«Ғарышкер болғым келеді!»

Мақсаттары : Білімділік: осы пәнге қызығушылықтарыңды арттыру,  кейбір мәліметтерді сайыс түрінде түсіндіру, сабақта  алған  білімдеріңді пайдалана білуге үйрету, білімдерін байқау-бақылау;

Дамытушылық: оқушылардың осы пәндерге қызығушылығын тудыру, арттыру, білім дағдыларын дамыту, ізденіске ұмтылдыру;

Тәрбиелік: шапшаңдыққа, бірігіп жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа,   әсемдік пен әдемілікке  тәрбиелеу болып  табылады.

Сайыстың шарты:Әр сыныптан 1 оқушы,барлығы 6-оқушы  жарысады.

Әрбір турдан кейін ұпайы аз 1-оқушы ойыннан шығарылып отырады.

Әділқазылар мүшесіне 2-3 мұғалім алынады.

Олар балалардың білімін 5 ұпайлық жүйемен бағалайды.

 

Мұғалім: Адамзат баласы саналы ғұмыры басталғаннан бері ғарышқа көз тігіп, ғаламдар құпиясын зерделеуге күш салумен келеді.Ең алғаш Күн жүйесінің сырын жариялап, адам мекені – Жердің Сатурн, Шолпан, Меркурий, Марс, Юпитер және де Күн мен Айдың мәңгілік серігі екенін дәлелдеді.
Осы жеті ғаламшардың Күн атты ұлы Тәңірдің иелігінде жүретінін, оның жердегі тіршілік атаулыға нәр берер ғаламатын тұңғыш рет пайымдады. Бұл оқиға Галиллей, Брунолардан, Ұлықбектерден талай ғасырлар бұрын, Будда дүниеге келместен, әлде-қайда ерте замандарда болған-тын…
…Содан бері қанша дәуірлер өтті! Адамзаттың ғарышқа ғашықтығы солығын басқан жоқ, қайта ғылым өркендеген сайын Галактика түкпірлеріне қиял жүгіртіп, ұлы Шексіздіктің сырларын түсінуге талпынуда.

Ал,біздің бүгінгі сайыскерлеріміз осы бір «Ғарыш» деп аталатын тылсым дүниенің сырына үңіліп,құпиясын ашпаққа келіп отыр екен.Сәттілік тілейміз!Және құрметті ұстаздар,оқушылар біздің бүгінгі «Ғарышкер болғым келеді!» сайысымызға қош келдіңіздер!

 

Ғарышкерлерімізді  ортаға шақырайық!

7 «а» сынып оқушысы: Жайлыбай Ермахан

7 «ә» сынып оқушысы: Ұзақбай Айзат.

8 «а» сынып оқушысы:Мырзахан Әлішер.

9 «а» сынып оқушысы: Балғашбай Елдар.

10 «а» сынып оқушысы: Дәулет Ләйла.

10 «ә» сынып оқушысы: Жантақ Құрбанкүл

 

Жүргізуші: Адам баласы ғарышқа өзі аттанбас бұрын көк әлеміне алдымен ақыл-ойы мен білімінің жансыз жемістері – спутниктерді ұшырды. Кеңестер елі 1957 жылдың 4 қазанында «Спутник» зымыран-тасығышымен жер орбитасына жасанды спутнигін көтеріп, адамзат тарихында тұңғыш рет ғарышқа жол салды. 1958 жылдың 15 мамырында тағы да кеңестер одағы бортында тірі жан иесі – Лайка иті бар жердің жасанды техникалық серігін көтерді… 1959 жылдың 12 қыркүйегінде «Луна-2» автоматты-планетааралық станса Ай бетіне жетіп, оған КСРО гербі бейнеленген жалауша түсірді. Оның ішінде «Луна-3» Айдың көзге көрінбейтін арғы бетінің суретін түсіріп, жердегілерге жолдады. Бұл керемет жеңістер еді.
1960 жылы жер орбитасына ғарыш кемесі бортына Белка және Лайка атты иттер алып, олар жерге аман оралды. Ғарышқа ет пен сүйектен жаралған жан иелерін ұшырудың сынақтары осымен аяқталып, енді космосқа адам баласын көтерудің мүмкін екендігіне көз жетті.

…1961 жыл. 12 сәуірде Адам өзінің ұлы Анасы – Жер-бесігінен жетіліп, ақыл-ойы толысып Ғарышқа ұшып шығып, ұлы Жаратушыға бір табан жақындады.

«Восток» зымыран-тасығышы совет офицері Юрий Гагаринді жер орбитасына шығарды. Гагариннен соң, Титов, Комаров пен Феактистов, Егоров, Леоновтар аспан әлеміне жол тартты. Леонов адамзатта тұңғыш рет ашық космосқа шықты. Енді адамзаттың автоматты планетааралық стансалардың көмегімен Марсты, Шолпанды, Айды игеруді бастады. Американдықтар да өз тарапынан ғарыш кемелерін ұшырып, Ай бетіне адамзат баласының өкілдерін жеткізді. Космонавтар саны әлемде өсе берді.

 

Ал біздің бүгінгі сайысымызда ғарышқа саяхат жасайтын сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік!

1-тур «Анограммалар»

2-тур «Кім жылдам»

3-тур «Ойлан,тап»

4-тур «Ғажайып сұрақтар»

5-тур «Жасырынған ғаламшарлар»

6-тур «Ең,ең»

 

1-тур. «Анаграммалар» Срам,атомек,урна,карета,крандафс,катикалаг,мосокс,нутпен,панас,

шанпол,шырағ,жыздұл,турнас,сатеридо,теметоир,борита,шармалағ,топселек,

 

Жүргізуші: 1991 жылдың 2 қазанында Байқоңыр ғарыш айлағынан тұңғыш қазақ космонавты Тоқтар Әубәкіров космосқа ұшты. Бұл Қазақстанның, жаңа егемен елдің космосқа тұңғыш сапары. Дәл осы күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Байқоңыр» ғарыш айлағында тұрып, республиканың  Ұлттық аэроғарыш Агенттінің құрылғанын жариялады. Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтен соң космосқа ұлтымыздың тағы да бір аяулы перзенті Талғат Мұсабаев «Союз-ТМ» ғарыш кемесімен қатарынан үш рет космосқа барып қайтты. Ол ғарышта алғашында – 126 тәулік, екінші сапарында – 208 тәулік болды. Үшінші сапарында батыр жерлесіміз америкалық миллионер Денис Титоны да экипаж құрамымен бірге алып ұшып, әлдемде тұңғыш рет космосқа кәдімгі саяхат жолын ашты.

 

2-тур «Кім жылдам»

1.Қай жылы жердің тұңғыш жасанды спутнигі ұшырылды?

(1957 жылы 4 қазанда)

  1. Контейнерлер мен ғылыми аппаратуралар орналастырылған ракетамен жер төңірегіндегі Орбитаға ұшырылған ең алғашқы тіршілік иесі.

(1957 жылы 3 қарашада Лайка атты ит,1960 жылы 19 тамызда Белка мен Стрелка атты иттер)

  1. 1961 жылы 12 сәуірде адамның космосқа тұңғыш ұшу сапары ойдағыдай аяқталды.Әлемнің тұңғыш космонавты кім және ол ұшқан жер қалай аталады?(Юрий Гагарин,Байқоңыр)

4.Қазақстан Республикасының  Ұлттық Ғарыш Агенттігінің төрағасы (Талғат Мұсабаев)

5.Тартылыс күші дегеніміз қандай күш?

  1. Қазақ космонавты Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?

(1991 жылы 2 қазанда)

7.Бірінші космонавт космоста қанша минут болды? (108 минут)

8.1963 жылдың 16-19 маусымында космоста болған бірінші әйел космонавт кім? (В.Терешкова)

  1. 1969 жылдың 21 шілдесінде Айға қонған американың космос кораблі қалай аталды? (Аполлон)

10.Аспанға ең бірінші не ұшты? (Аспан кеңістігінде алғаш сапарға шыққандар-қой,үйрек,әтеш.Бұл оқиға 1783 жылы болған).

 

Жүргізуші:  Бір ғажабы – Жер орбитасына шыққан ғарышкерлер ең алдымен ақыл-білім жампозы – Адам үшін мақтаныш сезіміне бөленіп, іле, аптығы басылған соң, өздерінің – Галактикамен салыстырғанда тозаңның түйіршігі ғана екендігін, оның алдында дәрменсіздігін сезінгені анық.

 

3-тур. «Ойлан,тап»

1.Аспан әлемін зерттейтін ғылым (Астрономия)

2.Сақиналы ғаламшар (Сатурн)

  1. Планета мен жұлдыздың айырмашылығы неде?

(планета өзінен жарық шығармайды)

4.»Құс жолы» дегеніміз не? (Шоқжұлдыз)

5.Галактикада шамамен қанша жұлдыз бар? (100 миллиардтай)

  1. Жердің «сіңлісі» саналатын планета (Шолпан)

7.Планета сөзі қандай мағына береді? (грек сөзінен аударғанда «кезбе» деген мағынаны береді)

8.Ғарышкердің киімі (Скафандр)

  1. «Қызыл жұлдыз» деп аталатын планета? (Марс)
  2. Меркурийдің бетіндегі ең үлкен шұңқыр қалай аталды? (Калорис)

 

Жүргізуші: Қазақтың тұңғыш «Гагарині» атанған ғарышкеріміз Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров космоста болған кезін былай деп еске алады:

— Мен ғарышқа үш рет көтеріліп, ұзақ болғанымда, Жер-Анамызға оралғанша асықтым. Соңғы ұшқанымда тура 8 ай ғарышта жүрдім. Ғаламшарымызды небары 90 минутта айналып шығып отырдық. Көгілдір планетамыздың ұлы шексіздіктегі жалғыз үйіміз екендігін, ғұмырымыздың ғарыштық уақыт өлшемімен салыстырғанда бірер сағаттай ғана болатынын, осыны түсінбей, жер бетіндегі адамдардың соғыстар ашып, бір-бірлерін аяусыз қыратындықтарын ойлап сан күйзелдім. Адам санасының ғарышты игере бастаған ғасырда да жетілмегеніне шын қайғырдым. Стансадан ашық космосқа ғарыштық стансадан тыс ұзын-саны 41 сағат 31 минут шықтым. Шексіз ғарыштағы қап-қара түнек, қара тұңғиық тұла бойыңды тітірентеді. Ондай қара түстің өз ғаламшарымызда кездесуі мүмкін емес. Ұзақ қарауға тіпті дәтің шыдамайды. Ұлы Иеміздің және оның жаратқан ғаламының алдындағы тозаңның түйіршігі екеніңді сезінесің. Осындай бір сәттерде кенеттен скафандрымның стансасымен байланысы бір сәтке үзіліп қалғандай болды. Сонда ғарыштың ұлы тыныштығын «естідім». Мұндай тыныштық жер бетінде жоқ. Ал, станса мен ашық космостағы салмақсыздықты сезінудің әсері тіптен ғаламат. Бейне пейіштегі періштедей, қанат біткендей боласың. Ішкі құрлыстарыңда, тіпті санаңда орасан жеңілдікті сезінуден арылмайсың. Жер тартылысының жоқтығынан ғарышта ұйқың да періштелік бір тылсым жайға көшіп, сәл көз шырымын аласың да, қайра оянасың, үнемі кұс ұйқылысың….

 

4-тур. «Ғажайып сұрақтар»

1.Ғарышкер ұшып жүрген кезде белбеуін босатса не болады деп ойлайсың?

(Ғарышкер ондай жағдайда лезде қалқып барып басымен кабинаға ұрады.

Себебі адам салмақсыздық күйге ұшырайды.)

  1. Өз планетамызда жүріп тұруымыз үшін, ауырлық күші жеткілікті ма, тағы қандай күштің әсері керек?

( Үйкеліс күші керек, бұл күш болмаса Жер өзіне тарта берсін, біз сырғанап   қозғалуымыз қиындап кетер еді)

3.Жер неге Күнге құламайды?

(Егер шелекке су құйып,оны айналдырсақ су төгілмейді. Күнді 30 км/с жылдамдықпен айналған Жер оған жақындамайды да,қашықтамайды да,Күнді жылдам айналғандықтан және бүкіләлемдік тартылыстан Жер айналатын стацинар орбита болады.)

4.Ай бетінде жүру қиын ба?Ал секіру ше?

(Ай бетінде адамның салмағы Жерге қарағанда 6-есе аз болғандықтан жүріп-тұру жеңіл.Ал секіру тіпті оңай.Қатты секірген адам 3-метрге дейін секіруі мүмкін.)

 

Жүргізуші:

– Ғарышты игеру – Жер мен Адамзат баласының болашағы үшін керек. Ғарышкерлерді жер орбитасына алып шығатын зымырандар Королев, Браун секілді ұлы ғұламалардың жетекшілігімен әуелінде адамзаттың асыл мұраттары үшін жасалды. Бір ғана мысал: жердің гравитациялық күшінен аулақта, ғарышта дайындалған кәдімгі инсульин дәрісінің ағзаға пайдасы мың есе артатын болып шықты. Жер орбитасында шыққан ғарыш стансасында тәжірибе түрінде өсірілетін жемістер мен көкөністердің салмақсыздық жағдайындағы алар, жинар қасиеттері туралы да осылай деуге болады. Келешекте ғалымдарымыз жер тұрғындарының тіршілігіне қажетті қазба байлықтарын ғарыштан әкелуді, тіршілік көзі – су сұйық түрде кездесетін өзге ғаламшарларды тауып, оларға адамдарды қоныстандыру секілді ғаламдық шаруаларды шешуі мүмкін.

 

5-тур «Жасырынған ғаламшарлар»

1.Күнге ең жақын,ең кіші  ғаламшар. Күнді 88 тәулік ішінде айналып шығады.Бетіндегі температура күндіз+300 градус болса,түнде-200 градусқа төмендейді. (Меркурий-Болпан)

2.Диаметрі бойынша жерден 11 есе үлкен,салмағы бойынша 300есе үлкен. Ғаламшар бетіндегі орта температура -138 градус,оның табиғи серіктері –Еуропа,Каллипсо,Ио,Ганимед.(Юпитер-Есекқырған)

3.Бұл ғаламшардың ерекшелігі барлық ғаламшарлар айналатын жаққа кері бағытта өзінің Күнді айнала қозғалатын бағытына өз өсі төңірегіне қарсы айналады.(Шолпан)

4.Күн –жүйесіндегі ең сопақ ғаламшар.  Бұл ғаламшардың 60 серігі бар

(Сатурн-Қоңырқай)

5.Бұл ғаламшардың жасы шамамен 4,6 млрд жыл,орташа радиусы 6372,797км.(Жер)

6.Фобос жән Деймос деген екі ерігі бар ғаламшар.(Марс-Қызылжұлдыз)

 

Жүргізуші:  Мен қазақ халқының ұлымын. Біздің мемлекетіміздің туын ғарыштық биікке үш рет көтере алғанымды, әлемдегі мұсылмандар ішінде ең бірінші болып, ғарыштық экипаждың командирі болған қазақ халқының ұлы екенімді мақтан етемін, — дейді ғарышкер Талғат Аманкелдіұлы Мұсабаев.
Қазақстанның ғарыштық жұмыстағы болашағы дегенде, мына бір жайларды еске ала кеткеніміз дұрыс шығар. 2002 жылы Қазақстандық алғашқы болашақ ғарышкерлер тобын таңдаудан соң, даярлау Орталығына 1972 жылы туған Айдан Ақанұлы Айымбетов, 1967 жылғы ұшқыш Мұхтар Рабатұлы Аймаханов, 1973 жылы туған Руслан Лұқпанұлы Мухамедрахымов, 1973 жылғы ұшқыш Ермек Бекенұлы Шайдуллиндер алынды. Бұлар – болашақ ғарышкерлеріміз болмақ.

 

6-тур. «Ең,ең» 1-оқушыға

1.Ең алғаш Күн құрамынынан табылған газ? (Гелий)

2.Ең алғаш Айда болғандар кімдер? (Америка азаматтары Н.Армстронг пен э.Олдрин)

  1. Ең ауыр және ең үлкен планета (Юпитер)

4.Ең үлкен астероид (Церера)

  1. Ең алғашқы қазақ ғарышкері (Т.Әубәкіров)

2-оқушыға

1.  Ең салқын,ең кішкене планета? (Плутон)

  1. Ең үлкен жұлдыз.(Мю Цефея)

3 .Ең Күнге жақын планета (Меркурий)

4.Ең алғаш ғарышқа ұшқан адам (Ю.Гагарин)

  1. Ең жарық жұлдыз (Сириус)

 

Жүргізуші: 2004 жылдың 4 қаңтары – Қазақстан космонавтикасының өміріндегі ең көлемді халықаралық ғарыш жобасын жүзеге асырудың күні басталған сәті болды.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин дәл осы күні «Байқоңыр» кешенін тиімді пайдалану жолындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту жөніндегі Келісімге қол қойысыпты. Бұл Келісім «Байқоңыр» кешенін Ресей Федерациясына жалға берудің мерзімін 2050 жылға дейін ұзартты.

 

Жеңімпазды анықтау,марапаттау.

Жүргізуші:

…Әлемде қазір 300 ғана ғарышкер бар. Жер бетіндегі 6 миллиардтан астам адамзаттың арасынан Жер орбитасына шығып және Ай бетіне қадам басқан осынау ғарышкерлер көгілдір планетамыздың тағдыры мен оның перзенттері – адамдардың бақыты жайлы шын періштелік пейілмен, сахабалық сезіммен қам жейді. Бүкіл адамзат жүрегінде осы бір киелі парасат орнықса, кәні!..