Балалардың жазғы тамақтануы

 

Күн  жылынғаннан  кейін ата –аналар балалардың  селқос тамақтануын жиі байқайды, олардың  өздерінің сүйікті тамақтарын да  жеуге   зауқы болмайды.Бұл мезгілде олар сұйықтықты көп ішеді.Ата – аналарды да түсінуге болады – бала тамақты аз ішсе ,ол сөз жоқ салмақ қосуына кесел келтіреді  деп ойлайды.Бірақ дәрігерлер уайымдауға еш себеп жоқ  екенін айтады: өйткені жаз кезінде ауа – райының ыссы болуына байланысты зат алмасу процесі  төмендеп  бала ағзасына өте аз калория қажет болып, сонымен қатар сұйықтықтың және дәрумендер мен  минералдардың қажетті мөлшері түсіп отыруы қажет. Мамандар  бұл кезеңде  отбасы мүшелеріне  жеңіл әрі суытылған тағамға көшуді ұсынады.Жазғы ас мәзірі басқа жыл мезгілдерінің мәзірінен ерекшеленуі тиіс, өйткені жаз бен күздің бастапқы айлары  көкөніс пен жемістердің молшылық кезеңі. Ет және сүт өнімдерінен бас тартудың қажеті жоқ, тек оларды  тәуліктің ыстық басылған кезінде жеу керек.

 Күндізгі ас мәзірін құру.

Жаз мезгілінде баланың тамақтану принциптері сол күйінше қалады, тек бір ғана өзгеріс енгізуге болады.Таңертеңгі кезде сүтке емес, сүт пен судың қоспасына пісірілген ботқаны ұсынуға болады. Жазғы ботқаларға  күріш, қара құмық, сөк, сұлы жатады.  Ботқаны пісіріп болғаннан кейін оған  баланың жас ерекшелігіне сай жазғы жидектерді қосуға болады. Балаға  май жаққан нан, ал сусынға какао не сұйық шай беруге болады. Екінші  таңертеңгілік мәзірге  балғын жемістер қосылған иогурт, сүзбе,биолакт немесе бөлки мен компот беруге кеңес береміз.Түскі асқа  ішіне кәді (кабачки), қызанақ, орамжапырақ немесе  бұршақ қосылған майсыз еттен дайындалған сорпа беріледі.Көкөніс салаттарын қосып беруге болады.Көп жағдайларда балалар екінші тағамды жеуден бас тартады, баланы күштеп тамақтандыруға болмайды. Оны салатпен алмастыруға болады, біріншіден ол жеңіл тамақ, екіншіден дәрумен мен және басқа да пайдалы заттарға  бай .Сұйық тағам ретінде кисель, жидектер,жемістерді ұсынуға болады. Бесін мәзіріне жидек не жеміс қосылған айран беріледі.Одан басқа сүзбеден жасалған тағамдар да беруге  болады: запеканка, сырник, құймақ  немесе  бір стакан сүт пен печенье.Кешкі асқа жеңіл тағамдар беріледі:  мысалы  жаншылған картоп пен буға піскен котлета, көкөніс запенканкасы.

Құнарлы элементтерге  мұқтаждық.

Балалар жазда тез өсіп кетеді, «көз алдыңда бойшаң болады».Осыған байланысты  баланың толыққанды  дамуы  үшін балаға негізгі құрылыс материалы – нәруыз (белок)  түсіп тұруы  тиіс, ал көмірсулар мен майлардың мөлшерін азайту қажет. Нәруызды азық – түліктер  сүймейтін тағамның тізіміне  жиі еніп кетеді: олар не өте ыстық болады, не оны әбден шайнап жеу керек болады, бірақ оларды ас мәзірінен шығарып тастауға мүлдем болмайды. Ата – ананың бірінші міндеті – осы нәруыздарды баланың ағзасына қалай жеткізуді  мұқият ойластыру. Жаз мезгіліндегі нәруыздың ең қолайлы көзі — сүзбе қосылған сүт коктейльдері болып есептеледі. Өздері қолдан қызанақ пен ірімшік  бөлігін  құс етімен қосып, гамбургер  жасап беруге болады. Бала ағзасының майларға сұранысы сол күйінше қалады, тек жаз мезгілінде көбіне  өсімдік  тектес майларға көп көңіл бөлген дұрыс. Сонымен қатар баланың ас мәзірінде  зығыр, зәйтүн, жүгері және күнбағыс майы қосылған салаттар  болуы тиіс. Мәзірде көмірсулардың жеткілікті мөлшері болуы  керектігін  уайымдамаса да болады : мұндай құнарлы заттар өсімдік және жануар тектес азық – түліктің құрамында жеткілікті мөлшерде болады. Және қандай ыстық болса да бала тәттілер мен жемістерден ешқашанда бас тартпайды.

Дәрумендер.

Жаз кезінде дәрумендердің  қолдануы мен шығыны көбееді.Мысалы ,С дәруменінің түсуі мен шығыны тең болады, сондықтан ата – аналардың міндеті – бұл дәруменнің қорының толығып тұруын үнемі назарында ұстаулары тиіс.Сонымен қатар Д және В тобының ,басқа да дәрумендер де қажет.Осы себептерге байланысты баланың мәзірінде әрдайым  дәруменді тағамдар – салаттар, балғын жемістер мен көкөністер болуы керек. Салаттарға аздап пияз бен сарымсақты қосуға болады, олар  баланың тәбетін ашып қана қоймай, асқазан сөлінің бөлінуіне әсер етеді. Көк шөптерді  қосса- тіпті керемет болады! Шөптің кез- келген түрі дәрумендерге бай болумен қатар, баланың тәбетін ашады.

Баланың  жазғы  тамақтану  тәртібі.

Жаз  мезгілінде  жұқпалы  ішек  ауруларының  туу  қаупі жоғарылайды. Сондықтан ата –аналар  оны болдырмас үшін балаларды  қауіпсіздендіру тәртібін сақтаулары тиіс.

-Тамақты дайындау кезінде гигиеналық шараларды  қатаң сақтаулары тиіс. Барлық азық – түліктер ағын судың астында жуылып, тағамды кесіп дайындайтын  тақтайшалар арнаулы жуғыш құралдармен  жуылып, кептірілуі керек.

-Шикі көкөністер мен жемістер ыссы ағын су астында жуылып, әрбір көкөніс пен жеміс мұқият қаралуы тиіс.Азық – түліктерді жуатын судың  сапасы үнемі назарда болуы керек.

-Бала сапалы су ішуі керек, ең жақсысы құтыдағы суды пайдалану қажет.

-Салаттар мен сусындар дәл тамақты ішетін кезде дайындалып, тауысып жегізілуі тиіс.

-Сүт, сүзбе, иогурттар мен айран тоңазытқышта сақталып, ашылғаннан кейін тауысып  жеп немесе ішіп қойған дұрыс болады.

-Базардан  алынған сүтті міндетті түрде қайнату қажет.

-Жұмыртқаны қабығымен  пісіріп береді.

-Кез – келген азық – түлікті сатып алғанда шығарылған мерзімі мен  сақталу тәртібін мұқият қарап алған жөн.Тіпті мерзімі дұрыс болғанның өзінде , ашқаннан кейін балаға берместен бұрын  ересек  адам дәмін татып қарауы керек. Тек осы тәртіптерді сақтаған кезде ғана ішек ауруларын толықтай болдырмау мүмкіндігі туады.