Ата-ана мен бала арасындағы үйлесімділік

Тәрбие мәселесінің қаншалықты маңызды екенін Абдолла Аблонидің тәрбиеге байланысты айтқан сөзінен белгілі: “Тәрбие – біз үшін я өмір, я өлім, я құтылу, я бақыт ,я қайғы мәселесі” депті.

Қазіргі кезде тәрбие мәселесі өзінің өткірлігі жағынан еліміздегі Арал, Балқаш сияқты экологиялық проблемалардан кем емес, сондықтан тәрбие мәселесін экологиямен қатар қоюға тиіспіз деп ойлаймын.

Ал бала  тәрбиесінде  — отбасы ең үлкен мықты тәрбие ошағы. Баланың адамдық қасиеттері  мен әдептілігі, оның болашақта қандай адам болуы  өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасқа байланысты. Өйткені ата-ана басты ұстаз. Баланың заманына лайық азамат болып өсуі – алдымен ананың ақ сүтімен, абзал тәрбиесінің жемісі.

“Алып анадан туады” деген нақыл, тек  нәрестенің дүниеге келуіне байланысты айтылған нақыл емес. Қазіргі кездегі қоғамымыздың рухани жағынан  бала тәрбиесіне көңіл бөлінбеуіне және отбасындағы тәрбие саласында , әйелдердің рөлінің төмендеуінен француз қиялшысы Ш.Фурье: “Қоғамның рухани саулығы , даму дәрежесі әйелге деген көзқарасынан танылмақ” деген, ал қоғамымыздың рухани жағдайы әйел жағдайына тең деген, онда қоғамымыздағы әйелдердің  жағдайы қандай? Қазіргі тапшылық заманда уақыттың көбі тіршілік тауқыметін шешуге кетеді. Сондықтан да балалар тәрбиесіне уақыт та жетіспейді, көңіл де бөлінбейді. Ал қоғамның рухани дәрежесі жаңағы аналар тәрбиелеген балалардың рухани дәрежесімен өлшенеді. Қазіргі ұғым бойынша аналық міндет қоғамдық қызметке жатпайды. Жақсы бала тәрбиелеген анаға ешқандай ресми баға жоқ.

Қысқаша айтсақ , бала тәрбиелеу міндетін қоғамдық қызметпен, өндірістегі жұмыспен тең әйелдерге қамқорлық жасау керек. Барлық бала жақсы және жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді. Сондықтан бала тәрбиесінде аналардың білімділігі(дипломы емес) , ақыл-парасаттылығы, көрген-түйгені (өмірлік тәжірибесі) мол, ұлттық игі қасиеттерден хабардарлығы үлкен рөл атқарады.

Өмірдегі жағдай әлдеқайда күрделі. Кісі өлтіру, ұрлық, өтірік айту қылмыс болғанмен себептерге байланысты жақсы адам да осыны істеуі мүмкін емес пе? Сондықтан жақсы қылық пен жаман қылыққа айдар тағу қиын.

Жасыратыны жоқ , қазіргі кезде көптеген ата-аналар бала тәрбиесіне уақыт жетіспеуін, көңіл бөлмеуін балалардың  көңілін аулау арқылы толтырғысы келеді. Бірақ , балаға деген көңілдің орнын ешқандай сыйлықпен немесе ақшамен алдау арқылы толтыру өз-өзіңді алдаумен тең. Кейін баланың ата-анаға деген сыйластығы, сүйіспеншілігі суыйды. Содан бастап, үлкендерді сыйламау, тыңдамау, қарттар үйіне тапсыру деген сияқты қолымызда  жат қасиеттер пайда болады. Қазірден бастап үлкендерді сыйламау, кейін ата-анасының жылдар бойы қасықтап жинаған абыройын, рухани байлығын шелектеп бірден төге салуын оңайлатады. Сондықтан «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші адамгершілік қасиеті мол бала тәрбиелеу ата-аналары мен мектептің міндеті. «Ертең бүгіннен басталады» дегенді ойымызға шанши отырып, бала тәрбиесімен қазірден бастап дұрыстап айналысуымыз керек деп ойлаймын.