Сан есім

Тақырыбы: Сан есім.

Мақсаты: Сан есімнің  түрлерін қайталай отырып, сан есімнің түрлерін ажырата алу мақсатында  қосымша жұмыстар

жасау арқылы  ойлау қабілеттерін жетілдіру. Танымдық қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үлестірмелер, көңілді сандар, бейнежазба, ВЭНН диаграммасы.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік. Жүгірме диктант.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбын оқушылардың өздеріне ашқызу мақсатында

топтар алдына заттар беріледі. Мағынасын ашып, өз ойларын ортаға салады.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Кубизм»  әдісі арқылы сұрақтарға жауап алу.

ІҮ. Білімдерін тексеру:

Көркем жазу

Дәптерімізді ашайық ,
Қолға қалам алайық .
Салақтықтан қашайық ,
Көркем етіп жазайық.
Тоғыз, тоқсан, төрт, тоғыз жүз тоқсан төрт.

  1. Сабақ тақырыбын ашу мақсатында адам бейнесі көрсетіледі.

— түсінгендерін ортаға салады.

— сабақ тақырыбын ашады. 1. Сан есімнің қай түріне жатады? ( есептік) 2. Осы сандарды реттік

сан есімдерге қалай айналдыруға болады?

— ережені айтады.

Ү. Бекіту:

1.Қосымша тапсырма.  «Мақал- мәтел сайысы» Топпен жұмыс.  Топтар бір- біріне сұрақ қойып, жауабын

міндетті түрде мақал- мәтелмен берілуі керек.

Мысалы, 1-топ: — Ер неше рет өледі, қорқақ неше рет өледі.  ( Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.)

2-топ:   -Жігітке неше өнер аз?  (Жігітке жеті өнер аз)

3-топ:    -Неше сомың болғанша, неше досың болсың?  (Жүз теңген болғанша, жүз досың болсың)

4-топ:  —  Неше атасын білмеген жетесіз? ( Жеті атасын білмеген жетесіз)

Осы жерде қай сан қасиетті санға жатады?  ( жеті )

Жеті санына дыбыстық талдау жасайық.

-Жеті – 4 әріп, 4 дыбыс,2 буын, же- ашық буын, ті- ашық буын, 2-д/ты,2 д/з, жіңішке сөз.

  1. Қосымша тапсырма. Сең білесіңбе? айдары. «Жүгірме диктант.» Постер құрастырады.  ( топ жазушылары ортаға шығып,  жазған мәтіндерін оқып береді. )

Тапсырмасы:  Сан есімдерді тауып,  соңғы сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау.
1. Дронт – Жер бетінен жойылып кеткен құс.  2. Олардың  үш  түрі болады.  3. Салмағы –  жиырма килограмм.   4. Олар ұша алмайтын.  5. Ұясына бір ғана жұмыртқа салатын.  6. Оны кезекпен қырық тоғыз күн басып отырған .

Сергіту сәті.

3-  Шығармашылық  тапсырма. « Көңілді шумақтар».  Топтар алдына көңілді шумақтар беріледі.

Тапсырмасы: 1. Санды сөзге айналдырып, өлең  шумағын құрап жазу.

2.Есептік сан есімді, реттік сан есімге айналдырып жаз.

3.Сөз құрамына талдау.

Мысалы, бір- бірінші, алты- алтыншы.
1-топ:

Же1 екен 1қазан: ———- Жебір екен бірқазан:
Кей1 жемді 1қазан ——— Кейбір жемді бірқазан

2-топ:

1 – ақ сәтте қойды жеп. — Бір – ақ сәтте қойды жеп
Кү1 етті, — Күбір етті,
3-топ:

«Тойдым», — деп. — ————«Тойдым», — деп.
Естіп 1 кез дү1ді, ———— Естіп бір кез дүбірді,

4-топ

6н  балдақ қол сәні,———— Алтын балдақ қол сәні,
Әшекей т10 сәні.—————— Әшекей тон сәні

4-тапсырма.  « Көңілді сандар» . Тақтаға сандар ілінеді. Сандарды атап, есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып, ұқсастықтары мен айрмашылықтарын ВЭНН диаграммасына салу.

Оқулықпен жұмыс.

448-жаттығу  жұмбақты оқып , жатқа жазу. Сөйлем мүшесіне талдау.

Тоғыз белбеу, қос жібек,

Екі мұрын, бір шүмек.

450 жаттығу. сан есім екенің дәлелде. Бұл – сан есім, өйткені заттың санын білдіреді, қанша? сұрағына жауап береді.

 

Қорытындылау. «Бағалау критерилерін» толтырып, топ ішіндегі оқушыларды бағалау.

«Тілек ағашы». Топтар бір- біріне тілектерін жазып ағашқа іледі. Екі жұлдыз, бір тілек.

 

ҮІ. Үйге тапсырма: 453-жаттығу. 160  бет . Бағалау.