейтін негіздерді қыздыру арқылы оксидтер алынады:

Fe(OН)3 =2Fe2O3+ 2H2O

  1. Тұздарды қыздыру арқылы айырғанда оксидтер түзіледі:

CaCO3 =CO2+CaO

  1. Күрделі заттар жанғанда оксидтер түзеді:

CH4 + 2O2 = CO2 + 2H2O

Оксидтердің қолдануы:

CO2 — тамақ өнеркәсібінде (копсытқыш ретінде); өрт сөндіруде; газдалған сусындар өндірісінде

CaО — сөндірілмеген әк, құрылыста

ZnO — мырыш бояуларын алуда

Н2О — негізгі әмбебап еріткіш

Сr2О3— жасыл бояу алуда

SiO2 — шыны өндірісінде

Сергіту сәті;  Оқушыларға қызықты тәжірибе

ІV. Жаңа сабақты бекіту. Топтық жұмыс

1) «Пирамида» ішіндегі элемент таңбаларын пайдаланып, оксидтердің формулаларын құрастыру керек. 30сек ішінде

CO2, SiO2, MnO2, ZnO,Al2O3,P2O5MgO Fe2O3, Li2O,CrO3, BaO, Ag2O,SrO,HgO

2) Реакция теңдеулері жалғастыру

ТапсырмаЖауабы
1-топ1) P2O5 + ……       H3PO43 H2O
2)….. + H2O=NaOHNa2O
2-топ3) …… + 2НСI=KCI+H2OK2O
4) PH3+4 O2=…… +H2OP2O5
3-топ5) …… + 2 NaOH=Na2SO4+H2OSO3
6) CaO + ……        CaSiO3SiO2

3) Есептер шығару

1.7,75 г фосфор оттегімен әрекеттескенде тұзілген оксидтің массасы (г)

Шешуі: 4Р + 5О2→ 2Р2О5

Мr(Р) = 31*4=124 г/моль

Мr2О5) = 142 *2=284г/моль

7,75 г Р  —— х г Р2О5

124 г Р —- 284 гР2О5

Р2О5Жауабы: 17.75гр P2O5

1.2.Күрделі  заттың  құрамындағы  химиялық  элементтердің  массалық  үлесін  табамыз?Mr(Na2SO4) -?

Mr(Na2SO4)=46+32+64=142г/моль

Жауабы: Na 32%. S 22%. O 45%

2.28 г сутегі оттегімен әрекеттескенде түзілген судың массасы)

Шешуі2H2+ O2→2H2O

Мr(H2) = 2*2=4 г/моль

Мr(Н2O)= 36г/моль

х г H2О —-28 г Н2

36 г H2О —- 4 г H2

H2O  Жауабы: 252 H2O

2.2Күрделі  заттың  құрамындағы  химиялық  элементтердің  массалық  үлесін  табамыз?Mr(H3PO4)

Mr(H3PO4)=3 +31+64=98г/моль

Жаубы:H 3.06%. P  31.6%.  O65.3%

 

  1. Бағалау (2минут) Бағалау парағы арқылы

 

VІ. Үйге тапсырма: Оксидтердің қолданылуын оқу, кес