«Қазақ  тілі сабағында  ашық  сұрақтар  қою  арқылы оқушылардың  ауызекі   сөйлеуін  дамыту»

Ғылым мен техника аршындап алға басып, қарыштап қадам басқан заманында білімді жетілдіру мәселесі өзекті болып отыр.Бұл Қазақстанның  бәсекеге қабілеттілігін арттыра түспек.Болашақ ұрпаққа тиiмді білiм беруге не әсер етедi? Балаларға ең алдымен  біз нені үйрету керекпіз? Олардың пәнге деген қызығушылығын қалай оятуға болады? деген сұрақтар бүгінгі таңда барлығымызды толғандырады. Ал осы сұрақтардың қолдану аясы туралы мұғаліге арналған нұсқаулықта былай делінген: «Оқушылардың  тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтардың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды қолданады деген пікір бар».Мен де бұл пікірмен келісемін, себебі сабақ барысында осы сұрақтың түрлерін пайдаланбау мүмкін емес қой.Ал егер сабақ үрдісінде жоғары дәрежелі сұрақтарды қолданатын болсақ, оқушылар материалды өз бетімен, жол тауа отырып қолдануға,   талдауға, түсінігін кеңейтуге тура келеді. Ал  «Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын дәлелдеп шыққан». Бұл дәлелдеу мені де ойға салды. Себебі «Оқушылар жұпта немесе топта жұмыс істегенде олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара iс-қимылға қарағанда мейлiнше «симметриялы» болып табылатын өзара ic-қимылға тартылады. Яғни өз қатарласымен талдау жасап, әңгімелессе, білім алу үдерісі сапалы болмақ.Білім беру процесіндегі мұғалімнің атқаратын ролі туралы менің түсінігім осы жеті модульмен танысқаннан кейін өзгерді.Осы курс менің сабақ беруге деген көзқарасымды түбегейлі өзгертті. Яғни, ұстаздарға сабақ беру кезінде  әдіс-тәсілдерді өзгерту керек екендігін  түсіндім. Сабақ  барысында мен бірнеше факторларды анықтадым.Бірінші  фактор – мен беретін пәннің мазмұны. Егер менің оқушыларымның  тілдік қоры бай болса, олар әдеби тілде сөйлей алтындай дәрежеде болуы тиіс.

Ал екінші  фактор- оқушылардың  сабақ оқымауы. Сабақ барысында оларға 7 модуль бойынша алған білімімді тоғыстыра отырып,  пәнге деген қызығушылығын ояту арқылы ынталандыру, қызықтыру арқылы сабақта белсенділік танытса.

Осы факторларды сараптай келе сұрақ түрлеріне байланысты  идея менің қызығушылығымды оятты. «Сұрақ қою маңызды дағдалырдың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады» .Менің ойым да осы пікірмен ұштасуда.Яғни мұғалім сұрақты дұрыс қоя білсе, білім алуда қомақты үлес қосады ғой.Тиімді қойылған сұрақ оқытуң құралына айналады екен.

Дәстүрлi сабақ барысында оқушыларымды бақылауда байқағаным, қабiлеттi оқушылар жиi сабаққа қатысып, жауап бередi де, ал өз сыныптастырын тыңдамайды.Сол себептен де үлгерiмi нашар оқушылар сабақта үндемей отырады, жауап беруге қорқып, тұйықталып қалады.Ал бұл оқушылардың ауыз екi сөйлеуiне керi әсер етедi. Осыған байланысты мен келесi сұрақтарға жауап iздедiм: «Бұл мәселенi шешу үшiн не iстеу керек?», «Оқушыларың қызығушылығын қалай оятуға болады? Ынтымақтастықта қалай жұмыс iстеуге үйретуге болады?»

Бaғдарламаның негізгі идеялaрымен басшылыққа  ала  отырып ,мен зерттеу сұрaғымды aнықтадым: «Ашық сұрақтар оқушыларының ауыз екі сөйлеуін дамыта ма?» Қойылған сұрақ негізінде  мақсатын анықтадым: Оқушыларға ашық сұрақтарды қою арқылы олардың ауыз екі сөйдеуін дамыту.

Осы мақсатқа жету үшін, келесі міндеттерді белгіледім:

-Ашық сұрақтар арқылы ауыз екi сөйлеуiн дамыту;

-Ашық және жабық сұрақтарды айыра  бiлу;

-Шәкiрттерiмнің кoмуникативтiк дағдыларын дамыту үшiн жағдай жacау;

-Cөздiк қорын молайтуға ықпaл ету;

-Aуызшa жән жазбaша түрде өз ойларын жеткiзуге дағдылaндыру;

-Ауызшa бағалaу жүргiзуге үйрету;

Күтілетін нәтиже: :  Оқушылардың ынталaнуы, өз ойын дәлелдей aлу, өзара диалогқa түсу.

Мерсердiң айтуыншa «Бұл модель әңгiме сыныптa бастама жасайтын және оны бақылап отыратын адам мұғалiм болатын. Яғни мұғалім оқушыларға бaғыт-бағдар, нұсқау беріп отырады. Бақылап, бастама жасап отырады.

Менің сабақтарымның негізгі идеясы-7 модульді кіріктіре отырып, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып білім беру.

Мен өз сабағымда әдіс-тәсілдерді оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып  іріктеуге талпындым.

«Сын тұрғысынан ойлануға үйрету» модулінде  айтылған стратегияларды сабақта тиімді  қолдансам, сабақ барысында теориялық материалды жетік меңгереді деген қорытындыға келдім.Сондықтан да мен бірінші сабағымда көзбен көретін айғақтарды топтастыру стратегиясын қолдануды жөн көрдім.Бұл стратегияны қолдану барысында оқушылардың қызығушылығы оянып, сабаққа белсене араласа бастады.

Суреттерді пайдалана отырып әр топқа диалог құру тапсырмасын ұсындым.Бұл тапсырма оқыту мен оқудағы  жаңа тәсілдердің бірі  диалог  арқылы  сыни тұрғыдан  ойлауды дамыту.

Тапсырманы берудегі  басты мақсатым -оқушылардың бір- біріне деген қарым- қатынасын, бір- бірімен әңгімелесуін, ой пікірлерімен  санасуын жақсарту. Тапсырманы қалай орындайтынын ойлай отырып, олар бірігеді,  бір- бірімен әңгімелесіп,  өзара қатынасқа түседі,  бір-біріне тақырып аясында  сұрақтар қояды, оларға жауап береді, жауап барысында  сұрақтардың да түрлерін қолданады.Ой -пікірлерімен алмаса отырып, өздеріне құнды жаңа идея алады. Бір- біріне білім береді, зияткерлік қырлары  дамиды. Диалог дегеніміз- оқушының тілімен айтқанда екі оқушының бір- біріне сұрақ қоя отырып, соған дұрыс  жауап беру дағдысы. Ал бұл тапсырманың негізгі  мақсаты -сыныптағы әрбiр оқушының бір- бірін тануы, адами тұрғыдан  тани бiлуі.

Осы бірінші сабақта қолданған диалог құруда  менің оқушыларым төмен дәрежелі сұрақтармен шектеліп қалды.Сабақ кезінде оқушылар көбіне жабық сұрақтар қойды.Бірақ, бұл сұрақтарға олар еркін, қысылмай жауап қайырды.Бір кемшілігі олардың жауаптары қысқа болды.Бірақ келесі сабақтарда жоғары дәрежелі сұрақтар қоя бастағанын байқадым. Харгривс пен Гэлтонның зерттеулеріне сүйенетін болсақ «мұғалім сұрақ қойғаннан кейін оны қайталап немесе сол сұрақты өзге оқушыға басқаша қоймас бұрын шамамен екі секундттай кідіретіндігін анықтаған»

Келесі  сабағымда тапсырманы «Карусель» стратегиясы арқылы орындатуды жөн көрдім.Оқушыларға ұлттық салт-дәстүр  туралы мәтін беріп, мәтінді талдап болған соң постер құрап, топтар бірін- бірі толықтыруы керек еді. Бұл стратегияны таңдап алу мақсатым- оқушылардың тақырыпқа сай сұрақтар қоюын, сұрақ қоя отырып,  оқушының  ойлау қабілеті мен  ой  өрісін, ауыз екі сөйлеуін дамыту. Оқушы  сұрақ қою үшін ойланады, оның ойына тақырып төңірегінде неше  түрлі  сұрақтар келеді. Ол сұрақтарды саралап, талдап барып  нақты дәлелі бар сұрақты қояды. Ойындағы  сұрақты қоя отырып, сөйлейді, шешім шығарады, ол сұрақтың жауабын өзі біле тұра    тақырыпқа  қатысты қаншалықты   білімі барын талдайды.

Сабақта сұрақ қоя білумен қатар  оқушының жауабын тыңдай білу де маңызды. Осы бағытта өзгеріс  болды деуге болады. Оқушыларға ойлануға уақыт беріп, жауаптарын толық тыңдауға мүмкіндік бердім. Нәтижесінде оқушыларым көбірек сөйлеп, өзім тек бақылап, бағыт-бағдар беруге тырыстым.

Басында оқушыларда «түрткі болу» сұрағына жауап беруші оқушылар аз болды. Қызығушылықтары оянып, ынталана бастағаннан  кейін «мен жауап берейінші» дегендер көбейді.Міне, осы қарапайым сұрақтардан күрделіге ойыса отырып, сынақтан өткізу сұрақтарын қоя бастадым.

Баланың ілгері жылжуына, өзіне сенімділігі артуына ықпал ету үшін оқушы жауабының маңызды екенін түсініп, қате болса қайта бағыттау арқылы, оқушыларды қалай оқу керектігіне үйрету арқылы, оқыту үшін бағалау арқылы  сұрақ қоюды және жауаптарына  қарай әрекет етуді үйрендім. «Түрткі болу», «қайта бағыттау», «сынақтан өткізу» сұрақтарын қою арқылы «дұрыс емес» жауаптардың дұрыс жауабын табуға итермелеп, сол арқылы оқушылардың өз-өзіне сенімділігін, әр іс-әрекетіне жауапкершілігін туғызуды  үйрендім.

Сыныптағы оқушылардың әрқайсысының пiкірі құнды екені ескерiлді. Мысалы, мұғалім қойған сұраққа оқушылар әр түрлі жауап беруі мүмкін. Мен бірiңдікі дұрыс, екіншісіне сенікі қате деп айтуға болмайтындығын жадымнан шығармадым.

Сабақ барысында қолданған «Ыстық орындық» әдісінің  алатын орны ерекше. Оқушы мен оқушы арасындағы диалог, «Ыстық орындықтағы» оқушының жауаптары: біріншіден, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятса, екiншіден, түрлi сұрақтарға сыни жауап беру, өз ойларын еркiн жеткізуге үйретеді.

Сын тұрғысынaн ойлау – креативтi тұлғaны қaлыптастырудың бiр жолы. Сыни тұрғыдaн ойлaнуды дамыту бaғдарлaмасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылғaн білім берушiлердің бірлескен еңбегі. Сыни тұрғыдан ойлaну әдiс-тәсілін қолдану нәтижесінде оқушылaрдың өзін-өзі бaқылaу, сөйлеу, тыңдaу қабілеттерінің aртқаны бaйқaлды.

Бұл әдiс — тәсілдер оқушылaрғa::

          еркiн ойлaуғa мүмкiндік бередi;

          ақыл-ойын, логикалық ойлауын  дамытады;

          тiл байлығы дамиды;

          шығармашылық белсендiлігi артады;

          ұжымдық, топтық  iс-әрекетке тәрбиелейдi;

          жан-жақты, толыққанды  iзденеді;

          өз ойын еркін  жеткiзеді.

.

Сабақ  барысында  топтық жұмыс жасай отыра олардың қарым-қатынасына, білім алуына әсер еткеніне қуандым.  «Біреуді үйрете отырып өзің де үйренесің» деген  Л.С Выготскийдің сөздері  менің ойыма келеді.Осы топтық жұмыс барысында оқушылар ашылып, өздерін басқа қырынан да таныта бастады.

Бұдан шығатын қорытынды сабақ кезінде сұрақтар дұрыс қойылса, топтық жұмыс та дұрыс ұйымдастырылып, білім де жақсы меңгеріліп, оқушылардың қарым- қатынасыда жақсармақ.

Оқушыға не керек екенін мұғалімнен артық ешкім білмейді деп ойлаймын Менің оқушыларым сабақ туралы ойларын, келесі сабақтан не күтетіндерін анықтау үшін, бұл ойды мен барлық сабақтарымда  ескердім.Олардың пікірлеріне құлақ асқанымды оқушыларым білгенде, жағымды эмоцияда болды. «Оқушы үні» жобасы  оқуға деген көзқарасы өзгеріп, оқушы мен мұғалімнің арасында сенімді қарым-қатынас орнайтынын байқадым.

Қорытa келе, оқушылардың  пәнге қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға, білетін — білмейтіндігін анықтауға жақсы қарым-қатынас, тілдік қорларының мол болуын талап етеді.

Оқушығa проблемалық ашық сұрақтар қоя отырып, олардың терең ойлана отырып, ойын еркін әрі ашық жеткізе алуына мүмкіндік бердім.

Жалпы түрткi болуға арналған сұрақтарын  оқушылардың  жауабын  түзету, толығырақ жауап беру үшін қолдануға болады.

Жаңа форматтағы сабағымда мен оқушыларға бағыт –бағдар беріп отырдым, оқушыларды жаңа қырынан көре бастадым, олардың оқуға деген құлшынысын, жаңаша пайымдауын аңғардым.

Тіпті  сабаққа  өн бойына қоятын мақсатымды да  бала ұғатындай етіп алуым керек екенін, білім, оқып тоқығанымызды тек оқушылар үшін ғана жасауымыз керек екенін  түсіндім. Келешекте тапсырма дайындағанда әр оқушының білім дейгейіне сай,   орындай алатындай жеке тапсырмалар дайындауым керек деп ұқтым. «Ол тапсырманы оқушы не үшін орындау қажет және берілген сұрақты  түсініп отыр ма, түсінбесе неге?»- деген сұраққа  көп ойлануым керек. Бағдарламаның жеті модулін   ықпалдастырудағы кездескен қиындықтарды жою, сұрақтар қою әдісін тиімді ұйымдастыру алға қойған мақсатым болады. Жауап бере алмаған оқушының жағдайын түсіну оған оқуға мүмкіншілік беру, нақты баға қоя бермей, формативті  бағалап баланың оқуға деген білімін арттыру менің өмірдегі ұстанымым болады. Өткізген сабақтарыма есеп  жаза отырып өзімді өзім реттеу қажеттігін, жіберген қателіктерімнен сабақ  алуға, шыдамды болуға, ең бастысы  әрбір тапсырманы оқушыға бағыттап жасауымды түсіндім, осы кемшіліктерді жою менің  басты мақсатым  болады.

Тиімді таңдап алынған әдістер оқушыларды оқуға тартты, ашық сұрақтар оқушылардың өз ойын жеткізуге көмектесті, іздену жұмыстары оқушыларды шығармашылыққа жетеледі, нашар оқитын оқушыларда белсенділік байқалды, ең бастысы- ашық сұрақтар  арқылы оқушылар ойын ашық жеткізуге тырысты. Осындай «түрткi болу», «сынақтан өткізу», «қайта бағыттау» сұрақтары және «Ыстық орындық» әдістері  алдағы уақытта өз нитижелерін береді деген үміттемін. Бірақ, оқушылар үшін шешіліп, көсіліп сөйлеуге әлі талай уақыт керек екенін мен жақсы түсінемін.

«Адам  мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді», — деген Әл-Фараби пікіріне сәйкес бағдарламаның әдіс- тәсілдерін тиімді пайдаланып, тәжірибемді жетілдіру-менің  басты мақсатым болмақ.

 

Пайданылған   әдебиеттер

1.Мұғалімге  арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей/ «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  Педагогикалық  шеберлік орталығы, 2014;

  1. Мектептегі тәжірибе кезеңіндегі   орындауға    арналған    тапсырмалар.

«Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  Педагогикалық  шеберлік орталығы, 2014;

  1. Мирсеитова С. Оқыту ізденіс  ретінде   және  ізденіс  оқыту  ретінде.  —  Қарағанды:  2011;
  2. Үлестірме материалдар 1-4 апта. «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  ДББҰ  Педагогикалық  шеберлік орталығы, 2014;
  3. Интерактивті оқыту әдісін қолданып, сабақты жоспарлау және басқару.    2014;