Мектеп кітапханасы– балалардың білім алуындағы, қарым-қатынасындағы, бос уақытындағы шығармашылық зертхана

Кітапхана — дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. «Кітап — білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.

Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет. Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек. Кітап – адам өмірінде маңызды роль атқарады. Ол елді, жерді сүюге талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл — кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап біздің рухани жан азығымыз. Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт — дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу кітаптың еншісінде. Мектеп кітапханасы оқушылардың шығармашылық жұмыстары мен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Кітапханада көптеген іс-шаралар өткізіліп, көрмелер ұйымдастырылады.

Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан — дүниесі бай, білім мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу, жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, отансүйгіштік, тағы басқа қасиеттер болу керек. Кітапханалар сол оқу орындарындағы білімге ұмтылатын жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың табылар жері. Осы заманғы ақпарат құралдары дамыған, жаңа технологиялар заманында да кітап адамның ішкі дүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы болып қала бермек. Бүгінгі оқушы ертеңгі ел маманының еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін артуы, олардың бойында ұлттық намыс, отаншылдық, адамгершілік қасиеттерінің ұлғая түсуі жолында кітапхана қызметкерлері — халқымыздың қилы тарихын, өнегелі әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, мәдени мұраларын, әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға кітап арқылы насихаттай білуі қажет.

Ел Президентінің «ХХІ ғасырда білімсіз мүмкін емес. Халықты салауатты да сауатты бағыттауымыз керек» деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма тәрізді. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір рухани қазына ордасы – мектеп кітапханасының алар орны зор. Оқу процесін қажетті құжаттармен қамтамасыз етуге міндетті орын — оқу кітапханасы. Мектеп кітапханалары педагогтерге қызмет көрсете отырып, сонымен қатар сыныпқа арналған және сыныптан тыс қызмет көрсететін көпшілік кітапхана болып табылады. Бүгінгі таңда мектеп кітапханасы өз заманының даму деңгейінде болып, мектептің өркендеуімен қалыптасуы, оның балалар мен жасөспірімдерге тәрбие беру мен оқытуда үлкен көмек беруі керек. Жасөспірімдермен жұмыс жасай отырып, кітапханаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру оларға кітаптар мен жұмыс жасай білуге үйрету — кітапхана қызметінің негізгі міндеттерінің бірі.   Кітапхана қызметкерлері кітапханада және кітапханадан тыс көркем әдебиеттен бастап, баспа түріндегі немесе электрондық ақпараттар түрлеріндегі әртүрлі кітаптарды және ақпараттар көздерін пайдалануға көмектеседі. Себебі бүгінде білімнің қайнар көзі кітапханада.
Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманды мемлекетіміздің болашағы — жас ұрпаққа заман талабына сай білім беруде оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туып отыр. Білім саласын ақпараттандыруға байланысты «ҚР Конституциясының 44- бабына сәйкес және ҚР-сының ортақ білім беру жүйесін дамыту мақсатында», — деп көрсетіліп, 1997 жылғы 22 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «ҚР президентінің Қазақстан Республикасы орталық білім беру жүйесін ақпараттандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 3645 бұйрығы бекітілді. Сондай-ақ мекемелер жүйе арқылы «Интернет мектепке» бағдарламасына сәйкес компьютерлендірумен бірге мектепті сатылап интернет жүйесіне қосылу процесі жүзеге асты.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларда жаңа компьютерлік ақпараттандыру технологиясына алмастыру. Кітапхананы электрондық медиатекаға айландыру деп көрсетеді. Виртуалды әлемнің кеңістігіне қоғамымыз жыл өткен сайын кеңірек еніп келеді. Бұл процесс кітапхананы да айналып өтпеуде. Міне осы жерде бізге Интернет көмекке келеді, ол жұмысымыздың дәстүрлі әдістеріне біздің көзқарасымызды өзгертеді. Белгілі мәтелді өзгертіп, басқаша былай айтуға болады: «Егер бүгін кітапханаға оқырман кітап алуға келмейтін болса – онда кітап өзі оған келеді». Электронды кітапхана арқылы кітап оқу іске асыруға болады деген сөз. Электронды кітапхана  http://doc.nlrk.kz/ дегеніміз – ҚР Ұлттық кітапханасының «Қазіргі заманғы қазақ әдебиеті» деген жобасы бойынша он-лайн режимінде қазақ әдебиетінің шығармалар қорымен оқырмандарды таныстырады. Онлайн арқылы кітап оқуды насихаттау болып табылады.

Мектеп кітапханаларында жаңа ақпараттық технология ендіру мақсатында барлық кітапханашы мамандармен кітапхана ісінің негізгі бағыттарына арналған семинарлар, курстар, яғни әртүрлі тақырыптарда тәжірибелік сабақтар  ұйымдастырылды.
Кітаптың әлемдік өркениетке үлесі шексіз. Қазіргі кезде интернет, теледидар, радио, басқа да ақпарат құралдары кітаптарды ығыстырып бара жатқандай әсер қалдырды. Алайда кітапты ешқандай жаңа технология ығыстыра  алмайды. Өйткені адамның жан-дүниесін , армандары мен сезімдері мен психологиясын кітаптай ешнәрсе жеткізбейтіні анық.
Сондықтан да кітап әрдайым басты рухани байлығымы зболып қала бермек. Қазіргі кітапханалар – ақпараттық, мәдени — ағартушылық, ғылыми-зерттеушілік мекеме. Кітапханашы тек қазіргі заман талабына сай технологияны біліп қана қоймай сонымен бірге оны сауатты түрде қолданады. Кітапханашылар мен педагогтар алдында тұрған міндет – ХХІ ғасыр азаматтарына алуан түрлі ақпараттар ағымында жөн сілтеп, пайдалыларын өз игіліктеріне жұмсауға үйрету. Ақпараттық қоғам тіршілігіне әзірлеу. Қоғам өз кітапханашыларының мәнін әлі түсінбейді. Көпшілігі кітапхананы тек кітап сақтайтын, кітап беретін орын есебінде қарайды. Көпшілігі интернет қызметіне үйренген, олар электронды тасығыштарды, соның ішінде компакт-дискілерді, сақтау және ақпараттық жеткізу құралдарын қолдана біледі және кітапханаға білім мен жаңа технология үндескен қазіргі заман талабына сай мәдени орталық ретінде қарайды. Бұдан жарты ғасыр бұрын дүниежүзі кітапхананы тыныш жайлы, кітап сөрелері мен каталог жәшіктері орналасқан және оқырмандар залында кітапқа үңілген оқырмандарға толы ғимарат есебінде көрсетті. Мұндай суретті қазір де байқауға болады. Бірақ қазір кітапханалар монитор алдында отырған компьютерлі оқырмандар залы пайда болды. Компьютер көмегімен олар электронды кітапханаларға шыға алады, электронды кітаптар оқиды, электронды беттерді парақтайды. Интернеттің кез-келген тұтынушысы кездестіретін проблемалардың бірі – ақпаратқа қол жеткізу проблемасы. Ол , біріншіден, ақпарат көлемінің өте толықтығынан көрініс табады. Қазіргі уақытта интернет ресурстарын пайдалану кітапханаларды іріктеу және технологиялық процестерді негізінен өзгерту фактісінің бар екенін жоққа шығармайды. ХХ ғасырдың соңында адамдар жаңа технологиялық тасқынның куәгері болды. Компьютермен интернет, жаңа байланыс құралдары, қызмет көрсетудің жаңа түрлері, ғылыми жаңалықтар осының бәрі оқушылардың ойына әсер етеді. ХХІ ғасырда адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру, компьютерлік желі, электронды және телекоммуникация, электронды оқулықтарды даярлау. Бұлар оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасын  көтеруге әсер етеді. Жаңа электронды оқулықтардың дүниеге келуімен берілетін білім мазмұны да өзгеретіні сөзсіз. Болашақта әр оқушы компьютерлік технология арқылы интернет дүние жүзілік білім әлеміне еніп, одан өзінің қажетін білімді толығымен алуға қажетті ақпараттық мәліметтерді ғылым саласына байланысты озық  тәжірибелерді осы мәселенің шетелдегі жағдайымен танысуына толық мүмкіндік туады.

Мұның өзі оқыту үрдісіндегі жаңа тенденция екенін  көрсетеді. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі компьютерлік техникалық құралдарды оқыту процесінде пайдаланудың тұжырымдамасы компьютер сабақтарын ақпараттандырумен қатар, әдістемелік құралдар жасау, сонымен қатар білікті  мамандар   даярлау.
Бүгінгі заманауи тұлға тек қана оқу, жазу, сызу, сөйлеумен  қатар, тек ақпарат алуға мүмкіндік беретін қызмет сауаттылықпен қана шектелмей ақпартты өзі үшін бағалауға және оны өз мүддесіне пайдалану дағдысына қол жеткізуге , яғни әлеуметтенуге ұмтылуға қажет және бұл заңды құбылыс. Осы салада оқушылар негізгі пәндер бойынша берілген тапсырмаларды орындауда қосымша мәліметтер алуда мектеп кітапханасы көмекке келеді. Мектептің 5-11 сынып оқушылары ғылыми жобалар жазуға, олимпиадаларға дайындалуда,  реферат, слайд, шығарма жазуда, жарыстарға қатысуда кітапхананың кітап қорын және интернетті үнемі қолданады. Осындай өз беттерімен қосымша ізденіс жұмыстары сауаттылығын дамытады.

Білім берудің жаңа парадигмасы контектісіндегі ең негізгі міндеттердің бірі — оқушылардың ақпараттық мәдениетін көтеруді жетілдіру, олардың оқу дағдыларын меңгеруіне, өз бетінше білімін тереңдетуіне ықпал жасау. Білім сапасының жаңа жетістіктерін қол жеткізетін маңызды ақпараттық ресурстар орталығы ретінде мектеп кітапханасының кітапханалық кеңістікте алатын орны ерекше. Мектеп кітапханасы біріншіден, оқу үрдісін қажетті ақпараттармен және құжаттармен қамтамасыз ететін болса, екіншіден, ол арнаулы кітапхана, үшіншіден сол мектептің бүкіл педагогикалық жұмысын, мектеп оқушыларын мектеп бағдарламасына қосымша және бағдарламадан тыс ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, көпшілік кітапхана қызметіне де жақындайды.  Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, белсенділігін, қызығушылығын арттыруда қолданылатын әдіс — тәсілдер:
Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау

  1. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру
  2. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу. / Сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар/
  3. Берілген тапсырманы түсіндіру бағытындағы жұмыс/ Мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру т.б/
  4. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу
  5. Қиялдау арқылы сурет салғызу ролге бөліп оқыту
  6. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру
  7. Ой шапшандығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.

Кітапханада ұйымдастырылған үйірме және клубтардағы жұмыстар еріктілік ұстанымына құрылады, балалардың өз әрекеттері мен ықылыстарын арттырады.

«Сәулет» мектеп-лицейі кітапханасында «Балауса» үйірмесі жұмыс істейді. Мақсаты, көркем мәтінді меңгеру үшін, оқушыны оқырман ретінде қалыптастыру мақсатында ұсынылады. Сонымен қатар, талдауға, туындының тақырыбы мен негізгі ойын ашуға, ақын ойының астарын ұғуға ұмтылдыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстың түрлері арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту, сөз саптау дәрежесін арттыру, өлең шығаруға баулу, ойларын жетік жеткізуге үйрету.  Ізденіс жұмыстарына бейімдеу, өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландыру, танымдық қабілеттерін дамыту. Үйірме мүшелерінің өз беттерімен ізденіп кітап оқуын дамыту мақсатында мектепішілік «Мен елімді жырлаймын», «Бейбітшілік жасасын!», «Ақын өлеңдері – шындықтың айнасы»  тақырыбына мәнерлеп оқулар өтті. Б.Соқпақбаевтың 80 жылдық мерейтойына үйірме мүшелері «Менің атым Қожа» кітабын оқып талдап, «Ақылдылар мен алғырлар» сайысы өтті,  қабырға  газеті  шығарылды. Бұл сайыстың  ерекшелігі  пікірталас түрінде өтті, қатысушылардан  ұшқыр ой мен  мәдени тілмен сөйлеу талап етілді. Оқушылардың кітап оқуға тарта отырып  функционалдық сауаттылығын  дамыту  мақсатында  кітапханада түрлі шаралар,  әдеби кештер, оқулар, дөңгелек үстелдер, оқырмандар конференциялары дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. «Ерлік –елге мұра», «Бір ел- бір кітап», «Оқы және өзгеге ұсын» атты акциялар оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға, қарым-қатынасын қалыптастырып, шығармашылық, рухани және  дене мүмкіндіктерін дамытады.

ЮНЕСКО (1999ж) манифестісінде кітапханалық ақпараттық жүйедегі мектеп кітапханасының негізгі миссиясы мен міндеттері туралы: «Мектеп кітапханасы — мектеп ұжымының барлық мүшесіне оқулық бағдарламаларды кітаптарды және басқа ресурстарды ұсына отырып, пайдаланушылардың ойлау және ақпараттың барлық түрін тиімді пайдалану жүйесін дамытады»- деген нақты тұжырым бар.
Мектеп кітапханасының алдында тұрған басты мақсаттарының бірі оқушылардың оқу дағдысына қалыптастыруға ақпаратқа қол жеткізуге, соның ішінде өзіне қажетті білімді іріктеп, таңдап алуға үйрету. Ол мектеп оқушылары мен оқушыларына біліми орта құру арқылы ақпараттар көзінің мүмкіндіктерін аша отырып, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары, шарттары мен қолданылатын жұмыс түрлері:

  1. Берілетін білім мазмұны мен оқушылардың жас ерекшілік ақыл – ой даму деңгейінің сәйкестігі
  2. Берілетін білім мазмұнының қызықты болуы
  3. Оқу әрекеті мотивінің, міндет мақсатының айқындылығы
  4. Мұғалімнің кәсіби және мәдени құзырлығының жоғары деңгейлігі
  5. Оқуға қолайлы жағдайлардың болуы
  6. Оқушылардың мінез- құлық қабілеттерінің ерекшеліктерінің ескерілуі
  7. Оқушылардың өз бетінше және шығармашылық жұмыстарының тиімді ұйымдастырылуы
  8. Дидактикалық материалдың қолданылу  тиімділігі
  9. Оқытудың көрнекілікке, бақылау әрекетіне  негізделе  жүргізілуі
  10. Оқушылардың  оқу  мүмкіндігін, денсаулығын  есепке ала оқыту.
    Сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай бос уақытта/ үзілісте сабақтан кейін, мейрам, сенбі, жексенбі күндері, демалыстарында/ ұйымдастырылады.
    Ал, ақпараттық  мәдениеттің  құндылығы – жеке тұлғаға өзін-өзі іс жүзінде көрсетуіне және өзін-өзі жетілдіруіне мүмкіндіктер туғызу арқылы өмірлік көзқарасын ,санасын, өмірлік танымының қалыптастыруына қоғамдық ортадағы  орнын анықтауына ықпал ете отырып, рухани тұрғыда  байытады.

Жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру үздіксіз білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Ақпараттық мәдениет жеке тұлғаның әлеуметтік жағынан қорғалуына, өздігінен білім мен қарулануға дағдылануына, өзінің жеке тәртібі мен мінез-құлқын қалыптасуына тікелей әсер ететін құрал ретінде көрінеді. Сонымен қатар қазіргі таңда ақпараттық — кітапханалық жүйеде орын алып отырған инновациялық үдерістер әсері мектеп кітапханасынан да заман талабына сай жаңаша келбет, жаңаша серпін қалыптастыруға ықпал етіп отырғаны белгілі.

Қорыта айтқанда, қазіргі кезде қоғамымыздың дамуына қарай ақпаратты жан-жақты алу аудио, видео, интернет жүйесі арқылы мүмкіндік туғанымен кітапхана арқылы әдеби кітаптарды оқи отырып, алған білім мен сауаттылықтың орны ерекше. Оқушылардың тілін меңгеру барысындағы білімін бекітіп, қоғамдағы қарым-қатынасты аңғартып , қазақтың мәдени өмірінен хабардар болуды пікірталас арқылы сөйлеу тілін дамытуды көздеген дебат сабағының міндеттері: оқушыларды берілген тақырыпқа қатысты талдау жасай білу, кітапханадан негізгі ақпаратты таба білу, тақырыпқа қатысты ой-пікірлерін сұрыптау мен жүйелеу мақсатындағы дағдыларын қалыптастыру; тапқан ақпараттарын сабақ барысында тиімді пайдалануға үйрету. «ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры болады», — деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз, заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді.

Осы жерде кітап пен кітапхана жұмыстарының көбінесе сырт қалатыны белгілі. Жастарымыз кітап пен кітапхананы жаңа заманның ақпараттық технологияларымен  айырбастап  жібергені  айдан  анық.
Ғылым мен білімнің негізі болып табылатын кітап пен білім ошақтары — бірінен-бірі ажырағысыз рухани қазыналар. Өйткені оқу-тәрбие үрдісіне кітаптың қосар үлесінің өлшеусіз екендігі ақиқат. Мектеп кітапханасы — мектептің жүрегі, бір бөлігі.

Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы — кітапхана.Сондықтан да, мектеп кітапханасын — білім беру мекемелерінің ақпараттық орталығы деп айтамыз.