Бала Қабанбай

 

Сабақтың тақырыбы

Бала Қабанбай

Мақсаты

 

 

Мақсаты: Қабанбай батырдың бала күнгі қасиеттерін, дене бітімінің қалыптасуын, ер жету ерекшеліктерін меңгеру арқылы батырлық, елжандылық қасиеттерді дәріптеу
Күтілетін нәтижелер

 

 

А)Қабанбай туралы түсінік алады.Өлеңді   мәнерлеп оқиды.

В)Өлеңнің мағынасын ашып,сипаттайды.

С)  Батырға тән белгілерін анықтайды, қосымша материалдар қолдана отырып, Ерасылды қазақ халқы неліктен Қабанбай деп атап кеткендігін іздестіреді.

Керекті жабдықтар

 

 

Оқулық, флипчарт, әдістемелік құрал, ресурс парақтары, бланкілер,стикер.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдеріМұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

 

5 мин

 

Мақал – мәтелдердің тақыры-бына қарай топқа бөлу

«Стикердегі диалог» әдісі арқылы  үй тапсырмасын тексеру. «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

Мақал –мәтел тақырыбына қарай топқа бөлінеді.

 

Әдіс ережесіне сәйкес сұрақтарға жауап береді.

Тұсаукесер

 

8 мин

 

 

Бейнежазба «Қабанбай батыр» ой толғау. Сұрақтары:

1.    Балалар, мына бейнежазбадан не көріп тұрмыз?

2.    Бейнежазба кім туралы деп ойлайсыңдар?

3.    Батыр деп қандай адамды айтамыз?

4.    Қандай батырларды білесіңдер?

5.    Қабанбай батыр туралы естігендеріңіз бар ма?

 

 

 

 

Оқушылар мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді.

Табыс критерийлеріА)Қабанбай туралы түсінік алу.Өлеңді   мәнерлеп оқу.

В)Өлеңнің мағынасын ашып,сипаттау.

С)  Батырға тән белгілерін анықтау, қосымша материалдар қолдану, Ерасылды қазақ халқы неліктен Қабанбай деп атап кеткендігін іздестіруі.

 
Негізгі бөлім

 

 

 

 

«Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгеру.

 

 

Сынып оқушыларына

жоғары деңгейлі сұрақтар қойылады:

1.Автор Қабанбайдың атын басқаша қалай атаған?

2.Оның басқа балалардан ерекшелігі қандай болды? Салыстыр.

3.Өзің білетін  қазақ халқының батырларын ата.

4.Өз достарыңның мінез-құлқынан жағымды қасиеттерді, батырларға  ұқсастықты ізде.

5.Баланың өсу ретіне қарай ерекшеліктерін ата.

6.Қабанбайды туған жерін суретте.

 

АББҚ бар оқушыларға маршруттық карта береді.

 

Оқушылар жеке жұмыстанып, өлеңмен танысады, ойланып жұбымен талдайды, жаңа сабақтан түсінгендерін топпен бөліседі, жаңа сөздерді талдайды.

 

Оқушылар сұраққа жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

Табыс критерийлері арқылы өзара бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушы маршруттық картамен жұмыстанады. Табыс критерийі арқылы өзін-өзі бағалайды.

Қорытынды

 

 

 

 

«РАФТ» әдісі арқылы қорытындылау.

Р-рөлі (топ батыр атынан сөйлейді)

А-аудиториясы (халқы)

Ф-формасы (үндеухат)

Т- тақырыбы (елді қорғау)

Кері байланыс:   3.2.1

 

Әр топ ойланып жауап береді.

«Сыйлық»  әдісі арқылы өзара бағалайды

 

 

 

 

 

Оқушылар рефлексия парағын толтырады.

Сабақтан есімде қалған 3факт

Сабақтан үйренген 2 қызық нәрсе

Сабақ бойынша 1 сұрақ

Сабақтың өзіндік талдауы

 

 

 

 

 

 

Сабақ бойынша өзгертулер