Ахмет Байтұрсынұлы «Балаларды оқуға шақыру»

Сыныбы: 5«В»Пәні: Қазақ әдебиетіКүні: 13 .02.2015ж
Сабақтың  тақырыбы:Ахмет Байтұрсынұлы «Балаларды оқуға шақыру»
Сабақтың мақсаты:Өмірі мен шығармашылық жолы туралы түсінік беріп, өлеңінің мазмұнымен, идеясымен таныстыру.
Сабақтың  міндеттері:
  1. Жазушы туралы білімдерін толықтыруға жағдай жасау;
  2. Өлеңді мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік жасау;
  3. Өлеңнің мазмұны мен идеясын толық түсінуіне ықпал ету;
Күтілетін нәтиже:Оқушылар Ахмет Байтұрсынов туралы білімдерін толықтырып, еркін сөйлеп, өз белсенділіктерін танытып, өлеңді жан-жақты талдайды, оның негізгі идеясын түсінеді
Керекті жабдықтар:Суреттер, қима қағаздар, интербелсенді тақта
Сабақ барысы
І. Психологиялық ахуал.

 

Амандасу.

Оқушыларды топқа бөлу

(мақал-мәтел немесе жаңылтпаш айту бойынша екі топқа бөлінді)

2 минут
Үй тапсырмасын тексеру «Қыс» өлеңі жатқа сұралды, топтар өлең бойынша бір-біріне сұрақтар қойды  8 минут
КіріспеТопта рөлдерді бөлу1 минут
Негізгі бөлім:
Жаңа сабақ:Тұсаукесер арқылы түсіндіру5 минут
Миға шабуыл:1-топ    Жазушы туралы білімдерін топтастыру

2-топ    Хронологиялық кесте жасау

5 минут

 

Өлеңмен жұмыс:

«Балаларды оқуға шақыру»

·         Сөздікпен жұмыс

·          Түсініп оқу

·         Өз сөзімен баяндау

10 минут

 

Сергіту сәті:Интербелсенді тақтадағы «Қызыл өрік» бейнебаяны  арқылы сергіту 2 мин
Шығармашылық жұмыс:«Балаларды оқуға шақыру» өлеңінің мазмұнын ашатындай кесте, постер жасау8  минут
Бағалау:
Оқушының аты-жөні1-тапсырма2-тапсырма3-тапсырмаЖалпы ұпайБаға
      
3 минут
Кері байланыс:Таратылған қима қағаздарға тілектерін, сұрақтарын жазу2 минут
Үй тапсырмасы:

 

Өлеңді жаттау1 минут