2 саны және цифры

Сабақ тақырыбы: 2 саны және цифры Мектеп:
Күні :   Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны:

 

Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты:             натурал сандарды алу жолын түсінеді;

 

10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды;

 

натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;

 

цифр мен санды бір-бірінен ажыратады; бір таңбалы сандарды әртүрлі тәсілдермен (нүкте-лер жиынтығымен, таяқшалармен және т.б.) көрсетеді;

“+”, “–”, “=”, “≠”, “>”, “<” таңбаларын қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:         1 және 2 цифрлары жазылған таспа;

 

қағаздан қиылған екі жапырақ;

қарындаштар;

белгі беретін (сигналдық) тақтайшалар;

2 цифрының жазылу үлгісі;

әрбір оқушыға екіден тарататын үшбұрыштар.

Тірек сөздер екі;

қосу;

азайту;

тең.

Сабақтың мақсаты:  

2 санының сандар қатарындағы орнын, оның мағынасы мен құрамын түсіндіру, 2 цифрының жа-зылуын үйрету, “+”, “–”, “=” таңбаларымен және оны қолдануымен таныстыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар  

Сабаққа қатысты ескертпелер

 

2 саны — сандар қатарында 1 санынан кейін тұрады. Сабақ барысында тәжірибе арқылы көрсете отырып, 2 санын алумен және оның құрамымен таныстыру керек. Сонымен қатар “+”, “–”, “=” таң-баларын енгізу. 2 санын алу үшін 1 санына бірді қосамыз. Оны мынадай өрнек түрінде жазуға болады: 1 + 1 = 2. Егер екіден бірді азайтсақ, онда бірді аламыз: 2 – 1 = 1. Сандық сәуледе екі саны бір санынан оңға қарай орналасатынына көңіл аудартыңыз. Сонымен бірге 2 цифрын көркемдеп дұрыс жаза білуге үйрету. Сабақта жұп заттар ұғы-мын енгізіп түсіндіру. Жұп сөзі екі бірдей затты (ал-малар жұбы) немесе қос затты білдіреді (мысалы, қолғап — жұп, ол екі сыңардан тұрады).

 

 

Сабақ өткен тақырыптарды қайталаудан бас-талады. Төмендегі ауызша жаттығуларды орын-датыңыз:

 

— 10 санына дейін кері және тура ретпен сана;

— 3-тен 9-ға дейін, 6-дан 2-ге дейін, 8-ден 4-ке дейін т.с.с. әртүрлі тәртіппен сана;

— Ең соңғы санды және қалып қойған сандарды ата мысалы, 3, …, …, …, 7, 5, …, …, …, 9 және т. б.

 

Оқушылардан натурал сандар туралы не білетінін сұраңыз. Санау қай саннан басталатынын, сол сан туралы не білетінін, натурал сандар қатары деген не екені туралы сұраңыз. Натурал сандар — санау кезінде қолданылатын сандар. Санау 1 санынан басталады. Натурал сандар қатарында сандар кішіден үлкеніне қарай ретімен тұрады. Оқушылар сұрақтың не туралы екенін түсінсе, олардан сөзін толық айтуды талап етпеуіңізге болады.

 

“Бұл сан 1 санынан үлкен және санау кезінде одан кейін тұрады (жауабы: 2 саны)”, — деген сияқты сөзіңіздің мазмұнына қарап, оқушылар сабақтың не жайында болатынын болжауы тиіс.

 

Тақтаға қағаздан қиылып жасалған бір жапырақ-ты жапсырыңыз. Оқушылардан тақтада неше жа-пырақ барын, ол 2 жапырақ болу үшін не істеу керектігін сұраңыз. Оқушылардан қолдарына бір-бір қарындаштан алуын өтініңіз. Қолдарында неше қарындаш барын және 2 санын қалай алуға болаты-нын сұраңыз.

 

Қатар бойынша сыныпты екі топқа бөліңіз және бірінші топқа қолдарына 1 қарындаш, ал екінші топтың оқушыларына 2 қарындаш алуларын өтініңіз. “Кім-нің қарындашы көп? Неге?” деп сұраңыз. Оқулық бойынша жұмысты жалғастырыңыз: оқушылардан сандық сәулеге қарауды сұраңыз. “1 санынан кейін қандай сан тұр? 2 санының алдында қандай сан тұр? 2 саны 1 санының алдында немесе артында тұр ма? 2 саны 1 санынан үлкен бе, кіші ме?” деген сұрақ-тар қойыңыз. Оқушыларға сіздің сөйлеміңізді аяқтау қажеттігін ескертіңіз: сан қатарының оң жағында тұрған сандар, сол жағында тұрған сандардан (үлкен). “2 санын натурал сан деп атауға бола ма? Неге?” деп сұраңыз.

 

Оқушыларға сыныптағы саны 2 болатын заттарды

табуды ұсыныңыз.

Суреттен бірдей екі затты тап. Оқушылардан заттар қатарына мұқият қарап, бірдей екі затты атауды сұраңыз. Өз байқағанымен бөлісу үшін жұмысты жұпқа бөліп ұйымдастырыңыз.

Жауабы:

 

2 кітап, 2 секіргіш, 2 гүл.

Көрнекілік материалдар жинағынан бір саңы-рауқұлақты алып тақтаға бекітіңіз. Оқушылардан “Тақтадан неше саңырауқұлақ көріп тұрсыңдар?” — деп сұраңыз. (Бір.) “Саңырауқұлақтың астына қай санды қоюға болады? (1) 1 цифры жазылған па-рақшаны саңырауқұлақтың астына орналастыр. Саңырауқұлақ екеу болу үшін не істеу керек? (Тағы да бір саңырауқұлақ қосу керек.) Тағы бір саңырауқұлақты қос және оның астына 1 цифры жазылған парақшаны орналастыр”. Оқушыларға бір санға екінші санды қосуды, математикада “+” белгісін қолданып көрсететінін және ол қосады деген мағынаны білдіретінін айтыңыз. Енді неше саңырауқұлақ болғанын сұраңыз. (2). “=” белгісі мен 2 цифрын парақшаға орналастырыңыз. Оқушыларға “тең” белгісі қанша болғанын көрсететінін айтыңыз. Алынған өрнекті оқытыңыз: 1 + 1 = 2. Оқушылардан оны оқуды сұраңыз. 2 – 1 = 1 өрнегі бойынша да осындай жұмыс жасаңыз.

Оқып шық. Оқушыларға суретті қарап, сюжет бойынша әңгіме құрастырып не болғанын айтып беруді ұсыныңыз. Содан кейін оларға өрнекті жұппен оқуды ұйымдастырыңыз. Олар алғашында біреуі оқиды да, екіншісі тыңдайды. Ал одан кейін керісінше. Тапсырма оқушылардың “+”, “–”, “=” белгілерінің мағынасын ұғу үшін жаттығуға

бағытталған.

 

Шығарып көр. Жоғарыдағы үш сурет бойынша сыныппен талдау жүргізіңіз. Оқушылардың біреуіне сұрақты оқытып, ал қалғандарына оған жауап беруді ұсыныңыз. Олардан өрнекті шешуді сұраңыз. Төменгі қатардағы сурет бойынша жұмысты топпен алдыңғы тапсырма сияқты орындатыңыз. Содан кейін оқушыларға осындай шешімі болатын өз мысалдарын ойлауды ұсыныңыз.

 

Жауабы:

 

1 + 1 = 2;

2 – 1 = 1.

 

Сана және салыстыр. Жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз. Оқушыларға заттардың санын солға және оңға қарай санатыңыз және қайсысы көп, ал қайсысы аз екенін салыстыртыңыз. Содан

 

кейін салыстыруға өрнекті оқуды сұраңыз. Орындап көр. Берілген жаттығуды топпен

орындатыңыз. Жауаптың барлық нұсқаларын тыңдаңыз. Оқушылар суреттегі балаларды неше рет топқа бөлді? Әр бөлу кезінде неше топ жасауға болады?

 

Жауабы:

 

ұлдар мен қыздар тобы;

қолдарында қағазқапшығы бар топ пен қағазқапшығы жоқ топ;

 

қара шаштылар тобы мен сары шаштылар тобы.

 

 

 

     Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

 

Қосымша тапсырмалар

 

Ауызша жұмыс кезінде санауды жүргізіңіз; “сан”, “цифр”, “плюс”, “минус”, “тең” сөздерінің дұрыс қолданылуын қадағалаңыз.

Оқушылармен “Екі” ойынын ұйымдастырыңыз. Тақтаға екі оқушыны шақырыңыз. Олар кезек-кезек заттарды атайды, жұп затты атаған кезде, қалған оқушылар қолдарын тез көтеріп, жұп заттардың атауын айтады.

 

Екі алманың суретін сал. Тапсырма 2 цифрын 2 санымен сәйкестендіре білу дағдысын қалып-тастырады. Саны 2 болатын заттарды бейнелеп көрсете білуге үйретеді. Суреттен 2 цифрын тап және оны бастырып сыз. Тапсырма зейінді дамытуға бағытталған. Аққудың суретінен 2 цифрының сұлбасын тауып,

бояуы қажет.

Бірдей екі затты боя. Тапсырма “жұп” деген ұғымды түсіне білуге және мұқияттылықты дамытуға бағытталған.

Жауабы:

пештің екі мұржасы, екі есік, екі басқыш, екі суқұбыр, гүл салынған екі құмыра, екі мысық.

Үлгіге қарап жаз. 2 цифрының жазбаша үлгісі көрсетілген. Алдымен оқушылар цифрдың қандай элементтерден тұратынын анықтауы қажет, оның жазылу техникасын білу керек. Балалар 2 цифрының элементтерімен танысып, жазуды үйренеді. Соңында өздері жазған ең әдемі цифрдың астын сызуы тиіс. Келесі жол өз беттерінше жазуға арналған.

Берілген сан нешені көрсетіп тұрса, торкөзге сонша фигура сал. Оқушылар дәптерде берілген

үлгіні талдай отырып, көрсетілген санға сәйкес фигуралардың жетіспей тұрған санын салып, қатарды толықтыруы керек.

Фигураларды сана және салыстыр. Оқушылар-ға фигураларды солға және оңға санауды және салыс-тыру таңбаларын қоюды; төменгі жағына сол жақтағы және оң жақтағы фигуралар санын жазуды және олар-

дың арасына салыстыру таңбасын қоюды ұсыныңыз.

Түсіп қалған белгілерді қой. Оқушылармен өткен белгілерді қайталаңыз және тапсырманы өз беттерінше орындауды ұсыныңыз. Содан кейін оларға осы белгілерді не үшін қойғанын түсіндіруді сұраңыз.

Жауабы:

1 + 1 = 2;

2 – 1 = 1;

1 + 1 = 2.

Бағалау Оқушылар сабақтың соңында:

сандық сәуледегі 2 санының орнын табуды;

 

2 цифрымен белгіленетін заттардың санын анықтауды;

жұп заттарды табуды;

2 цифрын жазуды меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін

 

білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз:

 

— Сандық сәуледегі 2 санының орны туралы не айта аласың?

— 2 санын қалай алуға болады?

— “+”, “–”, “=” белгілері нені көрсетеді? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік

 

баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз.